136
Нұсқаулық. «Сендер Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін
оқыдыңдар ма? Қанекей, соны ойнайық. Кім «ұсқынсыз үйрек» болғысы
келеді? Ал кім құстар ауласынадғы басқа құстарды ойнағысы келеді?
Жүргізуші балалардың әрқайсысына рөл алуға және оны дыбыстауға
көмектеседі. Егер құстарды дыбыстауға «ұсқынсыз үйректің» өзі де қатысса,
жақсы болар еді. Жүргізуші «үйректен», құстардың арасында мұғалім, ата-
аналар, үйректің аға-інілері мен әпке-сіңлілері бар ма екенін сұрай алады.
Барлық балалар рөл алғаннан кейін «құстардың» әрқайсысы кезекпен, содан
кейін барлығы бірге хормен ауладан «үйректі» қуады. Содан кейін жүргізуші
«құстарға» ұйықта деген белгі береді, тек бір ғана «үйрек» қалады, ол
ақырындап өзінің жүрісін, бет әлпетін (жүргізушінің көмегімен) өзгертеді де,
«аққуға» айналады. «Үйректің»: «Мен – аққумын» деген сөзінен кейін барлық
«құстар» оянады, кезекпен оның жанына ұшып келеді, тұмсықтарымен оны
сипап: «Қандай әдемі және мықты аққу!» дейді.
«Ұсқынсыз үйрек» болғысы келетін әр бала осы рөлде болып
көрмейінше, ойынды араға бірнеше күн салып, әлденеше рет қайталауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: