зимаза ферментінің әсерімен а. ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады
ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді.
Қолданылуы
Қолданылуы
Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде;хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органик. өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде; мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады. Өндірілетін этилдің көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін жұмсалады.
Денеге түскен этил спирті бас ми қабығына әсер етеді. Мұнда адам алькоголдық қозуға орай мас болады. Алкоголь әсерінен қозу процесі тежеу процесінен басым болып шығады.
Көп мөлшерде этанолды әрі жұлын, әрі сопақ ми қызметіне қысым жасап , терең наркоздық күйге алып келеді.
Өлім тыныс орталығының жансыздауы нәтижесінде пайда болады .