Математикалық сауаттылық 1-мысал. «АДАМ ЖҮРІСІ» тапсырмалар тобы
Суретте жүріп келе жатқан адамның аяқ іздері бейнелеген. Қадам ұзындығындағы бір аяғының өкшесі мен екінші аяғы өкшесінің ара қашықтығы – Р.
Ер азаматтардың жүрісіндегі n және P арасындағы тәуелдігі шамамен мына формулаға негізделеді n/ P =140, ол жерде n – әр қадамның 1 мин. ішіндегі саны, P – метр өлшеміндегі қадамның ұзындығы.
1-сұрақ: Осы формуланы қолдана отырып, егерде Сергей 1 мин ішінде 70 қадам жасайтын болса, Сергейдің қадамының ұзындығын табыңыз. Шешімін жазыңыз.
Орындауды бағалау:
1) жауап толық қабылданады – 2 балл:
Код 2: 0,5 м немесе 50 см, 1/2 (өлшем бірліктерін көрсету міндетті емес).
, , , . 2) жауап жартылай қабылданады – 1 балл:
Код 1: формулаға айнымалының мәндері дұрыс қойылған, бірақ дұрыс емес жауап берілген немесе мүлдем жоқ.
(формулаға тек айнымалының мәні қойылған).
, , (формулаға айнымалының мәні дұрыс қойылған, бірақ келесі шешімдері дұрыс емес).
Немесе
Бастапқы формуласы P=n/140 формуласына дұрыс түрлендірілген, бірақ кейінгі шешімдері дұрыс емес.
3) жауап қабылданбайды:
Код 0: басқа жауаптар: 70 см.
Код 9: жауап жоқ.
Бұл тапсырма: 1-ші деңгейлі құзыреттілік; қарапайым математикалық амалдарды еске түсіруді тексереді.
Мазмұн бөлімі: өзгерістер мен қатынастар.
Жағдаят: жеке өмір. 3-сұрақ: Павел өзінің қадамының ұзындығы 0,80 м екендігін біледі .
Осы формуланы қолдана отырып, Павелдің жүру жылдамдығын мин/м, содан соң км/сағ табыңыз. Шешімін жазыңыз.