98
әдетте, өз сезіміңді қалай білдіресің?
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
3.
Басқа бір адам сендердің көңілдеріңді түсіретін әрекет жасаса немесе
айтса, әдетте, сендер өз сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
4.
Таныстарың сендерден бір нәрсе жасауды сұрайды. Сендер мұны
жақсы жасай алмаймын деп қорқасыңдар. Сендер сондай-ақ осы істі орындауға
қабілетсіз екендеріңді жасырғыларың келеді. Сендер өз сезімдеріңді қалай
білдірер едіңдер?
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
5.
Сендер бір адамға мейірімділікпен қарайсыңдар, ол сендерге ұнайды.
Сонымен қатар, сендер бұл адамның сендерге де осындай көзқараста екеніне
сенімді емессіңдер. Сендер өз сезімдеріңді қалай білдірер едіңдер?
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
6.
Сендердің ең жақын достарың көп уақытқа қаладан кетіп барады.
Сендердің жалғыз қалатындай сезімдесіңдер. Осындай жағдайда сендер өз
сезімпдеріңді қалай білдірер едіңдер?
Сөздерді қолданып:
Сөздерді қолданбай:
Қатысушыларға осы жағдайға жауап ретінде туындайтын өз сезімдерін
қалай білдіретіндігін бланкіге сипаттап жазу ұсынылады. Әрбір сезім екі
тәсілмен көрсетілуі керек: сөздердің көмегімен және әрекеттің көмегімен.
Қатысушылар карточкаларды толтырып, өз жауаптарын шағын топтарда
талқылайды (нұсқа: «үштікке» бөлінбеуге және карточкаларды толтырғаннан
кейін жалпы талқылау жасауға болады).
Талқылауға арналған сұрақтар: Әдетте, өз сезімдеріңді білдіретін тәсілдер
туралы сендер не білдіңдер? Сезімдеріңді білдірудің негативті тәсілдерін
қалайша пайдасы болатындай етіп өзгертуге болады?
Сезімдеріңді конструктивті білдіру қағидаларын (барлық топ болып
талқылау, жауаптарын тақтаға жаза отырып) барынша көп жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: