Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде қай тарихи тұлға жөнінде айтылғанын анықтаңыз



бет7/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде қай тарихи тұлға жөнінде айтылғанын анықтаңыз:
А). С. Датұлы
В). И. Тайманұлы
С). М. Өтемісұлы
D). К. Қасымұлы
Е). А. Әбілғазыұлы
5. Мәтінде сипатталған халықаралық ұйымды анықтаңыз.
«1996 жылы 26 сәуірде бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісімшартқа» қол қойып, негізін қалады, бұл әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы байланыстарға ұмтылатын ұйым болып табылады»:
А). ШЫҰ
В). ЕурАзЭҚ
С). ҰҚШҰ
D). ТМД
Е). АӨСШК
6. «1916 жылы қыркүйекте Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті».
Мәтінде сипатталған Амангелді сардарбек болған көтерілістің ірі орталығы болған жер
А). Созақ
В). Торғай
С). Қарқара
D). Басқамыр
Е). Аяққамыр
7. Мәтінге тиісті жылды қойыңыз:
«Біздің мақсатымыз - ________ жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру».
А). 2055 ж
В). 2030 ж
С). 2060 ж
D). 2050 ж
Е). 2040 ж
8. Мәтінде сипатталған сұлтанды анықтаңыз.
«1509-1510 жж. қарай Мұрындық хан болғанымен Жәнібектің ұлының ықпалы зор болды, хандықты басқаруымен бүкіл билік осы сұлтанның қолында еді. Хандыққа деген беделді адамдар арасындағы бәсекелестік құдіретті де жігерлі сұлтанның жеңісімен аяқталды»:
А). Жәңгір
В). Есім
С). Тәуке
D). Хақназар
Е). Қасым
9. А. Байтұрсынов «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданына қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайықты еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» деп жазған оқиға
А). Бай шауашылықтарын кәмпескелеу
В). 1916 жылғы патша жарлығы
С). Ұлы Отан соғысы
D). Ақпан төңкерісі
Е). Азамат соғысы
10. Мәтінде баяндалған тарихи тұлғаны анықтаңыз:
Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару жарағын асынып бір төмпешіктің үстіне қарай саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады. Зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті»
А). Кенесары
В). Жаңқожа
С). Исатай
D). Сырым
Е). Махамбет
11. «...Штабс-ротмистр Шоқан шыңғысұлы Уәлиханов атты әскер құрамында қызмет етті. Орта қырғыз-қайсақ ордасының сұлтандарынан шыққан, 1853-1856 жылдардағы соғысты еске алу құрметіне Владимир лентасыа тағылған мыс медальмен марапатталған. Сібір кадет корпусында тиісті ғылымдар курсын бітірген соң, офицер шені берілген. Қызметке Сібір кадет корпусын бітірген соң, он сегіз жасында корнет шенінде мың сегіз жүз елу үшінші жылы қараша айының сегізі күні кірісті. Атты әскер қатарына қабылданып, әскер бойынша берілген №245 бұйрыққа сәйкес Сібір белдеулік казак әскерінің 6-полкіне 1853 жылдың 6 желтоқсанында қызметке жіберілді... 1854 жылдың 12 қазанынан бастап, Жеке Сібір корпусының командирі, инфантерия генералы Гасфорттың қарамағына жіберілген. 1856 жылы қызметте ерекше көзге түскені үшін поручик шені берілген. 1860 жылы 7 сәуірде Қашқардың сипаттамасын түзгені үшін жоғары мархабатпен штабс-ротмистр шені беріліп, төртінші дәрежелі «Әулие Владимир» орденімен марапатталған... .»
Мәтінді оқып, Ш. Ш. Уәлихановтың өмір сүрген жылдарын еске анықтаңыз:
А). 1835-1865 жж.
В). 1845-1886 жж.
С). 1841-1889 жж.
D). 1845-1904 жж.
Е). 1835-1860 жж.
12. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:
Бұл қаланың ең өркендеп өскен кезеңі Қарахан әулеті билік жүргізген Х-ХІІ ғасырмен тұсттас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзінің зәулім үйлерімен, қыш төселген көшелерімен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, әлемге әйгілі болған. Қала ішінде су құбыры жүргізіледі, моншалар салынады. Бұлардың ішінде аса көрнектілері-ежелгі ________ рабадына (қолөнершілер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылатын Айша-бибі күмбездері. 1938 жылы археолог-ғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы-Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындарының бірі.
Байпақов К. Нұржанов А. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 156-159-б. Деректе суреттелген қала:
А). Талхиз
В). Суяб
С). Талғар
D). Баласағұн
Е). Тараз
13. Түріктердің өнеріне қатысты мәтінді оқып, не туралы айтылғанын анықтаңыз.
«Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді: біріншісі – салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер, екіншісінде тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлер бейнесі – түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнеленген»:
А). Көркем керамика
В). Жартастағы суреттер
С). Балбал тастар
D). Теракоталар
Е). Ұсақ пластика
14. «Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салатанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, қара үй (3 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат, ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты бірге көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе абылайша, күрке, кепе, итарқа, жапа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты отау дейді. Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді. 1. Төр – мұнда жүк жиналады, қонақ отырады. Бұл- киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерге отырмайды. 2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақты азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. 3. Оң жақ (кіргенде сол жақ) – онда балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім-кешек ілінеді. 4. От орны – қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Киіз үйдің негізі 3 бөліктен тұрады:

  1. Үйдің сүйегі (ағаштан тұратын бөліктері)

  2. Киіздері (ши де осыған кіреді)

  3. Бау-шулары (баулары мен басқұр арқандары)»

Кенжеахметұлы С., Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.
Алматы, 2010 ж., 186-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет