6
2 Қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және отандық
тәжірибесі
Қазіргі уақытта адамзаттың ең маңызды проблемаларының бірі жол
қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2009 жылы біріккен
Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) бастамасымен Жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі «Әрекет ету уақыты!» атты Бірінші
дүниежүзілік министрлік конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылардың
ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011-2020 жылдар аралығында жол
қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онжылдық іс-қимыл кезеңін
жариялады [2].
Балалар үшін де, ересектер үшін де Жолда жүру ережелері бірдей, бірақ
олар «ересектер» тілінде жазылады. Сондықтан баларға жолда жүру ережелерін
түсінікті тілде жеткізу педагогтар мен ата-аналардың басты міндеті болып
табылады. Сонымен қатар, ережелерді сақтамаудың қауіптілігі туралы
ақпаратты балаларға жеткізу әдістері мен формаларын таңдауға да назар аудары
қажет. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері, олардың білімдері,
шыдамдылығы және әдептілігі арқылы ғана, балаларды жолды және көшені
кешіп өту кезіндегі қауіпті жағдайлардан сақтап қалуға болады.
Көптеген шет елдерде жолда жүрудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
үйрету – бұл:
•
жолда жүру ережелерін және жағдаяттарын түсінуге көмектесі және
білімді тарату (ағарту жұмысы);
•
жаттығу және жаңа тәжірибе алу арқылы біліктілікті арттыру (оқыту);
•
жол қозғалысына қатысы бар басқа пайдаланушылардың және нақты
тұлғаның қауіп-қатеріне және қауіпсіздігіне қатысты барабар емес
көзқарастарды нығайту/өзгерту тәрізді жол-көлік ортасындағы жағымды мінез-
құлықты дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы (кешенді алдын алу және
превенция) [3].
Еуропаның 25 мемлекетінде балалар мен жастар арасында жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру іс-шараларының табысты
жүзеге асырылуына бағытталған қадамдарды талдау нәтижесінде келесідей
қорытынды жасалған:
1. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы бiлiм берудiң маңыздылығын
мойындау.
2. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы бiлiм берудің басымдықтарын
белгiлеу және олардың қоғамдық санадағы рөлiн күшейту.
3. Барлық әлеуетті және нақты жұмыс істеп жүрген серіктестердің
қызметін белсенді үйлестіру.
4. Мектептің оқу жоспарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша білім алуды «көрінетін» ету.
5. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы бiлiм беру мен ұтқырлықты
оқыту арасындағы байланыстар мен синергияны қолдау.
6. Жасөспірімдерді тәуекелділігі жоғары топ ретінде қарау.
7. Ата-аналарды тарту.
7
8. Жол қауіпсіздігін үздіксіз оқыту бойынша нақты мақсаттары бар жол
қозғалысының барлық қатысушыларын қамтитын ұзақ мерзімді мақсаттар
жобалау.
9. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi, құқықтық және инженерлiк бiлiм берудiң
арасындағы синергия (серіктестік) мен өзара байланыстарды сақтау.
10. Ғылыми зерттеу, тиімділікті бағалау және сапаны бақылау саласын
күшейту [2].
Ұлыбританияның Көлік департаменті әлемнің көптеген елдерінің оқу
бағдарламаларына кіріктірілген жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөніндегі бiлiм берудi оқшаулап емес, денсаулықты сақтау, қауіпсіздік пен
тәуекелді басқарудың кең мәнмәтiнiнде қарау керек идеяны тұжырымдаған.
Швецияда мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігіне оқыту 3 кітапшадан
тұратын және мектептің әр түрлі оқу бағдарламаларына кіріктірілген модульдік
бағдарлама
арқылы
жүзеге
асырылады.
Мектепте
үйлестірушінің
жетекшілігімен жұмыс істейтін 4-6 мұғалімнен тұратын команда құрылады.
Олар кітапшалардың мазмұнымен жұмыс істейді, өздерінің күнделікті сабақ
жоспарларына сәйкес келетін тақырыптар қосады және әріптестеріне ұсыныстар
жасайды, осы оқытудан күтілетін нәтижелерді қарастырады, сырттан
кеңесшілерді (полиция қызметкерлерін, жедел жәрдем дәрігерлерін, жол-көлік
апатының құрбандарын) тартады, сонымен қатар оқушылардың жобалық іс-
әрекеттерін ұйымдастырады.
Германияда жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi бiлiм
берудi нақты бiр пәнмен байланыстыру нақты бiр оқытушының мiндетi болып
табылады, яғни «Sachkunde» («құзыреттілік») оқу пәні аясында жүргізіледі. Бұл
пән шамамен «әлеуметтік ғылымдарға» сәйкес келеді. Бірақ орта мектепте
теория көңіл бөлінбейді, негізінен әлеуметтік дағдыларға, яғни өзінің эмоциялық
және физикалық денсаулығына, тұлға аралық қарым-қатынас орнатуға,
азаматтық позициясын құруға басымдық беріледі.
Нидерландының Брабант провинциясында 1997 жылдан бері жүзеге
асырылып келе жатқан «The Brabant Road Safety Label» (BVL) («Жол
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы сапа белгісі») жобасы өзінің
тиімділігін көрсетті, сондықтан Нидерландының және Бельгияның басқа
аймақтары бұл тәжірибені өздерінде қолдана бастаған.
BVL 4-12 жас аралығындағы балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша мектептегі білім беруді инфрақұрылымдық қолдау
арқылы жол-көлік жарақаттарын азайтуға бағытталған.
Жобаға қосылу үшін мектеп қызметкерлері «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету саласындағы сапа белгісі» тәуелсіз тексерушімен бірлесіп жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үйрететін ағымдағы жағдайды картаға түсіруді
жүзеге асырады. Әңгімелесуден кейін мектеп «сапа белгісін» алу мақсатында
осы бағыттағы жұмысын жақсарта алатын балдары бар есеп пен бақылау
карточкасын алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мектеп екінші тексеруден өтеді;
«сапа белгісін» сәтті алғаннан кейін –тексерулер тұрақты болып тұрады.
Мектептің жұмысы келесі параметрлер бойынша бағаланады:
8
•
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектеп саясатының бір
бөлігі;
•
оқушылар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізіледі;
•
практикалық жаттығулары бар, жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты
жобалар жүзеге асырылады;
•
мектеп аумағы және оған апаратын жолдар барынша қауіпсіз;
•
балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жұмысқа тартылып,
балаларды жол қозғалысы қауіпсіздігіне үйрету үшін күш-жігерлерін
жұмылдырады.
Мектеп үшін бұл мынадай артықшылықтар туғызады: интенсивті коучинг
және нақты құрылым жол қозғалысы қауіпсіздігін оқыту бойынша жұмысты
жоспарлауды, серіктестер мен оқушылардың ата-аналарының күш-жігерін
үйлестіруді жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған жоспарлар муниципиалды
бюджет қорынан қаржыландырылады.
Жобаны
белсенді
қолдайтын
муниципалдық
органдар
BVL-
муниципалитет сапа белгісін алады. Оларға, мысалы, ақпараттық кампаниялар
өткізуде белсендi әдiснамалық қолдау көрсетiледi. Муниципалитеттерде жол
қозғалысы қауіпсіздігін үйлестірушілері (municipal road safety coordinator)
жұмыс істейді, олар нақты мектепте болатын іс-шаралар туралы әрдайым
хабардар және мектептің сұрауы бойынша бұл іс-шараға жан-жақты көмек
көрсетуге дайын болады (мысалы, мектепке баратын ең күрделі жол қозғалысы
бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды күшейту).
Мектептің ішкі саясатына (ережесіне) сәйкес мектеп айналасындағы нақты
жол қозғалысы ортасын және балалардың күнделікті маршруттарын ескере
отырып, балаларды оқыту жөнiндегi әдістемелік нұсқаулар әзірлеу туралы талап
енгiзiледi. Бұл нұсқаулықтар мектепке баратын жолдардың жоспары (School
travel plans) деп аталады.
Бұл нұсқаулықтар балалармен экскурсияларға баратын, балаларды
сабақтың алдында күтіп алатын/сабақтан кейін шығарып салатын мұғалімдердің
іс-әрекеттеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Америка Құрама Штаттарында
(бұдан әрі – АҚШ) балаларға және олардың ата-аналарына жеке маршруттарын
өз бетінше түсінулері үшін тексеру парақтары ұсынылады (США – NHTSA,
2001).
Ұлыбританияның Көлік, білім беру және денсаулық сақтау
департаменттері мектепке баратын бағытты саналы түрде таңдау бойынша
бірлескен жұмыс тобын (School Travel Awareness Group (STAG)) құрған. Бұл
жұмыс тобы мектептің жекелеген бағыттарын және қоғамдық көлікті
пайдаланудың қауіпсіз типті схемаларын жасау бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, әдіснамалық материалдар әзірледі, сонымен қатар үздік
тәжірибелер бойынша сипаттамалар берді. Олардағы практикалық ұсынымдар
мен міндеттердің көпшiлiгi қауіпсіз және тұрақты бағыттарды қалыптастыруға
бағытталған (ЭЫДҰ, 2004).
Жаңа Зеландияда мектептерде жол қозғалысы қауіпсіздігі дағдыларына
оқыту қарқынды форматта өткізіледі және ол «мамандармен бірлескен
9
интенсив» деп аталады. Оқытуға оқу жылының кез келген уақытында 2-4
апталық уақыт беріледі. Бұл кезеңде жол полициясы жаттықтырушыларының
(Police Education Officers) қатысуымен практикаға бағытталған сабақтар
өткізіледі.
Аустралияның көптеген мектептерінде де жол қауіпсіздігі сабақтары
тақырыптық интесивтер түрінде және осы жұмысқа тартылған мамандардың
көмегімен жүргізіледі. Мысалы, «Полиция мектептерде» (Police in Schools)
бағдарламасы; жол қауіпсіздігі тренингтері бойынша жаттықтырушылар
(VicRoads); аймақтық билік органдарының білім департаменттері және жол-
көліктік департаменттерінің өкілдері (Catchpole & DiPietro, 2016).
Нидерландыда 8 жыл бойы жол қозғалысы қауіпсіздігіне оқыту нәтижелері
бойынша жол қозғалысының ұлттық емтиханы (National Traffic Exam) тест
ретінде жүргізіледі. Ол міндетті емес, бірақ ерікті бастама ретінде «мектептің
өтініші бойынша) 7500 мектептің 200 мыңнан адамы қамтылған.
Еуропада 1950-60 жылдары балаларды жаяу жүргінші және велосипедпен
жүру дағдыларына үйрету үшін көптеген оқу алаңдары салынды. 1970-80
жылдары мұндай инфрақұрылымның тиімділігі жөнінде бірқатар зерттеулер
жүргізілді, бұл оның нақты жол қозғалысы ортасын көрсете алмайтынын және
осыған байланысты балалардың мінез-құлқына әсер етпейтіндігін көрсетті.
Алайда, мұндай инфрақұрылым кешендi оқыту бағдарламасының аясында
пайдалы болуы мүмкін. Нью-Йоркте және АҚШ-тың басқа да бес қаласында
«Қауіпсіздік қаласы» («Safety City») алаңдары бар, олар әр түрлі көше
қиылыстарының үлгілерімен, жол таңбаларымен, жол белгілерімен толық
жабдықталған. Көбінесе «Қауіпсіздік қаласына» 9 жастағы балалар келеді.
Жақында оларға мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген «Қолжетімді қала»
(«Access City») модулі қосылды.
Нидерландыда «көлік бақтары» (traffic gardens) бар. Онда бала жол
қозғалысына қатысушысының түрлі, соның ішінде көлік жүргізушісінің де
рөлінде бола алады. Бұл балаларға рульде отырған ересек адамның позициясын
жақсырақ түсінуге және өзінің сезімін дамытуға жағдай жасайды. Сонымен
қатар, ойын ортасының шектеулері де бар. Мысалы, «бала» өлшеміне арналып
әзірленген электромобильді қолдану – көлік жүргізушісінің назарына ілігетін
ауқымды қамти алмайды, сондықтан кейбір мәселелерді модельдеуге, яғни
қауіпті алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.
Инфрақұрылымдық тренажерлар кейбір проблемаларды үлгілей алады,
бұл оны қажеттілік туындаған мектепте орналастыруға жағдай жасайды.
Мысалы, Нидерландының мектептерінде «Соқыр зона» жобасы жұмыс істейді.
Бейне камералардың және жүк көлігінің көмегімен балаларға жүргізушінің шолу
(көзімен барлау) шекарасын, демек жаяу жүрген немесе велосипедпен келе
жатқан кезде жүк көлігіне жақындаудың қауіптілігін бейнелі түрде көрсетуге
болады.
Ақпараттық технологиялардың көмегімен жол қауіпсіздігі ережелеріне
оқыту дегеніміз – ұқсас ойындар (симулятор ойындар) дағдылар қалыптастыруға
және мақсатқа жетуге әсер етуге мүмкіндік береді. Кейбір зерттеулердің
нәтижелері ұқсатқыш ойындарды қолданудан алынған дағдыларды нақты
10
жағдайда қолдануға болатындығын, сонымен қатар керісінше нәтижелер де
болғанын көрсеткен. Ұлыбританияның Көлік департаменті мұғалімдерге оқу
бағдарламасына қосу үшін көмек ретінде арнайы сайтта осындай ойындардың
сабақ жоспарларын орналастырады [4].
Бірқатар елдерде жасөспірімдерді өздерінен кіші жастағы балалардың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тарту арқылы олардың әлеуметтік
жауапкершілегі сезінуге көңіл бөлінеді, мысалы:
• Бельгиядағы «Көліктік тренер» («Traffic Coaches») жобасы:
жасөспірімдер мектепке жақын маңайдағы жолдың бойында бастауыш сынып
жасындағы балалардың жолдағы мінез-құлқын қадағалайды және қауіпсіз мінез-
құлық ережелерін сақтауға жағдай жасайды;
• Германияда және Австрияда «Автобус күзетшілері» («Bus Guards»)
жобасы аясында: жасөспірімдер балаларға автобусқа отырарда және шығарда
көмектеседі, сонымен қатар автобус жүрісінің барысында тәртіп сақтауды
қадағалайды;
• Германиядағы «Оқушылардың тәлімгерлері» («Pupils’ Mentors») және
Даниядағы «Үлкендер кішкентайларды оқытады» («Big Pupils Teaching Small
Ones») жобасы бойынша жоғары сынып оқушылары жолды/көшені кешіп өтуді
үйреніп жүрген балаларға, роликта немесе скейтте жүруді үйреніп жүрген
балаларға көмектесуде жаттықтырушы рөлінде бола алады.
• Австралияның «Үлкен балалар кішкентай балаларға көмектеседі» («Older
Kids Help Younger Kids») жобасы бойынша: жоғары сынып оқушылары
бастауыш сынып оқушыларын таңертең үйінің жанынан күтіп алып, мектепке
дейін бірге жүріп отырады.
• Ұлыбританияның «Жолды өтудің мектеп патрулі» (school crossing patrol)
жобасы: мектепке іргелес көшелерде жоғары сынып оқушылары пост
полициясының қызметін орындайды. Олар мүмкіндігі шектеулі балалар мен
ересектерге (Lollipop people, букв. «человек с леденцом») көшені кесіп өтуге
көмектеседі.
Алайда бұл қызметке жоғары сынып оқушыларын тарту тәжірибесі екі
жақты пікір тудыратын мәселе болып табылады, себебі жауапкершілік пен
тәуекелдер айтарлықтай үлкен. Сондықтан балалардың жол қозғалысы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік және білім беру саясаты
бір-бірімен тығыз байланысты. Аймақтағы балалар мен отбасылардың
әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ерекшелектерін ескере отырып,
сараланған бағдарламалар әзірлеу қажет. «Тәуекел тобындағы» балаларды
қоғамдық бірлестіктерге қатыстыруға тарту өте маңызды, бірақ тәуекелді
төмендетудегі жеткіліксіз қадам; сондай-ақ, ата-аналармен жұмыс істеу және
инфрақұрылымды өзгерту қажет болып табылады [2].
Қорытындылай келе, мұндай бағдарламалар немесе жобалар балалардың
жолда жүру ережелер сақтау тәжірибесін қалыптастыруға негізделгенін атап
өткен жөн.
Отандық тәжірибе.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ)жыл
сайын еліміздің барлық аймақтарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз
11
ету айлығын өткізеді. Бұл жол-көлік оқиғаларын азайту және алдын алу, жол
қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізілетін, сонымен қатар жол-
көлік жарақаттарының проблемасына назар аударуға бағытталған іс-шаралар
кешені болып табылады.
Жол-көлік оқиғаларының әсіресе демелыс кездерінде жиі болтынын атап
өту қажет. Осыған байланысты ІІМ қызметкерлері автокөлік құралдарын тексеру
жұмыстары, жолда жүру ережелерін бақылау мақсатында көшелерді патрульдеу
күшейтіледі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлығы аясында
жүргізілетін барлық іс-шаралардың міндеті – адамдардың назарын жол
қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында
жолдардағы жарақаттану проблемаларын шешуге аудару болып табылады [5].
Сонымен қатар, балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың
алдын алу, балалардың жол-көлік жарақаттарының проблемаларына қоғам
назарын аудару мақсатында оқу жылының басында республикалық «Абайлаңыз,
балақай!» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі. Бұл
жұмыстар барысында бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ)
балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша мақалалар жарияланады,
теледидардан осы мәселеге байланысты роликтер көрсетіледі, радиодан әр түрлі
ақпараттар беріледі. Жол полициясы комитеті республикалық телеарналарда
бейнероликтер жасау және тарату, оның ішінде балалардың жол-көлік
жарақаттарының алдын алуға бағытталған бейнероликтерді жасау және тарату
бойынша мынадай мазмұндағы жұмыс жүргізді:
- «Алыстан көрінген – нақты сақталған» – тәуліктің қараңғы уақытында
немесе көрінбейтін жағдайда жаяу жүргіншілердің шағылыстырғыш
элементтерді қолдануын насихаттау;
- «Ең қымбатыңды сақта!» – балаларды тасымалдау кезiнде балаларды
ұстауға қажетті құралдарды қолдануды насихаттау;
- «Жаяу жүргінші де – жол қозғалысына қатысушы!» – балалардың
қатысуымен болатын жол-көлік апатының алдын алу.
Сондай-ақ, жол бойларында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын
алуға бағытталған ақпараттар көрсетілген плакаттар мен паннолар
орналастырылады.
Айлық аясында жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерінің
бірлесуімен жалпы білім беретін ұйымдардың маңындағы аймақтардағы жаяу
жүргінші тротуарларының жай-күйі, жаяу жүргінші өткелдерінің қажетті жол
белгілерімен жабдықталуы, жол таңбаларының/сызықтарының болуы, жол
қозғалысын реттейтін басқа да қажетті техникалық құралдардың болуы
зерттеледі. Сонымен қатар, жолда жүру қауіпсіздігі бойынша әр түрлі оқыту
бағдарламалары мен ойын-сайыстар өткізіледі, психологтар кеңестер өткізеді
[6].
Аталған айлық аясында еліміздің жалпы білім беретін мектептері көптеген
іс-шаралар өткізеді. Ең алдымен мектептердің педагогикалық ұжымы жолда
қозғалысы
қауіпсіздігі
және
жол-көлік
оқиғаларында
балалардың
жарақаттануының алдын алу бойынша нормативтік және әдістемелік
12
құжаттармен танысады, жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға
бағытталған шараларды анықтайды.
Жолда жүру ережелері бойынша кіріспе нұсқаулық өткізіледі. Сынып
жетекшілері және әлеуметтік педагог бірлесіп балалардың қоғамдық көлікке
отыруы, көліктегі мінез-құлқы, автобустан шығу мәселелері бойынша
тренингтер мен нұсқаулықтар жүргізеді. Сондай-ақ, жеңіл көлікте жүргенде
қауіпсіздік белбеулерін міндетті түрде пайдалануға, балалардың автобус
аялдамаларындағы және автобустағы мінез-құлқының ерекшеліктеріне ерекше
назар аударылады.
Оқушылар
қозғалысының
қауіпсіз
бағыттарының
схемалары
жаңартылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектептің
арнайы бұрышына жаңартылған ақпарат орналастырылады. Жол қозғалысы
ережелері бойынша сабақтар, профилактикалық әңгімелер өткізіледі.
Бастауыш сыныптар үшін «Балалық шақтың жақсы жолы» тақырыбында
білім алушылардың көшелер мен жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету туралы көзқарастарын кеңейту мақсатында ақпараттық
әңгімелесу түріндегі сынып сағаттары өткізіледі.
Білім алушылардың жолда жүру ережелері бойынша білімдерін анықтау
мақсатында жұмбақ шешу сайыстары өткізіледі. «Жарқырап жүр! Айқын бол!»
акциясы арқылы шағылыстырғыш белгілердің маңыздылығы туралы айтып,
тәуліктің қараңғы уақытында киімге оларды тағу арқылы қауіпсіздік ережелерін
сақтау бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі. Жалпы еліміздің барлық
мектептерінде «Абайлаңыз, балақай!» айлығы аясында көптеген іс-шаралар
жүзеге асырылады.
|