Мәтінде көрсетілген Кеңес Республикаларының одағын анықтаңыз: А). Социалистік
В). Достастық
С). Федерациялық
D). Әскери-саяси
Е). Тәуелсіз мемлекеттер
3. VII ғасырдың аяғында Үндістан мен Ауғанстан ды арабтар жаулап алып, ислам дінін енгізді. Арабтардың жаулауы ХІІІ ғ. дейін созылды. 1206 ж. Кутб-уд-дин Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа мемлекет құрады.
Мәтінде көрсетілген Кутб-уд-дин Айбек құрған мемлекет атауын анықтаңыз: А). Гранада сұлтандығы
В). Кордова халифаты
С). Ақ Орда
Д). Алтын Орда
Е). Дели сұлтандығы
4. Телепин атты патша елдегі жағдайды реттеуді қолға алды. Ол егер патша өлсе, оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын. Ал егер балалары болмаса, ең үлкен күйеу баласы тақты иемденуге құқылы деген жарлық шығарды.
Мәтінде сипатталған Телепин патша болған мемлекетін анықтаңыз: А). Хетт патшалығы
В). Қытай
С). Македония
D). Нормандия
Е). Ғұн
5. «Бұл соғыстың бізге еріксіз әкеп таңылғаны жұрттың бәріне мәлім. 1918 жылдың басында біз бұрынғы соғысты бітірген едік, ал жаңа соғысты бастаған жоқпыз, сонда млн-даған ақшасын оңды-солды шашқан Антантаның көмегі арқасында ғана ақгвардияшылардан бастап, оңтүстікте, шығыста бізге қарсы аттанғанын жұрттың бәрі біледі...»
Мәтінде сипатталған соғысты анықтаңыз: А). Ұлы Отан соғысы
В). Бірінші дүниежүзілік соғыс
С). Азамат соғысы
D). Наполеонмен болған Отан соғысы
Е). Қытаймен соғыс
6. Жастүріктер бағдарламасы
«Біз қазіргі билеуші әулет тәртіп ұстап түруы үшін керек деп санаймыз, сондықтан да оны құлату үшін емес, прогресс түсінігін тарату, оның жеңіске жетуі үшін еңбек етеміз. Біздің ұранымыз – «Тәртіп пен прогресс», Біз қандай да бір провинция үшін емес, бүкіл империя үшін, бір ғана ұлт үшін емес, ол еврей болсын, христиан немесе мұсылман болсын, бүкіл оттамандықтар үшін реформа жүргізуді талап етеміз.
Біз өркениет жолын жақтаймыз, бірақ біз прогреске тек қана оттамандық элементтерді күшейту жолымен ғана жеткіміз келетінін айтамыз. Біз өзіміздің Шығыс өркениетінің идеяларын басшылыққа аламыз деп шештік, сондықтан да батыстан тек ғылыми дамуының жалпы жетістіктерін ғана алуға тиіспіз.
Еуропада фанатизмнен аулақ батыл адамдар бар, олар Шығыс пен Батысқа да бірдей жақсылық тілейді, біз солардың моральдық қолдау табамыз деп сенеміз. Бірақ біз шетелдік державалардың оттаманыдық билікке тікелей араласуына қарсы шығамыз. Бұл фанатизмнен емес, себебі біз үшін дін мәселесі-әркімнің жеке шаруасы, біз үшін бұл азаматтық және ұлттық ар-намыстан туған таңды сезім.»