Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет65/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   138
Байланысты:
1579517626428-1

 
 


159 
6-
қосымша 
 
3 сыныпта инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Барлық адамдар қолдау мен достыққа мұқтаж. 
Л. Инимина «Хромой котенок» 
Сабақтың мақсаттары: 
1) 
қайырымдылық пен мейірімділік, жақсылық пен жамандық сияқты 
адамгершілік санаттарды бірлесіп ойластыру үшін жағдай жасау, оқушылардың 
ерекшеліктері бар адамдарға деген көзқарасын анықтау; адамның құндылығы 
оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес деген ойды жеткізу; 
2) 
мәтінмен жұмыс істеуге (мәтінді зерттеу) детальдарды, «ұсақ-
түйектерді» көретіндей етіп үйрету, көркем шығарманы оның жанры мен 
авторлық ойы тұрғысынан талдау дағдыларын қалыптастыру; шығарманың 
идеясын ашуға және оның проблематикасын анықтауға көмектесетін негізгі 
сөздерді таба білу; 
3) 
оқушылардың сөздік қорын байытуға, қарапайым дәлелдерді 
пайдалана отырып, өз пікірін қалыптастыра білуді дамытуға ықпал ету; 
4) 
кіші топта жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды дамыту, 
келісуге үйрету. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Предкоммуникативтік фаза 
Сабаққа кіріспе. Оқушыларды мотивациялау алаңын құру. 
«Портретті тап» (Экранда «Хромой котенок» әңгімесінен басқа, бұрын 
балалар оқыған әртүрлі шығармалар кейіпкерлерінің суреттері.) 
 
(Мысық-жастықты мұғалім сыныпқа «сиқырлы зәкірді» қабылдауды 
жүзеге асыру үшін әкеледі. Сабақта қауымдастық әдісін қолдану 
оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен логикалық ойлауын дамытуға 
ықпал етеді, есте сақтау механизмдерін жетілдіреді, сөздік қорын байытады. 
Көп жағдайда, сол немесе өзге бейне неліктен басқа нәрсе туралы түсінік 
тудыратынын тұшымды түсіндіре алмайсыз. Әрбір адамның ассоциациясы 
тек жеке болуы мүмкін, балалар қателесуден қорықпайды және өзін еркін 
сезінеді, сабақта айтарлықтай белсенділік танытады. Тиісінше, оқу процесіне 
қызығушылық артып, оқытудағы мотивация күшейеді). 


160 
Оқушылар 
Э.Успенскийдің, 
К.Паустовскийдің, 
Б.Емельяновтің 
шығармаларының кейіпкерлерін еш қиналмастан атайды. «Хромой котенок» 
әңгімесіне берілген соңғы иллюстрация ғана қиындық тудырады. 
Сабақтың міндеттерін қою, жұмыс жоспарын айқындау. 
Мұғалім: 

Барлық мысықтардың портреттерін салыстырыңдар. Л. Иниминаның 
«Хромой котенок» әңгімесіндегі марғау несімен ерекшеленеді? Бүгін біз осы 
шығармамамен танысамыз. 

Әңгіме не туралы болатынын болжай аласыңдар ма? Марғаумен не 
болғанын білгілерің келе ме?

Интернетте осы шығарма туралы ересектердің пікірлері бар. Олардың 
екеуі мынадай: 

Ал мен бірінші рет оқып отырмын... Көзіме жас толды, тыныштала алар 
емеспін, демім ішіме тығылып, жүрегім ауырды!!!!.. 

Менің де алғашқы реакциям ‒ көз жасы, содан кейін оның себебі туралы 
ойлай бастадым... Біздің ауламызда жарты аяғы жоқ бала бар ‒ ол велосипед 
тебеді. Менің ұлым бұл туралы айтқан кезде, мен сенген жоқпын, содан кейін 
оның ата-анасымен таныстым. Ол бала кезінде трамвай астына түскен екен. 
Қазір өзін толық тинэйджер ретінде сезінеді. Автомобиль апатының 
салдарынан, жорамалдағанындай, балерина бола алмай қалған дәрігер досы бар. 
Ол адамдар үшін сонша жақсылық жасады, оның жасағанын әрбір сау адам 
жасай алмайды. Мысықтар оңай жүгіруге және үш аяқтап секіруге және 
жарақаттан кейін тез қалпына келуге қабілетті екені ‒ барлығына белгілі факт. 
Сондықтан не деп жылау керек!? Ал бала осындай нәзік жаста бөтен адамның 
ауруын түсініп, бірге уайымдау білуі ‒ бұл, әрине, көзге еріксіз жас әкеледі. Ал 
біздің оған қуануымыз керек. 

Менің ойымша, сендерді де әңгіме немқұрайлы қалдырмайды және 
сендер де өз әсерлеріңмен бөліскілерің келеді, оқығаннан кейін өз ой-
пікірлеріңді және уайымдарыңды жеткізе аласыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет