108
дүниетанымының
оң өзгеруін, құндылық бағдарлар жүйесін қалыптастыруға
ықпал етеді деп санайды [25].
Осылайша, инклюзивтік мәдениеттің мәні ‒ ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларға деген құндылық қарым-қатынас. Инклюзивті білім
беру процесінде балалардың да, ата-аналардың да «ерекше»
балаларға деген
шыдамды қарым-қатынасы, оларға құрмет көрсету, олардың
проблемаларына
мұқият қарау сияқты тәрбиемен байланысты
маңызды проблеманың шешімі
анықталады.
Ата-аналардың инклюзивтік мәдениеті ‒ бұл жалпы инклюзивтік
мәдениеттің бір бөлігі. Оны ата-аналарда қалыптастыру ‒ бұл дені сау балалар
үшін де, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жаңа позитивті
ресурс ретінде инклюзивті білім беру идеяларын қоғамның қабылдауы.
Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ата-аналардың инклюзивтік
мәдениетін қалыптастырудың тиімді шарты болып табылады. Мамандардың
ата-аналармен өзара іс-қимылының негізгі факторлары
барлық балаларға оң
көзқарас, мінез-құлықтың конструктивті тәсілдерін көрсету, тиімді өзара іс-
қимылды позитивті нығайту және ата-аналарға ақпараттық қолдау көрсету
болып табылады.
Білім беру ұйымында ата-аналардың инклюзивтік мәдениетін
қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұсынамыз.
Іс-шаралар кешенінің мақсаты:
білім беру ұйымында оқушылар ата-
аналарының инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
1)
инклюзивті процестің барлық қатысушыларын қанағаттандыратын
жағдайлар жасау;
2)
ата-аналар мен педагогтар арасында серіктестік қарым-қатынасты
қалыптастыру;
3)
ата-аналар қауымдастығын дамыту ‒
ата-аналар бірлестіктерінің
пайда болуы.
Іс-шаралар кешенін әзірлеген кезде
мынадай принциптерді
ескеру қажет:
1) Жеке тәсілді іске асыру:
Инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің
толықтырылуын қалыптастырған кезде ата-аналарға жеке тәсіл принципін
ескеру маңызды. Жеке тәсіл білім беру қатынастарының әрбір қатысушысының
жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып,
өзара іс-қимыл формаларын,
әдістері мен құралдарын таңдауды көздейді. Ата- аналармен өзара іс-қимылдың
барлық түрлері негізгі міндетті шешуге бағытталуы тиіс ‒ ата-аналардың
құзыреттілік деңгейін арттыруға және оларды инклюзивті білім беруді іске
асыру мәселелерінде ынтымақтастыққа тартуға мүмкіндік беретін, оқушылар
ата-аналарының инклюзивтік мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру.
Ақпараттық-ағартушылық қолдау инклюзивті білім беруге қатысты ұстанымды
қалыптастырады, инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру үшін
қолайлы
жағдайлар жасау білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
109
1)
Барлық қатысушыларды белсенді қосу:
Ұйымдастырушылық
шешімдерді әзірлеу және қабылдаудың командалық формалары: жиналыстар,
командалық тренингтер, жобалық топтар, ата-аналар комитеттері.
Достарыңызбен бөлісу: