32
Оралман отбасыларынан шыққан балалардың санаты
Мекен-жайын өзгерту нәтижесінде жиі жағдайда балалар өте ауыр халге
түседі. Көптеген ата-аналар, мекен-жайын өзгертумен байланысты маңызды
өмірлік мәселелерді шешуге тырысып, баланың толғаныстарына мән бермейді,
бұл өз кезегінде, уақыт өтісімен, ауыр психологиялық бұзылыстарға өтіп,
келешек өмірінде бірнеше рет көрініс беруі мүмкін. Осы бұзылыстардың негізгі
бөлігі баланың білім беру мекемесінде жүрген жағдаймен байланысты.
Жаңадан қоныс тепкен аймақтың тілі мен мәдениетін білмеуі мектеп пәндерін
меңгеруде өзге оқушылардан артта қалуына, жайсыздық сезіміне жетелейді.
Бұрынғы құндылықтарды ұстаушылыққа ұмтылысы мектепте оларға
қосымша қиыншылықтарды тудырады. Ал оралмандар отбасынан шыққан
балалардың қазақстандық білім беру жүйесіне бейімделуіне арналған
мамандандырылған білімділік бағдарламалардың болмауы түрлі сипаттағы
өзекті мәселелерді алға тартты, олар тұрмыстық, психологиялық-педагогикалық
болуы мүмкін, нәтижесінде осының барлығы психологиялық-әлеуметтік және
педагогикалық икемсіздікке жетелейді. Оралмандар отбасынан шыққан
балалардың көбісі оқуға қанағаттанарлық көзқарасын, әлсіз бстамашылық
қасиетін, жеке дамуындағы ауытқуларды (өзін-өзі төмен бағалауды, жоғары
тынышсыздықты, көңіл-күйінің, белсенділігінің төмендігін танытады;
ашушаңдылықтың,
мінез-құлықтың
бұзылыстары,
мотивациялық-
тұтынушылық аясындағы өзгерістер, өзге ұлт өкілдеріне теріс көзқарас орын
алады), осының барлығы жинақтала келе, жеке тұлғаның толыққанды дамуын
тежеп, тұтас сыныптағы атмосфераға тікелей әсерін тигізеді (3-қосымша).
Осыдан маңызды бір қорытынды шығаруға болады: оралмандар отбасынан
шыққан балалар өмір тіршілігінің қалыпты жағдайларын қалыптастыруға,
психологиялық денсаулығын нығайтуға және оралман-баланың жеке
тұлғасының тиімді дамуына бағытталған кешенді шаралардың түзілуін
қажетсінеді.
Оралмандар отбасынан шығып, қиын өмірлік жағдайға түскен балаларды
анықтау және олардың мінезін түзету және олардың құқықтарын қорғау үшін
мектеп пен әлеуметік қорғау, қамқорлық және қамқоршылар, кәмелетке
толмаған балалар істері олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар
өкілдерімен бірлескен өзара әрекеттесуіне негізделген әдістер, баланың отбасы
мен мектептегі қиыншылықтары туралы ақпаратпен алмасу анағұрлым тиімді
болады;
Оралман отбасынан шыққан балалармен жұмыс жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдар
Оралман-балалармен, оған қоса әлеуметтік көмекке мұқтаж нақты адаммен
де, адамдар тобымен де, адам құқықтарын қамтамасыз ететін басқа да
әлеуметтік институттармен де жүргізілетін жұмыс бірнеше бағытта іске асуы
тиіс.
33
1.
Әлеуметтік бағыт.
2.
Педагогикалық бағыттағы жұмыс білім беру органдарымен, денсаулық
сақтау органдарымен және құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста іске
асады.
3. Психологиялық бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: