Термин ежелден-ақ пайда болған ұғым екендігін Рим империясында шекараларды бөліп, қорғап тұратын қорғаушы ұғымында қолданылғандығын зерттеулерден аңғаруға болады. Терминдік сөздерді зерттеушілердің берліктей көбі төмендегідей ортақ пікірлерді алға қояды: термин – (ғылыми, техникалық, әскери, медициналық, географиялық, т.б) мамандық саласына

қатысты туындаған сөздер мен сөз тіркестері.
термин – ғылым, техника, өнер, қоғамдық өмір саласындағы белгілі түсінікті дәл белгілейтін сөздер мен сөз тіркесі.
термин – ешқандай түсіндіруге келмейтін қалыпты, мағыналық қолданысы шектеулі сөздер.
термин – аударма мәтінінде термин әрқашан аудармада жеке шешімді талап етеді әрі аударма бірлігі болып табылады.
Терминология – өндіріс қызмет саласындағы терминдер туралы білім жиынтығы [1, 308 б.].
Ресей ғалымы С.И. Ожеговтың терминге «арнайы саладағы (ғылыми, техникалық, өнер және т.б) белгілі түсініктерге атау болатын сөздер мен сөз тіркестері», – деп анықтама берсе, Г.Винокур: «терминдер белгілі бір ғылым, техника не өнер саласында ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыс тіршілікте де құралсайман, түрлі бұйымдардың атауы бола алады. Кейбір терминдер жиі қолданылса, кейбіреулері сирек қолданылады», – дейді
Қазіргі таңда ғылыми, техникалық, өндірістік т.б. салалар түрлерінде қолданылатын терминдерді аудару ең маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан термин сөздерге балама табу үлкен біліктілікті талап етеді. Себебі заттарды белгілеуге және ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылатын немесе басқа тілден енген сөздер негізінен ақпаратты барынша дәл және нақты жеткізудегі тілдегі ізденіс нәтижесі болатындығына еш күмән тудырмайды.

Аудармашы шетел терминологиясын жақсы білумен қатар, тілде орынды, дұрыс пайдаланатын баламалы ұлттық термин табуы тиіс. Ұлттық тілдің бай сөздік қорын жете меңгеру терминнің сапалы аударылуына септігін тигізеді. Термин ережесі бойынша, басқа тілде де соған сәйкес терминмен аударылады. Сондықтан да ұқсас мағынадағы балама табу, синонимдік ауыстыру қолданылады. Сипаттамалы аударма тілде сәйкес терминдер жоқ жағдайда жасалады. Дәл және анық семантикалық сипаттағы бір мағыналы терминдермен бірге көп мағыналы терминдер де болады. Бір сыңарлы терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну және аудару қиындығын тудырады, ал оған балама табу толығымен алғанда мәнмәтін жағдайына байланысты. Терминді аудару, яғни түпнұсқа тіліндегі сөзден оны аударма тілін ауыстыру оңай емес. Сонымен қатар тіларалық балама бола алмайтын терминдер де көп
Қорытындылай келе, термин арнайы бір салаға пайдалану таңбасы ретінде мағына мен мазмұн жоспарынан тұрады. Соңғы кездері тілі біліміндегі терминдер ғылыми ойдың дамуына байланысты одан әрі дамып, толыға түсуде. Алайда бұл салада атқарылатын істер аз емес. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр.