Мәтіндік процессор Кестелер және графикалық объектілерді құру.
Кез келген компьютерде мәтін құруға арналған арнайы программалар орнатылады. Блокнот мәтіндік редакторы арқылы мәтінді компьютерде теруге және түзетуге болады. Сурет, фотосурет, кесте диаграммалары бар құжаттарды құру мен өңдеу үшін мәтіндік процессорды қолданады. Мәтіндік процессордың көмегімен мәтінді енгізуге, түзетуге және пішімдеуге, сонымен бірге графикалық элементтерді, кестелерді көптеген амалдарды орнатуға болады.
– бұл қарапайым және кешенді мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар түрі.
Мәтіндік процессор арқылы құрылған кез келген мәтін құжат деп аталады. Мәтіндік процессордың мысалы ретінде WORDPAD пен MICROSOFT WORD – ты қарастыруға болады. WORDPAD программасы Стандарттық программалар тобына жатады. MICROSOFT WORD мәтіндік процессоры MICROSOFT OFFICE құрамына енеді. MICROSOFT WORD – әлемге танымал және ең көп қолданылатын мәтіндік процессорлардың бірі.
MICROSOFT WORD қолданбасында құрылған құжаттар:
Docx – WORD 2007, 2010 пішімі;
Doc – WORD 97 – 2003 пішімі;
Rtf – кез келген мәтіндік редакторларда оқуға арналған файл типі.
Достарыңызбен бөлісу: |