Мәтінде сипатталған доктрина бойынша Грекия мен Түркияға берілуге тиіс көмекті анықтаңыз: А). қаражат және экономика
В). мәдени және әкімшілік
С). рухани және әкімшілік
D). әкімшілік және азаматтық
Е). мәдени және сауда саттық
18. «Варна немесе каста туралы»
І.31. Әлемнің гүлденуі үшін Брахма өзінің аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан брахманды, кшатрийді, вайшиді және шудраны жаратты.
І. 87. Бұл ілемді сақтау үшін ол, Брахма аузынан, қолынан, жамбасынан және табанынан жаратылғандар үшін ерекше кәсіптер белгіледі.
Х.96. Кімде-кім төмен болып туғанына қарамастан, қомағайлықпен жоғарыдағылардың кәсібімен күн көретін болса, патша оны мүлкінен айырып, дереу елден қусын.
Х.79. Өмір сүру үшін... –семсер мен садақ асынып жүру,... саудамен, мал бағумен, егіншілікпен айналысу жазылған. Олардың міндеті-сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу
Мәтінен кшатрийдің міндетін анықтаңыз: А). Семсер мен садақ асынып жүру
В). Мал бағумен, егіншілікпен айналысу
С). Дінді уағыздаумен
D). Сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу
Е). Саудамен, мал бағумен
19. «1. Сейм Юзеф Пилсудскийдің Сейм алдында мемлекеттің басшысы міндеттерін тапсыратындығы туралы мәлімдемесін қабылдайды және оған Отанға қызмет ету жөніндегі міндеттерін орындағаны үшін алғыс айтады.
ІІ. Поляк мемлекетіндегі жоғары билікті ұйымдастыру ережелерін түпкілікті анықтайтын конституцияның мәтіні заң жүзінде қабылдағанша, Сейм Юзеф Пилсудскийге қызметін төменгі принциптерге сәйкес атқара беруді тапсырады.
2. Мемлекет басшысы мемлекет өкілі және Сеймнің азаматтық, әскери шешімдерін жоғары орындаушы болып табылады.
3. Мемлекет басышысы Сейммен келісім негізінде толық құрамда үкімет құрады.
4. Мемлекет басшысы мен үкімет өз қызметтері үшін Сейм алдында жауапты».
Мәтінде сипатталған баптар негізінде сол уақыттағы Польша мемлекетінің басқару нысанын көрсетіңіз: А). Парламенттік
В). Монархиялық
С). Теократиялық
D). Президенттік
Е). Диктаторлық
20. Бүгінгі таңда халық-азаттық соғысы, негізінен, жеңіске жетті, еліміздің халқының басым көпшілігі азат етілді. Осының негізінде Қытайдың халықтық саяси консультативтік конференциясы шақырылған болатын. Оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен топтардың, шетелдерде тұратын қытайлықтардың және бүкіл еліміздің патриоттық демократиялық элементтердің делегаттары қатысты. Бүкіл ел халқының еркін білдіре отырып, Қытайдың халықтық саяси консультативтік конференциясы Қытай Халық Республикасының Орталық Халық үкіметінің негізгі заңын бекітті. Қытай Халық Республикасын жариялады, Пекин Қытай Халық Республикасының астанасы болады деп шешім қабылдады...