Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде Тайпиндердің бағдарламалық құжаттары жазылған Тайпиндер көтерілісі болған мемлекетті анықтаңыз



бет85/105
Дата23.05.2022
өлшемі338,16 Kb.
#35432
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтінде Тайпиндердің бағдарламалық құжаттары жазылған Тайпиндер көтерілісі болған мемлекетті анықтаңыз:
Жауабы: Қытай.
3.«Ресейдің батыс бөлігіннде ораласқан орыс армиясының жауынгерлері танк бөлімдерінің батыл қимылымен ішке тереңдеп ену нәтижесінде талқандалуы керек. Орыс аумағында соғысқа жарамды бөлімдердің шегінуіне кедергі жасау керек. Операцияның түпкі мақсаты-азиялық Ресейден Архангельск-Еділ жалпы шептері бойынша оқшаулану. Осылайша қажет болған жағдайда Ресейдің Оралдағы соңғы өнеркәсіпті облысы авиацияның көмегімен жойылады».
Мәтіннен соғыс бағытталған елді анықтаңыз:
Жауабы: КСРО.
4.«Ақ басты Гималай тауларының етегінде Кошала елі жатты. Ғасырлар бойы оны өздерін Күннің немелеріміз деп есептейтін тайпа мекендеді. Бұл тайпа патшасының Готама деп ат қойған тұңғышы дүниеге келді. Ұл дүниеге келген соң жетінші күні оның шешесі қайтыс болды. Әкесі барлық өмірін ұлына арнамақ болып шетті. Ол үйін ұлының жас жанын еш нәрсе жараламайтындай етіп, биік қабырғалармен қоршауды бұйырды. Қақпадан тек әдемі әрі жақсы киінген адамдарды ғана кіргізді. Жиырма тоғыз жыл өмір сүріп, үйленіп, әке болса да Готама қақпаның сыртына шықпады. Ол өзі сияқтиы барлық адамдар уайымсыз-қайғысыз өмір сүреді деп ойлады. Бірте-бірте ол сарай сыртындағы адамдардың өмірінің қиын да күрделі екенін біле бастады. Ол енді бұл қиындықтардың неге, неден, қалай болатынын түсінуге тырысты. Бірақ сарай ішінде жүріп қаншама ойланса да жауап таба алмады. Оның жауабын табу үшін өз көзімен көріп, құлағымен есту қажет деп шешті. Сөйтіп, ауылдан-ауылды, қаладан-қаланы аралап адамдар өмірін зерттеуге аттанды... Готама ауылдан-ауылға қыдыра жүріп Баранаси қалаасына келді. Мұнда брахманның бес баласына кездесті. Оларға өзінің жаңа ілімі бар екенін, соның арқасында ақыл-ойы мен өмірінің жарқырап, сәуленгенін айтады...»
Мәтінде берілген шығарманы анықтаңыз:
Жауабы: «Будда туралы аңыз».
5.«1868 жылда бастап жаңа үкімет Батыстың мәдениеті, ғылымы мен техникасын мақсатты түрде кеңінен енгізу саясатын жүргізе бастады. Бұл Жапонияда экономикалық және мәдени өмірдің жандануына ықпал етті. Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы елеулі табыстардың арқасында ел экономикасы алға жылжыды. Медицина, сейсмология, биология, ауыл шаруашылығы ғылымдарында елеулі жаңалықтар болды. Конфуцийлік шектеулер мен жасанды тұйықталудан бостандық алған гуманитарлық ғылымдар да қарқынды дамыды.
Шетелдік мәдениетпен қоян-қолтық араласу Жапония үшін жаңалық емес еді... Ал жаңа кезеңде ене бастаған Еуропа мәдениеті қалың бұқараның күнделікті өміріне өзгерістер әкелді. Бірақ ол дәстүрлі мәдени мұраларға кері әсерін тигізді. Мэйлзи төңкерісінен кейігі онжылдықта діни және эстетикалық көзқарастар, өнер саласында дәстүр бұзушылық күшейді және оның салдары ауыр болды.
1871 жылы Мэйдзи өкіметі Жапонияны орталықтандырылған жаңа мемлекетке айналдырып, оның негіздерін бекітуді мақсат еткен «буммэй кайка» (сауатты өркениет) саяси бағытын жариялағаннан бастап, жапон қоғамын еуропалық үлгіде жан-жақты түрлендіру басталды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет