128
болады.
Талқылауға арналған сұрақтар: қатысушылар оларға біреу «тіркелетінін»
күтіп тұрған кезде нені сезінді; олар ең көп таралған
сипаттамаларды атауға
тырысты ма немесе керісінше ме; олар ерекшеленіп көрінгісі келді ме; олар
бірін-бірі туралы жаңадан не білді; топтағы біреу
оларға ұқсас екенін білген
кезде олар не сезінді; біреу оларға ұқсас емес екенін білген кезде олар не
сезінді; топта осынша әртүрлі адамдардың болғаны жақсы ма әлде жаман ба?
Неліктен?
3.
Бекіту, қорытынды
«Бір-бірімізді сеземіз»
Мақсаты:
ынтымақтастық дағдыларын бекіту.
Жүргізуші: Қанекей,
барлығымыз шеңбер жасап, қолдарымыздан ұстап
тұрайық. Өз тынысымызды тыңдайық. Сосын біздің бөлмедегі дыбыстарды
тыңдап көрейік, одан кейін ‒ көшеде шығып жатқан дыбыстарды тыңдайық.
Содан кейін тағы да өз тынысымызға құлақ салайық. Ал енді өзіміздің оң
қолымызды, одан кейін алақанымызда
тұрған көршінің қолын, кейін сол
қолымызды, сосын ұстап тұрған сол жақтағы көршіміздің қолын сезуге
тырысайық. Ал енді, осы қолдарымыз арқылы көрінбейтін бұлақтан су ағып
жатыр деп елестетейік. Бұл бұлақ қандай түрде? Мүмкін,
жылулық немесе
сенім, мүмкін бір-бірімізге деген қолдау немесе тағы бірдеңеге ұқсайтын
шығар? Осы қолдарыңнан не сезгендеріңді есте сақтауға тырысыңдар, оны
келесі сабақтың соңына дейін сақтаңдар.
Бұл жаттығуда балалар бір-бірімен ақылдаса отырып,
еркін жағдайда
әрекет етеді. Жаттығу оларға рахат сыйлауы, сонымен бірге шағын топтарда
немесе барлық сынып құрамында ынтымақтастық дағдыларын алуға көмектесуі
тиіс.
Танысу қорытындыларын шығару (бірін-бірі туралы жаңа не білді),
тапсырмаға қатысқаны үшін барлықтарына алғыс білдіру.
Сабақ № 2: Мені түсініп ал
Достарыңызбен бөлісу: