Мәтін бойынша тест



Дата28.05.2022
өлшемі13,83 Kb.
#35850
Байланысты:
Бюджет мәтін


Отбасылық бюджет қалай басқарылады? Отбасы бюджетін қалай тиімді етуге болады? Бүгінгі күні адамдардың көпшілігінің алатын жалақыларынан шығындары көбірек болып жатады. Мұндай жағдай болмас үшін отбасылық бюджетті жоспарлап үйрену қажет. Бюджеттің мынадай түрлері бар: бірлескен, бірлескен жеке және жеке бюджет.
Отбасылық бюджеттің ең кең тараған түрі – бірлескен бюджет. Әдетте отбасылық бюджеттің бұл түрінде әке-шешелеріңнің табыстары тең болмайды. Тек әкелерің ғана жұмыс істеп, аналарың үй шаруасымен айналысады. Мұндайда әке-шешелерің қолда бар ақшаны қалай жұмсау керектігін бірігіп шешеді және келешек шығындарды талқылап, бюджетті бірлесіп жоспарлайды. Жеке бюджет түрінде ата-аналарың керісінше бюджеттерін дербес түрде құрастырады. Бюджеттің бірлескен жеке түрінде әке-шешелерің үй шығындарын бірге көтереді, бірақ одан қалған ақшаларын әркім өз қажеттілігіне жұмсайды. «Бюджет» сөзі тікелей аударғанда «әмиян» деген сөзді білдіреді. Тұрмыстық деңгейде бұл сөз ақша шығындары мен кірістерін есепке алуды білдіреді. Біріншіден, отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтастыра білу қажет. Олар: қажеттішығындар мен уақытша шығындар. Қажетті шығындарға: тамақтану, коммуналдық қызметтер, көлік, балаларды оқыту жатады. Уақытша сипаттағы шығынға жоспарлы (аяқкиім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, т.б.) және жоспарланбаған шығындар жатқызылады.

Мәтін бойынша тест


1.«Бюджет» деген сөздің аудармасы қандай?
а) Тұтынушы в) табыс с) үнемдеу д) шығын е) әмиян
2. Бюджеттің неше түрі бар?
а) 2 в) 6 с) 3 д) 4 е) 5
3. Отбасылық бюджеттің ең көп тараған түрі қандай?
а) бірлескен бюджет в) бірлескен жеке бюджет е) отбасылық бюджет
д) жеке бюджет с) дербес бюджет
4. Қажетті шығындарға не жатады?
а) сыйлық алу в) киім тіктіру с) коммуналдық төлемдер
д) демалуға бару е) жиһаз сатып алу
5. Уақытша шығындарға не жатады?
а) аяқ киім жөндеу в) азық-түлік алу с) суық суға төлеу
д) телефонға төлеу е) бала оқыту
6. «Отбасы» сөзінің синонимін тап
а) әулет в) ұжым с) жанұя д) семья е) қара шаңырақ
7. Мәтін мағынасына сәйкес келетін мақалды тап.
а) Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.
в) Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.
с) Базары жақын байымас.
д) Шашу оңай, жинау қиын.
е) Еңбекпен тапқан нан тәтті.
8. «Кең» сөзінің антонимін тап.
а) үлкен в) тар с) байтақ д) орасан е) тура
9. Омоним болатын сөзді тап.
а) отбасы в) әке-шеше с) тең д) шығын е) келешек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет