73
аналарымен және мұғалімдермен кикілжіңсіз қарым-қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыру), сындарлы қарым-қатынас құруға қатысты оқу үдерісінің
барлық мүшелеріне жеке кеңестер беру (оқушыларға, мұғалімдерге, әкімшілік
мүшелеріне).
Проблеманы шешу жолдары.
Бұл проблемаларды бір реттік шаралар,
акциялар, теориялық білімдік
курстар арқылы шешу мүмкін емес екенлігі айтпаса да түсінікті. Баланың жас
ерекшелігін және оның мүмкіндігін ескере отырып оған сәйкес келетін, оның
өзіне білу, түсінуге ғана емес, сондай-ақ сезінуге мүмкіндік беретін әдістер мен
техникаларды қолдана отырып мақсатты жүйелі жүргізілетін жұмыс қажет.
Толеранттық мінез-құлықты қалыптастыру мектептегі атмосфераға,
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы демакратиялық және сыйластық қарым-
қатынас деңгейіне, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын анықтайтын
құндылықтарға тікелей байланысты болады.
Бұл мәселені шешу үшін
мұғалімдерді әрбір сабақта, әрбір үзілісте орын
алатын коммуникация жасау шеберлігіне оқыту үдерісінің жалпыортақ, пәннің
сыртындағы түсініктің болуы жеткіліксіз. Мұғалімді нақты бір жағдайды өзінің
өн бойынан өткізе отырып оның жеке сезімдері мен білімін байланыстыруға
мүмкіндік беретін, мінез-құлық дағдыларын және сезімдерді қалыптастыруға
бағытталған әдістеме және тәсілдермен жабдықтау қажет.
Ата-аналармен, балалармен мақсатты түрде толеранттылықты
қалыптастыруға бағытталған жұмыстар нәтиже береді, егер педагог ата-
аналарға және балаларға
қатысты өзінің сыйлау, құрмет көрсету және
толеранттылық қарым-қатынас жасай отырып үлгі болатын болса.
Толенраттылықтың қалыптастауы – педагогтің «жжылдам жаны мен
жүрегін істен шығаруға әкелетін» кәсіби драма болып табылады. Әрине бұл
жағдайда көп дүркін осы драманың құрбаны педагог жұмыс жасайтын балалар
болады.
Сонымен, толеранттылық адамдар арасындағы, тұлғаралық қарым-
қатынастың әртүрлі қырлары енетін көпқырлы түсінік. Осыға орай жас ұрпақты
бойында толеранттылықты қалыптастыру жұмыстары да көпқырлы, жан-жақты
болуы керек.
Толеранттылық проблемасы ата-аналар үшін де, мұғалімдер үшін де
ортақ болып табылады. Отбасы көпжағдайда мектепке көмектесе алады.
Алайда
керісінше, көп жағдайда осы ата-аналар жаугершілік, антипатия,
керағарлықтың ұшқынын жағады. Балалар ата-аналардың бағасы бойына,
ойына сіңіреді, басқа адамдарға байланысты негативті қарым-қатынасы
қабылдайды. Қазіргі жағдай көрсетіп отырғандай үлкендердің
жаугершілік
қарым-қатынас балаларға да жұғатыны белгілі.
Осыған байланысты педагог оқушылардың ата-аналарымен мақсатты
түрде балалардың бойында қарым-қатынас жасау мәдениетін тәрбиелеудің
маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізгені абзал. Ата-аналар мен
оқушылар бірге қатысатын өзара талқылаулар ұйымдастыру да маңызды. Егер
74
балаланың ата-анасының бойында толеранттылық қасиеттер қалыптаспаған
болса, баланың бйоында оны қалыптастыру қиынға соғады.
Педагог ата-аналарды қайта тәрбиелей алмайтыны сөзсіз,
ата-
аналардың балаларымен өзара қарым-қатынасына
ықпал ете алады, олардың
балаларына деген және басқа адамдармен арнайы жұмыстарды өткізу кезіндегі
қарым-қатынасына өзгерістер енгізуі мүмкін. Сондықтан ата-аналармен
насихаттау жұмыстарын жүргізу мұғалімнің жұмысында маңызды орынға ие
және ата-аналарға арналған «Өз балаңа көмектес» дәрістері, ата-аналар
жиналыстарына,
жеке және топтық кеңестерге, тренингтік сабақтарға қатысу,
жаднамаларды тарату, қабырға газеттерін безендіру, бұқаралық ақпарат
құралдарына, Интернет желісіне жарияланымдарды жариялау арқылы жүзеге
асырылады. Педагогикалық ағартудың бұл формалары ерекше білім беру
қажеттілігі бар балаларға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыруға,
олармен
қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Педагогтар мен ата-
аналардың өзара іс-қимылының негізінде өзара сенім мен құрмет, өзара қолдау
мен көмек, бір-біріне қатысты шыдамдылық пен шыдамдылық принциптері
жатуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: