Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет65/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   206
 
Ж 
 
ЖАЗ – жылдың тӛрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары ӛз 
орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі 
теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. Астрономиялық 
тұрғыдан жаз 93 күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте, Жер 
шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз 
айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне 
жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн 
ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап ӛседі, ауыл 
шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт 


жүргізіледі. Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа 
райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік 
облыстарда қоңыржай жылы болып келеді. Бұл жайт 
шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, кӛктем 
мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді. 
Алайда ауа райы бойыншаҚазақстанның оңтүстік облыстарының 
жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем 
болып отырады. Жаз әр аумақтағы ауа температурасы едәуір 
жоғары болатын жыл уақыты, климат маусымы. Астроиомиялық 
ұғым бойынша жазғыКүн тоқырауынан күзгі күн мен түннің 
теңесуіне (Солтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке 
дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 
наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы; Солтүстік жарты шарда -
 маусым, шілде, тамызды, Оңтүстік жарты шарда - желтоқсан
 каңтар, ақпанды жазғы айлар деп атайды. Жаздың ұзақтығы 
климаттық және фенологиялық маусым ретінде тӛменгі 
ендіктерден жоғары ендіктерге қарай қысқарады. Экваторлық 
белдеуде Жаз үздіксіз жыл бойына созылады. Субтропиктік 
белдеулерде Жаз 5 айға, қоңыржай белдеулерде 3 айға созылады, 
полюстік ендіктерде 1—2 айдан аспайды. 
 
ЖАЗЫҚ — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің 
үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы. Мұнда кӛршілес 
орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы ӛте аз болады. Жазық 
ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның кӛпшілігі бір 
жағына қарай сәл еңістеу келеді. Жазық— салыстырмалы биіктігі 
бірдей және геол. құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер 
шары бедерінің басты бӛліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит 
пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі 
биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс. 
биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен тӛмен жататын), 
ойпатты (абс. биікт. 200 м-ге дейін), қыратты (абс. биікт. 200-ден 
500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абс. биікт. 500 м-ден жоғары) 
болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс, 
дӛңес Ж. деп бӛледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-
қырлы, жонды-тӛбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай 
Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық 
түрлері бар. Бастапқы Ж. теңіз суының қайтуы нәтижесінде 
құрлықта пайда болады (мыс., Каспий ойпаты ежелгі теңіз 


шӛгінділерінен түзілген). Аккумуляттік Ж. жер бетінің тӛмен 
түскен тұстарына аллювийлік, кӛлдік, желдік, флювиогляциялық, 
т.б. борпылдақ жыныстар қат-қабатының ұзақ уақыт қорлануынан 
құралады. Жанартаулық Ж. базальтті лавалардың жойылуы 
нәтижесінде бұрынғы кедір-бұдырлардың тегістелуінен пайда 
болады. Денудациялық Ж. тау жыныстарының үгітіліп немесе су 
эрозиясына шалынып тегістелуінен құралады. Денудациялық Ж-
тарда бұрынғы таулардың жұрнақтары жиі кездеседі (мыс., ұсақ 
шоқылы Сарыарқа жазығы). Ж. құрлықтардың 15 — 20%-ін алып 
жатыр. Жер бетіндегі ірі Ж-тар — Амазона, Шығ. Еуропа, Бат. 
Сібір және ӛлы Қытай жазығы. Олардың әрқайсысының аумақтары 
бірнеше млн. км2-ді құрайды. Жазық пайда болуы жӛнінде 
мынадай түрлерге бӛлінеді: 
1. байырғы немесе бастапқы; 
2. аккумулятивті немесе үйінді: 
1. аллювиалды 
2. кӛлдік — тӛмен түскен кӛлдің орнында 
3. желдік — желдің үрлеуінен; 
3. флювиогляциальдық 
(мұздық-ӛзендік), 
кӛбінесе 
мұздың 
ӛзендердің ысырынды конусынан пайда болады 
4. вулкандық (лавалық) үстірт 
5. қалдық жазық. 
Қазақстандағы ірі жазықтар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Тұран. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет