Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению


қауіпсіздік пен қорғау; қаржылық қаражаттар; адамдық ресурстар; дене



Pdf көрінісі
бет11/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
қауіпсіздік пен қорғау; қаржылық қаражаттар; адамдық ресурстар; дене 
ресурстары; мектеп пен қауымдастықтың арасындағы қатынас.  
Әрбір стандартқа инклюзивті жалпы білім беру ұйымдарының белгілі бір 
сипаттамасына қол жеткізуге бағытталған нақты сапалы көрсеткіштер сәйкес 
келеді [5].
Мемлекет ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жеке ыңғай 
жасау, инклюзия формасын анықтау, кешенді тексеру мен бағалау арқылы 
баланың жалпы білім беретін оқу орнының сәйкес сыныбына қабылдай 
отырып, білім беру жүйесіне кіріктірілуін қамтамасыз етеді.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балалар және оқушылармен жұмыс істеу үшін даярлықтан өткен көмекші 
педагог қызмет етеді.
Мақсаты барлық балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету болып 
табылатын мекемелердің арасында Республикалық Психологиялық-
педагогикалық Көмек Орталығы мен аудандық Психологиялық-педагогикалық 
Көмек Қызметі - психопедагогикалық әрекет ету құрылымдарын ерекшелеп 
айтуға болады. Екі мекеме де жақында, яғни 2013 жылы құрылып, барлық 
деңгейде сапалы инклюзивті білім беруді іске асыруда жетекші қызмет 
атқарады.
Сабақ беретін дидактикалық кадрлармен бірге ЕБҚ бар оқушылардың 
қажеттіліктеріне сапалы және сандық тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында 
көмек беру процесіне психолог, логопед, әр түрлі терапевттер, басқа да білікті 
мамандар енгізілуі керек. Әр түрлі емдік шаралар мамандарының негізгі және 
нақты міндеттері көмекші қызметкер мәртебесін ескере отырып анықталатын 
болады [13].
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзияны қамтамасыз етуде 2010 
жылдан бастап қарқынды дамып жатқан әлеуметтік қызмет маңызды рөл 


21 
атқарады. 2010 жылғы 18 маусымдағы №123 әлеуметтік қызметтер туралы 
заңының негізінде әлеуметтік қызмет қиын жағдайларды өткеру мен әлеуметтік 
инклюзияны шеттету мақсатында тұлғалар немесе отбасын әлеуметтік 
инклюзиямен 
шеттетудің 
алдын 
алу, 
әлеуметтік 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін іске асырылған шаралар мен қызметтерді білдіреді. ,
Сондай-ақ әкімдіктің жанында қауымдастықтың әлеуеті мен 
қажеттіліктерінің бағалауы негізінде арнайы әлеуметтік қызметтерді дамыту 
туралы шешім қабылдануы мүмкін. Арнайы әлеуметтік қызметтер сәйкес 
біліктілік деңгейіндегі мамандардың белсенді қызмет көрсетуіне мұқтаж немесе 
оңалтуды қажет ететін қолданушыларға беріледі. Арнайы әлеуметтік қызметтер 
халықтың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың және олардың 
отбасының қажеттіліктері негізінде барлық әкімшілік деңгейлерінде 
(қауымдастық, аудандық, ұлттық) көрсетіле алады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер 
құрамына отбасын қолдау қызметі, патронатты тәрбие қызметі, жеке ассистент 
қызметі, жедел бригада, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі 
орталық, қауіп жағдайындағы балаларға арналған күндізгі орталық, қауіп 
жағдайындағы балаларға арналған ортақ үй кіреді [14].  
«Жеке ассистент» қызметінің мақсаты мүмкіндігі ауыр түрде шектелген 
балалар мен ересектерге олардың қоғамға кірігуіне (әлеуметтік қорғау, еңбек, 
медициналық көмек, тәрбиелік-білім беру салаларында, ақпараттық, 
инфроқұрылымдық қолжетімділік және т.б.) және дербестігіне ықпал ету үшін 
көмек беру, күтім жасау болып табылады [13]. 
Ресейдің тәжірибесін зерделеу үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларға білім беру саласындағы зерттеу нәтижелерін қамтитын ресейлік 
ғалымдардың басылымдарына жүгінеміз.
Ресейлік зерттеушілер арасында
қызығушылық танытқаны келесі 
ғалымдардың ғылыми еңбектері болып табылады: Н.Н.Малофеев, С.В.Алехина, 
Д.З.Ахметова, Д.В.Зайцев, Е.Н.Кутепова, Н.С.Морова, З.Г.Нигматов, 
Ф.Л.Ратнер, Е.Р.Ярская-Смирнова, А.Ю.Юсупова, Н.Д.Шматко, Н.М.Назарова, 
Л.М.Шипицына т.б. Педагогикалық диссертацияларда болашақ мұғалімдердің 
инклюзивті құзыреттілік мәселелері талданады (Э.А.Гафари), болашақ 
мұғалімнің 
инклюзивті 
жағдайда 
жұмыс 
жасауға 
дайындығы 
(Ю.В.Шумиловская) қарастырылады [15]. 
С.В.Алехинаның пікірі бойынша, қазіргі заманғы ресейлік ғалымдардың 
еңбектерінде психологиялық-педагогикалық қолдау идеялары ашылып жатыр, 
оның ішінде Л.В. Байбородова, Н.Г. Битянова, О.С. Газман, И.В. Дубровина, 
С.В. Дудчик, Е.И. Казакова, Н.В. Клюевая еңбектері де бар. Жалпы алғанда, 
балаға қиындықтарды еңсеруге көмектесу, оқу процесін ұйымдастыру 
барысында кездесетін нақты қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын 
іздестіру, үздіксіз оқу процесі, тақырыпты қалыптастыру және пәннің түрлі 
жағдайларында оңтайлы шешімдер қабылдау үшін жағдай жасау сияқты 
бірлескен жұмыс арқылы
түрлі бейіндермен қамтамасыз етіледі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау идеялары отандық психологиядан (Е.В. 


22 
Бондаревская, Р.Л. Кричевский, С.В. Кульневич, И.А. Якиманская т.б), 
шетелдік гуманистік психологияның (Г. Олпорт, А. Маслоу,К. Роджерс, Дж. 
Мид, М. Кун, И. Блумер) озық идеяларына сәйкес келеді.
Әрі қарай С.В. 
Алехина: «Баланың жеке басының әлеуетін барынша кеңейту, жеке және 
когнитивтік тұрғыда толыққанды дамуына жәрдемдесу, баланың даралығының 
оң аспектілерін барынша және толық көрсету үшін жағдайлар жасау, оларға 
білім беру әсерін барынша мүмкін және тиімді күшейтуді (байыту) жүзеге 
асыру міндеттерін түсіну білім берудің жалпы гуманистік мақсатына негізделуі 
керек [16] деп, атап көрсетті. 
Инклюзивті тәжірибені бастаған мұғалімдер бірінші кезеңде мынадай 
белгілі себептерге байланысты қарсылықтарға кездесуі мүмкін: бақылауды 
жоғалту, құзыреттілікті жоғалту, жеке белгісіздік, күтпегендік, жұмыс 
жүктемесінің артуы. Егер сіз қарапайым тілге аударсаңыз, онда бұл негізгі 
қорқыныштар: қорқынышты жеңе алмайтын және қабілетсіз болуы мүмкін, 
жалғыз болу қорқынышы, көмек пен қолдаудың болмауы. Осылайша, оның 
пікірінше, мұғалімдерге қажетті кәсіптік қолдаудың екі маңызды бағыттары 
анықталды, олар оқу орнында инклюзивті процеске ене бастайды:
1. 
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті дамыту (жаңа және 
арнайы білімді игеру, педагогикалық қызметтің нәтижесі үшін жауапкершілікті 
сезіну, ресурстарға сүйену, кәсіби болашақты бейнелеу және т.б.).
2. 
Инклюзивті практиканы жүзеге асыратын мамандар командасымен 
жұмыс істеу (ақпарат алмасу, оқыту, проблемалық педагогикалық жағдайларды 
шешуде қолдау көрсету, балалармен бірлескен тәрбиелік және сабақаралық іс-
әрекеттер, ата-аналармен жұмыс). 
Терең зерттеу барысында ресейлік зерттеушілер инклюзивті тәжірибеде 
мақсатты түрде жұмыс істей бастаған мұғалімдердің екі позициясын бөліп 
қарайды (1-кесте) [16]. 
1-
кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет