Максвелл электрмагниттік теорияға сүйене отырып, жарық
қысымының шамасын анықтады. 1899 ж. орыс физигі Петр Лебедев
жарықтың қатты денелерге, кейінірек газдарға (1907 – 10) түсіретін
қысымын ӛлшеді. Жарық қысымын жарықтың электрмагниттік
теориясы мен кванттық теориясы негізінде түсіндіруге болады.
Жарық қысымы әсерінен Жердің жасанды серіктерінің орбиталары
аз да болса толықсиды.
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУЫ – екі ортаның шекаралық қабатына
түскен сәуленің екінші ортаға ӛткен бӛлігінің бастапқы бағыттан
ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады:
1. түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бӛлетін шекаралық
бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен
сәуле мен сынған сәуле ӛзара қайтымды болады;
2. түсу бұрышы синусының (
α) сыну бұрышы синусына (
φ)
қатынасы тұрақты шама болады: мұндағы
n – ортаның сыну
кӛрсеткіші. Берілген заттың вакууммен салыстырғандағы сыну
кӛрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну кӛрсеткіші деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: