122
-
ынтымақтастық және кооперация: инклюзивті білім беру
қатысушыларының командалық өзара іс-қимылы;
-
білім беру ұйымдарының мамандарына және, ең алдымен, арнайы білімі
жоқ мамандарға консультациялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;
-
инклюзивті білім беру мамандарының біліктілігін жүйелі түрде көтеру.
•
Инклюзивті білім беру жағдайларында оқушылардың бірлесіп оқуға
және өзара іс-қимыл жасауға дайындығы мен қабілеті:
-
оқушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға
төзімділікті қалыптастыру бойынша тренингтер жүйесін өткізу ‒ қалыпты
дамып келе жатқан оқушылардың бойында төзімділікті, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларды түсінуді қалыптастыру, эмпатияны дамыту,
әдеттегі оқушылардың өздерін даму ерекшеліктері бар құрдастарымен
салыстыруы бойынша белсенді жұмыс формаларын пайдалану;
-
балалар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты үйлестіру, ерекше білім
беру қажеттілігі бар балаларды ұжымға қосу, оқушыларды өзара іс-қимылдың
конструктивті формаларына оқыту бойынша тұлғааралық өзара іс-қимыл
тренингтерін өткізу;
-
ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқу-тәрбие процесіне
қосу, оған мұғалімнің ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың белсенді
қатысуы үшін қажетті жағдай жасауы, ынтымақтастық атмосферасын
ұйымдастыруы арқылы қол жеткізіледі.
•
Ата-аналармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру:
-
ата-аналарды инклюзивті білім беру ерекшеліктері туралы
ақпараттандыру, олардың инклюзивтік құндылықтарды қабылдауы;
-
отбасы мен білім беру ұйымының ынтымақтастығы – оқу-тәрбие
процесінде ерекше білім алу қажеттілігі бар баланың ата-аналарының белсенді
қатысуын қамтамасыз ету;
-
инклюзивті процеске қатысушы отбасыларының өзара іс-қимыл
жасасуы (бірлескен қызметті ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар
балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балалар отбасыларының сыныптан
тыс және мектептен тыс іс-шараларға белсенді қатысуы).
Инклюзивтік мәдениетті инклюзивті білім беруді табысты іске асыру
факторы, инклюзивтік саясат пен практиканы іске асыру нәтижесі ретінде ғана
емес, сонымен қатар жалпы қоғамның өзгеруінің негізі ретінде де қарастыруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: