Мәтін мазмұнына жоспар 6.1.Мәтін мазмұнына жоспар жасау. 6.2.Мәтінге байланысты шығармашылық жұмыс.
6.3.Мәтінді талдау арқылы оқушыларға тәрбие беру.
Мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастырудың жолдары Мақсаты:мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Оқыту барысында күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет. Мәтінге қойылатын талаптар: Тәрбиелік мәні бар; Оқушылардың дүниетанымын кеңейтетіндей; Мәтін мазмұны нақты, түсінікті, оқушылардың жас ерекшелігіне сай; Жеңілден қиынға қағидасы сақталуы керек. Мәтін бес түрлі қызмет атқарады. 1.Мәтін оқушыға білім береді. 2.Мәтін – оқуға үйрету құралы. 3.Мәтін оқушының ойын дамытады. 4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді. 5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды. Өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз. Сондықтан оқытуда мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Мәтінмен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады. Мәтінмен жұмыс жасау кезеңдері: 1.Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс; 2.Мәтінмен жұмыс кезеңі; 3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең. Осы кезеңдерде жасалатын жұмыс түрлеріне тоқтала кететін болсақ: 1.Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бірбірімен байланысу тәсілдері және т.б.) меңгерту. 2.Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы талданады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады. 3.Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру, сыни тұрғысынан талдау жасату. Мәтінмен жұмыста мұғалім ескеретін жайлар: • Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алу. Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады. • Жылдам қорытынды жасауға мәжбүр етпеу. Пікірталасты бірден өзіңіз бастамай, оқушылардың белгілі бір көзқарастарының қалыптасуына сенім артып, олардың ойларын, пікірлерін, сіз күтпеген ақылды ойларын таңдаған дұрыс. Олай болуы әбден мүмкін. • Өзіңнің жеке ойыңды айтпау. Егер біз «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сияқты пікірталастарға өз ойымызды қосатын болсақ, онда сұрақтың мәні жоғалады. • Талқылауды мәтінге жақын ұстау. Егер сұрақ нақты болмаса, мәтінге қатыссыз, байланыссыз болса, онда оқушылар мәтіннің тақырыбынан тез ауытқып кетеді (мәтіннен басқаға көңіл бөлмеу). Мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары: Топпен жұмыс 1-тапсырма Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс: Төмендегі суретке ат қой, сол атау бойынша «Еркін жазба» әдісі бойынша өз ойыңды жаз. Өтілетін тақырыбымызды болжа Әңгіме Екі дос Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды" деп жазып қояды. Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды" деп тасқа қашап жазады. Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?" деп сұрайды. Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен. 2-тапсырма: Берілген мәтінді мазмұнына сай орналастырып, атауын тауып қойыңыз. 1-топ Талаптың пайдасы Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала-екеш балаға да көзін салып тұрған екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады: — Неғылып тұрсың? — Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім. — Оны неғылмақсың? — Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім. — Қане, көрсетші сызғаныңды? Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет» дегенде, қысылайын депті. Сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған. Мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастырудың жолдары
Мақсаты:мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың
ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін
дамыту, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Оқыту барысында күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі –
сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату –
тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте
үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді.
Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек.
Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың
дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын
болмайтындай болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет.
Мәтінге қойылатын талаптар:
Тәрбиелік мәні бар;
Оқушылардың дүниетанымын кеңейтетіндей;
Мәтін мазмұны нақты, түсінікті, оқушылардың жас ерекшелігіне сай;
Жеңілден қиынға қағидасы сақталуы керек.
Мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
Өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз.
Сондықтан оқытуда мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Мәтінмен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады.
Мәтінмен жұмыс жасау кезеңдері:
1.Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
2.Мәтінмен жұмыс кезеңі;
3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Осы кезеңдерде жасалатын жұмыс түрлеріне тоқтала кететін болсақ:
1.Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс
түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін
мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам
элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бірбірімен байланысу тәсілдері және т.б.) меңгерту.
2.Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен
құрылымы талданады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге
машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс
кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін
бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту,
негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық
түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді
түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті
болады деген ой туады.
3.Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық
сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар,
сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру,
мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын
құрылған жоспар бойынша айтып беру, сыни тұрғысынан талдау жасату.
Мәтінмен жұмыста мұғалім ескеретін жайлар:
• Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алу.
Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға
мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын,
түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы
ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар
мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.
• Жылдам қорытынды жасауға мәжбүр етпеу.
Пікірталасты бірден өзіңіз бастамай, оқушылардың белгілі бір
көзқарастарының қалыптасуына сенім артып, олардың ойларын, пікірлерін,
сіз күтпеген ақылды ойларын таңдаған дұрыс. Олай болуы әбден мүмкін.
• Өзіңнің жеке ойыңды айтпау.
Егер біз «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сияқты пікірталастарға өз ойымызды
қосатын болсақ, онда сұрақтың мәні жоғалады.
• Талқылауды мәтінге жақын ұстау.
Егер сұрақ нақты болмаса, мәтінге қатыссыз, байланыссыз болса, онда
оқушылар мәтіннің тақырыбынан тез ауытқып кетеді (мәтіннен басқаға көңіл
бөлмеу).
Мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары:
Топпен жұмыс
1-тапсырма
Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс:
Төмендегі суретке ат қой, сол атау бойынша «Еркін жазба» әдісі бойынша өз
ойыңды жаз. Өтілетін тақырыбымызды болжа
Әңгіме
Екі дос
Екі дос шөл далада келе жатыпты. Бір кезде екеуі сөзге келіп қалады
да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын
сезсе де, үндемей, құмға: "Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды" деп
жазып қояды.
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар
екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде досынан таяқ жеген
жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға арқалап алып
шығады.
Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды" деп тасқа
қашап жазады. Алдымен бетінен ұрып, кейін досын құтқарған жігіт одан:
"Сені ренжіткен кезімде құмға жазып едің, енді тасқа қашап жаздың, не
үшін?" деп сұрайды.
Сонда досы: "Біреу бізді ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға
жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел
шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті құмға, қуанышты тасқа жазып
үйрен", - деп жауап берген екен.
2-тапсырма:
Берілген мәтінді мазмұнына сай орналастырып, атауын тауып қойыңыз.
1-топ
Талаптың пайдасы
Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде
тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен
қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен
кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала-екеш балаға да көзін
салып тұрған екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол
беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады. Бала қолындағы
сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай
қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:
— Неғылып тұрсың?
— Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.
— Оны неғылмақсың?
— Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып
алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.
— Қане, көрсетші сызғаныңды?
Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет»
дегенде, қысылайын депті. Сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның
қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған
сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге
ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп,
ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген
суретші болған.