Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет60/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152
Мақсаты:
қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, топты біріктіру. 
Бүгін біз «кішкентай паровоз» болып ойнаймыз. Алғашқыда паровоздың 
вагондары болмайды және біз паровоз етіп таңдаған бала «чух ‒ чух – чух» деп 
қатты дыбыстай отырып, шеңбер бойынша жалғыз «жол жүретін» болады. 
Содан кейін «паровоз» зерігіп кетеді де, кез келген балаға немесе қызға «чух ‒ 
чух – чух» деп айтып жақындайды да, өзінің атын айтады. «Паровоз» жақындап 
келген бала жауап ретінде өзін атын айтады да, жаңа «паровоз» болады, ал 
бірінші «паровоз» оның «вагоны» болады. Жаңа «паровоз» «вагонымен» бірге 
шеңбер бойымен қозғалысын жалғастырады, содан кейін кез келген балаға 
жақын келіп, «чух ‒ чух – чух» деп өзінің аты мен «вагонының» атын айтады. 
«Паровозға» барлық балалар қосылмайынша, ойын жалғаса береді. Егер 
«паровоз» сынса, яғни балалардың бірі өзінің «вагонының» атын ұмытса, онда 
ойынды басынан бастаған дұрыс. 
«Домино» ойыны 
Мақсаты:
топта ашықтық атмосферасын құру; қатысушыларға өздері 
туралы ашық айтуға мүмкіндік беру; топта қатысушылардың арасында 
айырмашылықтар да, оларды біріктіретін де заттар бар екенін көрсету. 
Ойын ережелері:
бірінші қатысушы (мүмкіндігінше, жүргізуші) ортаға 
тұрып, өзінің екі сипаттамасын айтады – «Бір жағынан, мен көзілдірік киемін, 
екінші жағынан ‒ балмұздақты жақсы көремін». Көзілдірік киетін немесе 
балмұздақты жақсы көретін қатысушы да бірінші қатысушының жанына келіп, 
оны қолынан ұстап, мысалы «Бір жағынан, мен балмұздақты жақсы көремін, 
екінан жағынан ‒ менің итім бар» дейді. Барлық қатысушылар доминоның бір 
бөлігіне айналғанша, ойын жалғаса береді. Доминоны құрастырудың өзінде де 
әртүрлі нұсқалар болуы ықтимал ‒ шеңбер жасауға болады немесе қалыпты 
«домино» құрылымын құрастыруға болады, қатысушыларға бір-бірінің 
қолынан ұстап тұруға, құшақтасуға, түрегеп тұруға не еденге жатуға және т.б. 


128 
болады. 
Талқылауға арналған сұрақтар: қатысушылар оларға біреу «тіркелетінін» 
күтіп тұрған кезде нені сезінді; олар ең көп таралған сипаттамаларды атауға 
тырысты ма немесе керісінше ме; олар ерекшеленіп көрінгісі келді ме; олар 
бірін-бірі туралы жаңадан не білді; топтағы біреу оларға ұқсас екенін білген 
кезде олар не сезінді; біреу оларға ұқсас емес екенін білген кезде олар не 
сезінді; топта осынша әртүрлі адамдардың болғаны жақсы ма әлде жаман ба? 
Неліктен? 
3.
 
Бекіту, қорытынды 
«Бір-бірімізді сеземіз» 
Мақсаты:
ынтымақтастық дағдыларын бекіту. 
Жүргізуші: Қанекей, барлығымыз шеңбер жасап, қолдарымыздан ұстап 
тұрайық. Өз тынысымызды тыңдайық. Сосын біздің бөлмедегі дыбыстарды 
тыңдап көрейік, одан кейін ‒ көшеде шығып жатқан дыбыстарды тыңдайық. 
Содан кейін тағы да өз тынысымызға құлақ салайық. Ал енді өзіміздің оң 
қолымызды, одан кейін алақанымызда тұрған көршінің қолын, кейін сол 
қолымызды, сосын ұстап тұрған сол жақтағы көршіміздің қолын сезуге 
тырысайық. Ал енді, осы қолдарымыз арқылы көрінбейтін бұлақтан су ағып 
жатыр деп елестетейік. Бұл бұлақ қандай түрде? Мүмкін, жылулық немесе 
сенім, мүмкін бір-бірімізге деген қолдау немесе тағы бірдеңеге ұқсайтын 
шығар? Осы қолдарыңнан не сезгендеріңді есте сақтауға тырысыңдар, оны 
келесі сабақтың соңына дейін сақтаңдар. 
Бұл жаттығуда балалар бір-бірімен ақылдаса отырып, еркін жағдайда 
әрекет етеді. Жаттығу оларға рахат сыйлауы, сонымен бірге шағын топтарда 
немесе барлық сынып құрамында ынтымақтастық дағдыларын алуға көмектесуі 
тиіс. 
Танысу қорытындыларын шығару (бірін-бірі туралы жаңа не білді), 
тапсырмаға қатысқаны үшін барлықтарына алғыс білдіру.
Сабақ № 2: Мені түсініп ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет