Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет45/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   152
«Пістелер» жаттығуы 
Балаларға қабығы бар екі пістеден таратыңыз және оларға әзірге оны 
жемеуді және қабығын аршымауды тапсырыңыз. Жаттығудың тыныш, сәл 
«сиқырлы» атмосферада өтуі маңызды. Бұл жерде көп нәрсе дауыс 
ырғағыңызға байланысты болады. Қатысушылардан мынадай сұрақтарға жауап 
беруді сұраңыз (үлкендер ‒ жұппен, кішілер үшін ‒ топпен талқылайды): 
Сипап қарағанда пістелер қандай екен?
АЛ СИПАП ҚАРАСАҢ, АДАМДАР ҚАНДАЙ? 
Сыртқы қабығын қалай сипаттар едіңдер? 
АЛ АДАМНЫҢ ДЕНЕСІН ҚАЛАЙ СИПАТТАЙСЫҢДАР? 
Пістелердің өлшемі мен формасы бірдей ме? 
АЛ АДАМДАРДЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ БІРДЕЙ МЕ? 
Пістелер бір түсті ме? 
АЛ АДАМДАР БІР ТҮСТІ МЕ? 
Пістелерде жарық сызықтар немесе аздап ашылған жерлері бар ма?
АЛ АДАМДАР СЫНУЫ НЕМЕСЕ ОЛАРҒА СЫЗАТ ТҮСУІ МҮМКІН БЕ? 
Пістелерді сілкілеңдер. Қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
АЛ АДАМДАР ҚАНДАЙ ДЫБЫСТАР ШЫҒАРАДЫ? 
Пістелерді ашыңдар. Сыртына қарағанда, ішкі жағы басқаша көріне ме? 
Айырмашылығы қандай?
АЛ АДАМДАР ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚА ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕЛЕНЕ МЕ? 
Пістелерді жеңдер? Олардың дәмі қандай екен? 
АДАМНЫҢ ДА ДӘМІ БАР ДЕП АЙТУҒА БОЛА МА? 
Пістелерді жақсы не жаман деп бөлуге бола ма?
АЛ АДАМДАРМЕН ОСЫЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛА МА? 
«Мүмкіндіктері шектеулі адамдар» кіріспе әңгіме.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар деген кімдер? 
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар ‒ бұл олардың жалпы 
дамуының бұзылуына себеп болатын және балалардың толыққанды өмір сүру 
мүмкіндігін қиындататын, психикалық немесе физикалық тұрғыдан әртүрлі 
ауытқулары бар балалар. Бұл оқыту мен тәрбиелеуде ерекше жағдайларды 
қажет ететін балалар. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың негізгі санаттарына: 
есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған); көру қабілеті 
(соқыр, нашар көретін); сөйлеу қабілеті бұзылған (логопаттар); тірек-қимыл 
аппараты бұзылған балалар; интеллектуалдық кемістігі бар балалар; мінез-


101 
құлқы және қарым-қатынасы бұзылған балалар; күрделі кемістігі бар (керең-
мылқау, саңырау немесе ақыл-ойы кемістігі бар соқыр балалар) балалар 
жатады. 
2.
 
Негізгі бөлім 
«Соқыр және жетелеуші» 
Еріктілер жұпқа бөлінеді. Әр жұптан бір адамның көзіне таңғыш байлау 
ұсынылады (ол «соқыр» болады); екіншісі оның «жетелеушісі» болады. 
Жетелеушіге арналған тапсырма: жолға қойылған заттарды айналып өтіп, 
соқыр адамды сыныптың арнайы бөлінген учаскесімен жүргізу. 
Шарты: соқыр адамға қолын тигізбей, сөзбен ғана жетелеу. Содан кейін 
«соқыр» мен «жетелеуші» рөлдерімен ауысады.
Жаттығуды өткізгеннен кейін әңгіме өткізіледі, оның барысында мынадай 
сұрақтар қоюға болады. 

Жаттығу барысында қандай сезім болды? 

Жолдасыңды жетелеген бе әлде өзің қозғалғаның оңай болды ма? 

«Соқырды» қолынан ұстап, қасынан жүгіріп өту ниеті болды ма? 

Ештеңе көрмеген кезде қандай ойда болдыңдар? 
«Тіл» жаттығуы
2-
3 еріктіден сыныптан шығуды сұрайды. Осы уақытта қалғандарынан 
сөздерді символдармен ауыстырып (мысалы, барлығы бір өлеңді айтады), бір 
тақырыпта әңгімелесуге келісіп алу ұсынылады. Еріктілер қайтып келгеннен 
кейін олардан сыныпта не болып жатқанын табу ұсынылады. 
Жаттығу орындалғаннан кейін әңгіме өткізіледі де, мынадай жағдай 
анықталады. 

Сыныпта не болып жатқаны туралы еріктілер қалай білді? 

Сыныптан шыққан оқушыларда сендерді түсінбейтін және сендер 
ешкімді түсінбейтін жерге түстік деген ой туындады ма? 

Сынып оқушылары еріктілердің сыныпта не болып жатқанын тез 
түсінуін қалады ма? Ол үшін олар қандай құралдарды пайдаланды? 

Тақпақты айтып тұрып сөйлемеу оңай болды ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет