ІІ. Жүректен тыс (экстракардиялық) реттелу механизмі.
Жүрек қызметінің ОЖЖ қатысуымен рефлекстік және қан арқылы реттелуі – жүректен тыс реттелу болып табылады.
Клеткалар мен ұлпаларға қажетті қан мөлшері әрдайым өзгеріп тұрады. Мәселен, қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне көп күш түседі, оларға қажетті қан мөлшері де арта түседі, осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады, яғни жүрек қызметі күшейеді. Мұны орталық жүйке жүйесі мен қандағы әсері күшті химиялық заттар (гуморальдық) реттейді.