Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет68/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   152
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы ата-анасының сөз сөйлеуі
Тақырыбы: «Инклюзивті білім берудің болашағы зор» 
(
«Инклюзивті білім беру іс-әрекетте» бейнеролигін көрсету) 
Заңнамаға сәйкес ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар жалпы білім 
беру жүйесінің жалпы сыныптарында және топтарында, үйде жеке бағдарлама 
бойынша, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында білім ала алады. 
Инклюзивті білім берумен қатар, Қазақстанда ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларды оқытудың өзге де нұсқалары бар: 
-
Арнайы мектептер мен интернаттар ‒ балаларды тәрбиелеуде отбасына 
көмек көрсету, олардың өз бетінше өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, 
әлеуметтік қорғау және балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты 
ашу мақсатында құрылған, білім алушылар тәулік бойы болатын білім беру 
ұйымдары. 
-
Жалпы білім беретін мектептердің түзету сыныптары ‒ денсаулық 
мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы белсенді көмек көрсету міндеттерін 
шешуге мүмкіндік беретін, білім беруді саралау нысаны. Бұл жағдайда ерекше 
білім беру қажеттілігі бар балаларда басқа сыныптардағы өз құрдастарымен тең 
мектеп іс-шараларына қатысу мүмкіндігінің болуы, сондай-ақ балалардың үйге 
жақын жерде оқуы, отбасында тәрбиеленуі оң фактор болып табылады. 
-
Үйде оқыту ‒ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың 
бір түрі, бұл ретте білім беру ұйымының оқытушылары балаға ұйымдасқан 
түрде барады және онымен тікелей тұрғылықты жері бойынша сабақтар 
өткізеді. 
-
Қашықтықтан оқыту ‒ оқу ақпаратымен қашықтықтан алмасу 
құралдарына (жерсеріктік теледидар, радио, компьютерлік байланыс және т.б.) 
негізделген, мамандандырылған ақпараттық-білім беру ортасының көмегімен 


145 
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ұсынылатын білім беру 
қызметтерінің кешені. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін 
мультимедиялық жабдықтар (компьютер, принтер, сканер, веб-камера және 
т.б.) қажет, олардың көмегімен баланың қашықтықтан оқыту орталығымен 
байланысы орнатылатын болады. Оқу процесі оқытушының баламен онлайн 
режимде қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ оқушылардың электронды түрде 
жіберілген тапсырмаларды орындауы, нәтижелерін қашықтықтан оқыту 
орталығына жіберуі арқылы жүргізіледі. 
Қашықтықтан оқитын оқушы ата-анасының сөз сөйлеуі

«Проблемалық» балаларды жалпы білім беру ұйымдарына интеграциялау 
‒ бұл әлемнің кез келген елінде арнайы білім беру жүйесін дамытудың заңды 
кезеңі, оған барлық жоғары дамыған елдер тартылған. Ерекше балаларды 
оқытудың мұндай тәсілі әртүрлі сипаттағы себептерге байланысты туындаған. 
Жалпы алғанда, оларды қоғам мен мемлекеттің экономикалық, мәдени, 
құқықтық дамуының белгілі бір деңгейіне жеткен әлеуметтік тапсырыс ретінде 
белгілеуге болады. 
Бұл кезең қоғам мен мемлекеттің ерекше білім беру қажеттілігі бар 
адамдарға өзінің қарым-қатынасын қайта қарастыруымен, олардың құқықтарын 
ғана мойындамай, сонымен қатар осындай адамдарға өмірдің әртүрлі 
салаларында, оның ішінде білім алуда, барлық басқа адамдармен тең 
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету міндетін түсінуімен байланысты. 
Тәжірибе көрсеткендей, қолжетімді мектептер құру және бірлесіп оқыту 
(«қосылған» немесе «инклюзивті» білім беру) ерекше білім беру қажеттіліктері 
бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың дербестігі мен тәуелсіздігіне 
ықпал етеді, ең бастысы ‒ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар туралы 
қоғамдық пікірді өзгертеді, оларға толыққанды адамдар ретінде қарауды 
қалыптастырады, «кәдімгі» балаларға төзімді болуға және басқа тұлғаларды 
құрметтеуге үйретуге көмектеседі. 
(«Инклюзивті білім беру балалардың көзімен» бейнеролигін көрсету) 
Менің ойымша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту 
проблемасына мемлекет көп көңіл бөлуі керек, өйткені бұл балалардың дені сау 
балалармен тең құқығы болуы тиіс, себебі олардың ішінде де оқуға қабілетті, 
дарынды, бірақ қоғамдық өмірге өз бетінше «кіре алмайтын» балалар да бар. 
Сонымен, біздің 
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысын шығарайық. 
Инклюзивті білім берудің негізгі принципі: 
«Балалар бірге оқуы тиіс». 
Инклюзивті білім беру ‒ бұл барлық азаматтардың социумға қатысуы, 
және бірінші кезекте, дене дамуында қиындықтары бар, яғни ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалар тобына жататын оқушыларды: ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларды, үйде оқитын балаларды оқыту. Бұл мүгедектерді 
белсенді қоғамдық өмірге нақты қосу процесі, бұл қоғамның барлық мүшелері 
үшін бірдей дәрежеде қажет. Мүгедектік ‒ бұл тағдыр жазған жағдай емес, 
қалыптасқан жағдайда өмір сүру салты, егер мүгедектікті әлеуметтік 


146 
тұжырымдама шеңберінде қарайтын болса, бұл мүгедекке де, айналадағы 
адамдарға да өте қызықты болып көрінуі мүмкін. 
Инклюзия құндылықтары: 

Әр адам сөйлеуге және естілуге құқылы. 

Әркімнің қоғамға тиесілі болуға және оның бір бөлігі болуға құқығы 
бар. 

Әркімнің өмір бойы білім алуға және оқуға құқығы бар. 

Әр адам достық пен маңызды қарым-қатынасқа құқылы. 

Әркімнің толыққанды өмір сүруге құқығы бар. 
 
Инклюзивті білім беру: 

барлық балалар оқи алатынын мойындайды; 

барлық балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін білім беру 
құрылымдарын, жүйелері мен әдістемелерін жақсартуға жұмыс істейді; 

инклюзивті қоғам құру жөніндегі үлкен стратегияның бір бөлігі 
болып табылады; 

бұл қарқынды процесс, ол үнемі дамуда. 
Инклюзивті білім не береді: 

мүгедектікке жаңа әлеуметтік көзқарас ұсынады; 

балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі жүйелері мен әдістемелерін 
қолдайды; 

адамдар арасындағы айырмашылықты проблема емес, ресурс ретінде 
қарастырады; 

тұлғаның дамуы және әлеуметтік дағдылар; 

дербестікті және өзін-өзі айқындауды дамыту; 

кемсітушіліктің орнына тең құқықтар мен мүмкіндіктерді дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет