Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет59/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152
 
 
 


126 
1-
қосымша 
 
Толерантты тұлғаны қалыптастыру бойынша жалпы білім беретін 
мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған тренинг
 
Бағдарлама сабақтар кешенін қамтиды, олардың негізгі мақсаты ‒ 
бастауыш сынып оқушыларына бір-біріне төзімді болуды түсіндіру және соны 
үйрету, оларға айналадағы адамдардың айырмашылықтарын көрсету, оларды 
құрметтеуді, осы айырмашылықтарды қабылдауды және шыдамды болуды 
үйрету болып табылады. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру 
оқушылардың одан әрі позитивті дамуына ықпал етеді, олардың өз 
мүмкіндіктері мен перспективаларына деген сенімділігін арттырады. 
Бағдарлама 
мынадай міндеттерді
шешуге бағытталған: 

басқа адамдарға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-бірін сезе 
білу, көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажеттілігін пысықтау; 

мәдени айырмашылықтарға деген құрметті дамыту; 

адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылықтарға шыдамды қарым-
қатынасты дамыту, «өзгеге» деген құндылықты қарым-қатынасты бойға сіңіру; 

достық туралы түсініктерді дамыту, бір-біріне қолдау көрсете білу; 
-
басқаны өзін-өзі түсінетіндей түсіну дағдысын қалыптастыру
«командада» жұмыс істеу қажеттілігі; 

оқушылардың өз сезімдерін білдіру тәсілдері туралы түсініктерін 
кеңейту, ынтымақтастық пен ұжымдық шығармашылық қабілеттерін 
қалыптастыру. 
Негізгі әдістер:
рөлдік ойын, психотехникалық ойындар, релаксация. 
Бағдарламада 9 сабақ ұсынылады. Сабақтар оқушылар тобымен немесе 
барлық сынып оқушыларымен өткізілуі мүмкін, ұзақтығы ‒ аптасына
30-
40 минут. Сабақтардың саны және олардың ішкі мазмұндық толықтырылуы 
контингенттің ерекшеліктерін ескере отырып өзгеруі, толықтырылуы мүмкін. 
Практикумның элементтері сабақта «психологиялық минут» ретінде барлық 
сыныппен де өткізілуі мүмкін. 
Қажетті материалдар мен жабдықтар әр сабақта сипатталады. 
Сабақ№ 1: Танысу ‒ бір-бірімізді танимыз 
Мақсаты: 
қолайлы психологиялық жағдай жасау, өзін-өзі ашу үшін 
жағдай жасау, балалар арасында байланыс орнату. 
Материалдар мен жабдықтар: 
сәлемдесу сөздері бар карточкалар, 
фондық баяу музыка. 
Сабақтың барысы:
 
1.
 
Кіріспе бөлім. 
«Сәлемдесу» жаттығуы. 
Мақсаттары: 
жағдайды 
разрядтау, 
түрлі 
мәдениеттердегі 
сәлемдесулермен танысу, топты біріктіру. 
Қатысушылар әртүрлі елдерден сәлемдесу карточкаларын алады: 

кеуде деңгейінде қолды бүгу («намаздағы» сияқты) және ғибадат ету 


127 
(Жапония); 

мұрынмен сүйкену (Жаңа Зеландия); 

бір-бірінен алыс қашықтықта тұрып, бір-бірінің қолын алу 
(Ұлыбритания); 

қатты құшақтап, бір-бірін беттерінен үш рет сүю (Ресей); 

тілін көрсету (Тибет); 

бір-біріне жақын тұрып, бір-бірінің қолын қатты қысу (Германия); 

құшақтасып, кезекпен беттен төрт рет сүю (Париж).
Қатысушылар бөлмеде жүгіріп жүріп, карточкада көрсетілген тәсілмен 
бір-бірімен амандасады. 
Талқылау: ойын сізге ұнады ма? сіендердің сәлемдесулерің қай елдерден 
келгенін табуға тырысыңдар, қандай да бір жолмен амандасу қиын болды ма? 
қандай да бір сәлемдесулер күлкілі болып көрінді ме? осы елдердің адамдары 
сендердің сәлемдесулеріңе қалай жауап берер еді? біздің өмірімізде сәлемдесу 
қандай рөл атқарады? 
2.
 
Негізгі бөлім 
«Таныстар ортасы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет