8 том - ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
"Қазақ әдебиеті тарихының" 8-томы кеңес дәуірінің екінші кезеңіне арналған. Онда ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет дамуының жолдары талданады. Сонымен бірге аталған кезеңдегі әдеби процесте жетекші рөл атқарған ақын-жазушылардың (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин) шығармашылық жолына баға беріледі. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір күрделі кезеңі саналған бұл дәуірдегі әдеби ағымдар мен туындыларды жаңаша бағалауға ұмтылыс жасалды. Томға сол дәуірдегі әдеби өмір шежіресі мен библиографиялық көрсеткіш берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |