92
Т - түсіністік
Т - табандылық
Ы - ынтымақтастық
Қ - құрмет
«Себет» жаттығуы
Жүргізуші түрлі ұсақ заттар салынған себетпен шеңбер бойымен өтеді.
Қатысушылар себетке қарамай, бір заттан алады. Осыдан кейін жүргізуші әр
қатысушыға ол алған зат пен толеранттық ұғымы арасындағы қандай да бір
байланысты табуды ұсынады. Әңгімені
бірінші болып ойыншық алған
қатысушы бастайды, мысалы: «Маған доп түсті. Ол маған Жер шарын еске
салады. Менің ойымша, толеранттық бүкіл әлемде таралуы тиіс».
«Толерантты қарым-қатынас қағидалары»
Оқушылар топ бойынша толерантты
қарым-қатынас қағидаларын
құрайды. Толерантты қарым-қатынас қағидалары:
1. Сұхбаттасушыны құрметтеу.
2.
Басқалар айтқанды түсінуге тырысу.
3. Өз пікіріңді әдепті қорғап қалу.
4. Үздік дәлелдерді ізде.
5. Әділ бол, басқаның дұрыстығын мойындауға дайын бол.
6.
Басқалардың мүдделерін ескеруге тырыс.
«Даралықты бағалауды үйренеміз» жаттығуы
•
Алғашқыда мұғалім оқушыларға әр адамның өзіндік ерекшеліктері бар
екенін, әр адамның жеке даралығы бар екенін айтады. Әр адамның даралығын
бағалауға болады және қажет.
•
Мұғалім әр оқушыға өзінің басқа оқушылардан ерекшеленетін қандай
да бір үш белгі туралы жазуды ұсынады (өз қадір-қасиетін, таланттарын,
өмірлік ұстанымдарын және т.б. мойындау болуы мүмкін).
Ақпарат позиивті
сипатта болуы тиіс.
•
Оқушылар өз есімдерін жазып, тапсырманы орындайды. Жазбаларды
жинап, оқып беретінін, ал қалған оқушылар сол немесе өзге
тұжырымдардың
авторы болып табылатындығын табатынын ескертеді.
•
Мұғалім парақтарды жинайды және тағы да адамдар бір-біріне
ұқсамайтынын атап өтеді: біз бір-бірімізге қызықты бола аламыз,
проблемалардың стандартты
емес шешімін таба аламыз, бір-бірімізге өзгерту
мен оқуға импульс бере аламыз. Содан кейін мұғалім әр мәтінді оқиды,
оқушылар табуға тырысады.
Егер авторды таба алмаса, ол өзі аталуы тиіс.
3. Бекіту, қорытынды
Қорытынды шығару
.
Сабақтың рефлексиясы – «Толеранттық» ұғымы туралы сендер не
білесіңдер? – Бұл ұғымды толеранттықтың қандай
жақтары мен аспектілері
едәуір көп сипаттайды?
Сабақ №3: Қаншалықты мен толерантты тұлғамын
Мақсаты:
оқушыларды толерантты тұлғаның негізгі сипаттарымен
таныстыру, оқушыларға өз төзімділік дәрежесін бағалауға мүмкіндік беру.
93
Материалдар мен жабдықтар:
Қағаз гүлдер, «Себет»
жаттығуына
арналған материалдар, қағаз, қаламдар, қарындаштар.
Сабақтың барысы:
Достарыңызбен бөлісу: