Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз: А). Азамат соғысы
В). І дүниежүзілік соғыс
С). Кеңес-фин соғысы
D). 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс
Е). Ұлы Отан соғысы
9. Ақтөбеде салынып жатқан ферроқорытпалар зауыты Запорожье ферроқорытпалар зауытының құрал жабдықтарын алды, көмірлі Қарағанды өзінің техникалық кешенін донецкілік Пархоменко атындағы шахтаның жабдықтарымен толықтырылды
Мәтінде сипатталған жағдайларды анықтайтын термин: А). Дислокация
В). Ратификация
С). Эвакуация
D). Депортация
Е). Транспорттация
10. «КСРО-да ядролық қаруды алғаш сынауға дайындықтың қарқынды жүргені соншалықты, ол 1949 жылы 6 шілдеде дайын болды.
1949 жылдың тамыз айы ыстық және құрғақ ауа райымен есте қалды. Алайда 28 тамызда ауа райы күрт өзгерді. Тығыз және төмен бұлт жарылыстан кейін ұшқыштарсыз басқарылатын ұшақтарды ұшыруға кедергі жасады. Ол ұшақтар радиоактивтілікті сынау үшін ұшырылатын. Бірақ синоптиктерден жақсы хабары болмады. Сынақ жүргізілуге тиіс «Ш» алаңында бас жаттығуды үш рет қайталанғаннан кейін, 1949 жылы 29 тамызда И. В. Курчатов жарылысты жасау жөнінде жазбаша бұрыққа қол қойды».
Құжатта сипатталған тарихи мәселе: А). Семей полигонында алғаш рет атом бомбасын сынау
В). Қазақ жерінен ядролық қаруларды әкету
С). Атомды бейбіт мақсатта қолдану үшін тәжірибе өткізу
D). КСРО ракеталарын сынақтан өткізу
Е). Қазақстан зымырандарын Қытай аумағына орналастыру
11. «...§1Орынбор шекара комиссиясы жанынан қырғыздардан 30 тәрбиеленушіге арналған мектеп ашылсын.
§2.. Мектепті ашудағы басты мақсат – қырғыздар арасында орыс тілі мен жазуын таратудан басқа, билеуші-сұлтандар мен дистанция бастықтарының жанынан ордада басқару жөніндегі хатшылар комитетіне лайықты адамдарды және басқа да тек қырғыздар тағайындалатын орындарға қызметкерлер даярлау болып табылады.
§3. Мектеп тікелей шекара комиссиясының басқаруында болады, оның жұмысын тікелей бақылау төрағаның жолдасына, ал ондай қызмет жоқ болса, не ол ұзақ уақыт орнында болмайтын жағдайда, төрағаның қалауы бойынша және Орынбор әскери губернаторының бекітуімен комиссия кеңесшілерінің біреуіне жүктеледі.
§4. Мектепте мыналар жұмыс істейді: бақлаушысы (мектеп орналасқан үйде тұратын) орыс тілі, таза жазу және есеп мұғалімі, татар тілінің мұғалімі мен мұсылман дінінің үйретушісі.
§5. Жоғарыда аталған қызметкерлерді тағайындау және жұмыстан шығару тәртібі Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеде белгіленген.
§6. Мектепте бақылаушы және мұғалім қызметтерін орындау нағыз қызмет болып табылады.
§7. Бақылаушыға мектепті тікелей басқару және шәкірттерді бақлау тапсырылады. Бұл қызметті атқаруға қажетті адамгершілік және басқа да қасиеттері бар отставкадағы офицерлер немесе азаматтық қызметтегі шенеуніктер таңдалынады
§12. Мектепке тек қырғыздар қабылданады және үкіметке жәрдемдескен немесе оған өздерінің айрықша берілгендігімен көзге түскен ата-аналардың балалары бірінші кезекте түседі...»