Методические рекомендации по формированию первоначальных навыков экологической культуры детей дошкольного возраста нҧр-Сҧлтан 2021


Мектепке дейінгі ҧйымдағы дамытушы экологиялық орта



Pdf көрінісі
бет16/52
Дата01.10.2024
өлшемі1,35 Mb.
#146367
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
экология м ж д

Мектепке дейінгі ҧйымдағы дамытушы экологиялық орта 
Баланың дамуы тәрбие мен оқыту процесінде, яғни педагог оның
ересектермен 
және 
қҧрдастарымен 
қарым-қатынасының 
әртҥрлі 
нысандарында ҧйымдастыратын белсенді, мазмҧнды әрекетте жҥзеге 
асырылуы тиіс. Ол ҥшін мектепке дейінгі ҧйымда Стандарттың талаптарын 
ескере отырып, арнайы экологиялық орта қҧрылуы қажет, онда бала ӛзінің 
қабілеттері мен қажеттіліктерін дамытады, тәжірибе жинақтайды және 
экологиялық мәдениеттің қажетті дағдыларын игереді. 
Балабақша учаскесіндегі, топтардағы табиғат бҧрыштарындағы, 
экологиялық орталықтағы, экологиялық соқпақтағы, балабақша аумағындағы 
метеостанциядағы ӛсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуантҥрлілігі, 
мектепке дейінгі ҧйым ҥй-жайындағы табиғат орталығы балаларды 
тәрбиелеу ҥшін қажетті дамытушы экологиялық ортаны қҧрайды. Мҧндай 
ортаны қҧру, оны дҧрыс ҧстау, жетілдіру және кейін педагогикалық қызметте 
қолдану экологиялық тәрбиенің негізі бола алады. 
Тәрбиеленушілерді табиғатқа саналы тҥрде дҧрыс қарауға тәрбиелеудің 
алғашқы буыны-тірі табиғаттың жетекші заңдылықтарын кӛрсететін нақты 
білім жҥйесі: тҥрлердің алуантҥрлілігі, олардың тіршілік ету ортасына 
бейімделуі, ӛсу мен даму процесіндегі ӛзгерістері, қауымдастықтардағы 
тіршілігі. 
Экологиялық тәрбие әдістемесінің ерекшелігі-баланың табиғат 
объектілерімен тікелей қарым-қатынас жасауы, табиғат пен жануарларға 
қамқорлық жасаудағы практикалық әрекеттері, оларды бақылауы және 
талқылау барысында кӛргендерін тҥсіндіруі болып табылады. 
Табиғатты жанама тҥрде тану (кітаптар, слайдтар, суреттер, әңгімелер 
және т.б. арқылы) қосалқы маңызға ие: оның міндеті - баланың табиғат 
объектілерімен тікелей байланыста алған әсерлерін кеңейту және толықтыру 
болып табылады. 
Балабақшадағы экологиялық орта - бҧл мектепке дейінгі ҧйымда 
тіршілік ететін және ересектер мен балалардың қамқорлығында болатын 
жануарлар мен ӛсімдіктер; тәрбиешілер мен балабақшаның басқа 
қызметкерлері табиғаттың әр объектісінің экологиялық ерекшеліктерін: 
олардың белгілі бір экологиялық факторларға деген қажеттіліктерін, ол ӛзін 
жақсы сезінетін және дамитын жағдайларды білуі ӛте маңызды. 
Мектепке дейінгі ҧйымда мынадай талаптарға сәйкес келетін болса кез-
келген жануарлар мен ӛсімдіктерді ҧстауға болады: 
- балалар мен ересектердің ӛмірі мен денсаулығы ҥшін қауіпсіз (улы 
және тікенді ӛсімдіктерді, агрессивті жануарларды ҧстауға болмайды); 


30 
- ҧстау және кҥтім жасау тҧрғысынан жағдай талғамайтын ӛсімдіктер 
мен жануарлар. Балабақшада балаға басты назар аударылады, ӛсімдіктер мен 
жануарлар олардың тәрбиесіне ықпал ететін тіршілік ету ортасы; 
- ӛсімдіктер мен жануарларға кҥтім жасау тәрбиешінің кӛп уақытын 
алмауы керек. 
Тәрбиеші балабақшадағы табиғат аймағының кез-келген басқа ӛкілдері 
туралы экологиялық ақпаратты арнайы кітаптар мен анықтамалықтардан 
қарайды. Балабақшаларда табиғат аймағын жабдықтауға экологиялық тәсілді 
қатаң сақтау балаларға: 
1) тірі ағзаның сыртқы ортамен ажырамас және жалпы байланысын; 
2) тіршілік ету ортасының белгілі бір жағдайларына ӛсімдіктер мен 
жануарлар әлемінің бейімделуін; 
3)
жаңа ағзаның пайда болуын, оның ӛсуі мен дамуын және осы 
процестерді қамтамасыз ететін жағдайларды; 
4) тірі ағзаның (ӛсімдік, жануар) ерекшелігін, оның заттардан 
айырмашылығын; 
5) тірі ағзалардың алуан тҥрлілігін және олардың ортамен ӛзара 
әрекетінің әртҥрлі тәсілдерін кӛруге мҥмкіндік береді. 
Балабақшаның үй-жайында және жер телімінде жасыл аймақты 
ұйымдастыру 
Мектепке дейінгі ҧйымда бар ӛсімдіктер мен жануарларды әртҥрлі 
педагогикалық жҧмысты жҥргізу ҥшін қызықты аймақтар қҧра отырып, 
тҥрліше орналастыруға және топтастыруға болады.
«Экологиялық орталықтар» - бҧл табиғат объектілері орналасқан және 
белгілі бір мақсаты бар шағын аумақ немесе жеке ҥй-жай. Балабақшадағы 
жасыл аймақты ҧйымдастыру нысаны ретінде «экологиялық орталықтар» 
топтағы табиғат бҧрыштары болып табылады.
Балабақша топтарындағы табиғат бҧрышы. 
Табиғат бҧрышының басты ерекшелігі мен артықшылығы - оның 
мекендеушілерінің балаларға жақын болуы. Табиғат бҧрышын тәрбиешінің 
әртҥрлі экологиялық және педагогикалық іс-шараларды ӛткізуі және мектеп 
жасына дейінгі балалармен тҥрлі әрекеттерді ҧйымдастыру ҥшін 
пайдалануына болады. Шағын кеңістікті алса да, әр жас тобында табиғат 
бҧрышы болғаны абзал. Оны топ бӛлмесінде, шешінетін бӛлмеде 
орналастыруға болады. 
Топтың қабылдау бӛлмесінде табиғат бҧрышының болуы ата-аналарға 
балаларымен бірге ӛсімдіктерді бақылауға, маусымдық қҧбылыстармен 
байланысты тҥрлі сәттерді талқылауға мҥмкіндік береді. 
Табиғат бҧрышының шағын қҧрамы – бӛлме ӛсімдіктері және су 
мекендеушілері бар аквариум. Аквариумда балықтың кез-келген тҥрі болуы 
мҥмкін. 
Ортаңғы топтың табиғат бҧрышында аквариум мен ӛсімдіктерден 
басқа, сәндік қҧс пен теңіз шошқасын ҧстауға болады, бҧл балаларға 
жануарлар әлемінің алуантҥрлілігін және тіршілік иелеріне кҥтім жасау 
тәсілдерін кӛруге мҥмкіндік береді. Қҧстардан табиғат бҧрышында 


31 
шымшықтарды ҧстауға болады. Бҧл топта табиғат бҧрышында теңіз 
шошқасын асырау маңызды болып келеді: оның кӛмегімен балалар 
жануарлармен қарым-қатынас жасауға және оларға қамқорлық жасауға 
ҥйренеді. 
Ересек топтарда табиғат бҧрышына балықтары бар аквариумді, 
тордағы қҧсты, қҧрлық жануарлары (аламан немесе тасбақа) мен ӛсімдіктерді 
орналастыруға болады. Балаларға табиғат бҧрышында бейімделу 
ерекшеліктері ӛзгеше, табиғаттағы ӛзара байланыс заңдылықтарын кӛрсете 
алатын жануарларды тамашалау қызықты болып табылады. Ересек топта 
аквариумде алтын балықтармен бірге мӛңке балықтарды да ҧстауға болады.
Қҧстардан тоты қҧсты асырауға болады, оның ӛрмелеуге жақсы 
бейімделгенін (мектеп жасына дейінгі балалар ҥшін қызықты) балаларға 
кӛрсетуге болады. 
Бӛлме ӛсімдіктері – тірі ағза болып табылады, сондықтан оларға 
қамқорлық жасау керек және жасанды ӛсімдіктермен алмастыруға болмайды.
Ӛсімдіктер мен жануарлардан басқа, табиғат бҧрышында уақытша 
табиғат объектілері болуы мҥмкін, мысалы, терезе алдындағы шағын бау-
бақша – суық жыл мезгілінде жәшіктерде ӛсірілетін пияз, сарымсақ, сҧлы 
және басқа да дақылдар. Пияз бен сарымсақ балалардың тамақтарына 
дәрумендік қоспа ретінде маңызды болып табылады, сонымен қатар, бҧл 
дақылдар бӛлменің ауасын тазартады. 
Кӛктемде тәрбиеші балалармен бірге балабақшаның ауласына 
отырғызу ҥшін бір жылдық ӛсімдіктердің кӛшеттерін егуге болады. Тәрбиеші 
табиғат бҧрышын педагогикалық процесте қолдануы ҥшін ол дҧрыс 
жабдықталуы керек. 
Әр жас тобында еңбек әрекетіне орын бӛлінуі қажет: еңбек әрекетіне 
арналған қҧрал-жабдықтар және табиғат бҧрышын мекендеушілердің 
азықтарын сақтауға арналған орын. 
Еңбек әрекетіне арналған орын - бҧл шағын ҥстел, онда тордағы қҧсты 
немесе оның ішіндегі науаны, жем салынған контейнерлерді, кӛкӛністерді 
кесуге арналған тақтайшаларды және басқа заттарды орналастыруға болады. 
Ҥстел жылжымалы немесе жиналмалы болуы мҥмкін, бҧл шағын бӛлме ҥшін 
ыңғайлы. Сондай-ақ, ӛсімдіктерді суару ҥшін кӛлемі шағын және ҧзын 
шҥмектері бар су қҧйғыштар (3-4 дана), балаларға арналған алжапқыштар 
қажет. Барлық жабдықтар бӛлменің сәнін бҧзбауы керек, сондықтан оларды 
шкафта немесе жабық сӛреде сақтаған жӛн. 
Суда тіршілік ететін жәндіктерді кҥтуге арналған жабдықтар: 
аквариумның тҥбін тазартуға арналған сифон, аквариумға су қҧюға және 
оның тҥбін тазартуға арналған диаметрі 0,5-1 см және ҧзындығы 80-120 см 
резеңке тҥтік, аквариумның шынысын жууға арналған губка, су термометрі, 
компрессор, жҧмсақ матадан жасалған 
торлы дорба

Қҧстарға кҥтім жасау ҥшін қҧмды елеуге арналған елек, оны жинауға 
арналған қалақ, қҧм салынған шелек, жем сауыттар мен су қҧятын ыдыстар 
(іліп қоятын, жабық ыдыстар), шӛп ӛсіруге арналған кішкене қораптар қажет. 


32 
Сҥтқоректілерді, қҧрлық тасбақасын ҧстау ҥшін ағаштың ҥгінділері 
салынған шелек, оларды ауыстыру ҥшін кішкене қалақ пен щетка, кесуге 
арналған тақтайша, қауіпсіз пышақ, кӛкӛністен тамақ дайындауға арналған 
ҥгіткіш, сҧлы ӛсіруге арналған қораптар қажет. Кез-келген қҧрғақ жемі бар 
банкалардың тығыз жабылатын қақпақтары және олар қандай жануарларға 
арналғанын кӛрсететін жапсырмалары болуы тиіс. 
Табиғат бҧрышынан басқа балабақшаның ҥй-жайында «экологиялық 
орталықтар» қҧрылуы: ол бӛлме немесе табиғат кабинеті, қысқы бақ болуы 
мҥмкін. 
Табиғат бӛлмесінде әртҥрлі орындарда - еденде және қабырғаларда 
ӛсімдіктер орналастырылады. Егер бҧл кабинет болса, онда балалар 
әрекетпен айналыса алатын ҥстелдер ҥшін орын болуы керек. Мҧндай 
орталықтардың артықшылығы - ӛсімдіктер мен жануарлар ҥшін жақсы 
жағдай жасалады, ал кемшілігі-жануарлардың жалғыз болуы. Қызмет 
кӛрсетуді ҧйымдастыру және мектепке дейінгі ҧйымның педагогикалық 
процесінде және кҥнделікті ӛмірде табиғат бӛлмесін, қысқы бақты пайдалану 
әдістемесі ойластырылуы тиіс. Бҧл «экологиялық орталықтарды» демалу 
ҥшін, балалар мен ересектердің танымдық белсенділігін дамыту ҥшін 
пайдалануға болады. Оларға кҥтім жасауды мектеп жасына дейінгі ересек 
балалардың міндетті тҥрде қатысуымен ересектер жҥзеге асыруы керек. 
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ҧйым аумағында қысқы бақ орталығын 
ҧйымдастыру ҧсынылады. Қысқы бақта ӛсімдіктер кӛп ӛсіріледі, сондықтан 
ол ҥлкен терезелермен, шыны шатырмен жақсы жарықтандырылуы керек. 
Бҧл жағдайда әртҥрлі ӛсімдіктерді ӛсіруге болады және кҥннің кӛзі жақсы 
тҥсетін терезелердің жанында шӛл дала бҧрышын ҧйымдастыруға болады. 
Қарама-қарсы бҧрышта, егер субҧрқағы бар шағын бассейн болса, онда 
ылғалды сҥйетін ӛсімдіктерді сол жерге орналастыруға болады. Қысқы бақ 
жеміс ӛсімдіктерінің нағыз топтамасын жасауға мҥмкіндік береді: бӛлме 
лимоны, мандарин, сәндік анар, інжір, банан пальмасы, кофе ағашы, шай 
бҧтасы, лавр ағашы және т. б. 
Дҧрыс кҥтім жасалса барлық ӛсімдіктер жеміс береді және бҧл жағдай 
балаларға қуаныш сыйлайды. 
Мҧндай бӛлмеде әдетте сәндік қҧстарды жартылай еркіндікте ҧстауға 
болады және 1-2 аквариум орналастыру ҧсынылады. Қысқы бақ табиғат 
бӛлмесі сияқты әртҥрлі мақсаттарға:ҦОҚ-ін, танымдық іс-шаралар ӛткізу, 
еңбек, демалыс ҧйымдастыру ҥшін қолданылады. Балалар мен ересектердің 
демалысы ҥшін балықтарды, қҧстарды, ӛсімдіктерді бақылап, демалуға 
мҥмкіндік беретін орындықтар болуы керек. Бҧл сәндік ағаш орындықтар, 
ағаш тҥбіртегі немесе арнайы жеңіл орындықтар болуы мҥмкін. Табиғат 
бӛлмесі мен қысқы бақтың жанында су шҥмегі, аяқ жуатын ванна, ересектер 
мен балалардың қҧралдарына арналған шкафтар немесе сӛрелер бар 
коммуналдық бӛлме болуы керек. 
Егер 
мектепке 
дейінгі 
ҧйымның 
барлық 
аумағы 
жақсы 
кӛгалдандырылса, қолайлы микроклимат орнайды: қоршау бойымен биік 
ағаштар мен бҧталар отырғызылса, олар шаңнан, қатты желден қорғайды 


33 
және жаздың ыстық кҥндерінде кӛлеңке болады. Әртҥрлі қасиеттерге ие ағаш 
тҥрлерін отырғызу керек: ҥйеңкінің жапырағы әдемі және ірі, ол жақсы 
кӛлеңке береді; жӛке ағашы жазда хош иісімен кӛрікті, шетеннің гҥлдері 
әдемі және ол жидек береді; терек тез ӛседі және шаңды жақсы жинайды; 
шие ағашы керемет гҥлдейді және хош иіс шығарады. 
Топ учаскелеріне жалғыз немесе топ қайыңдарды, бҧтақтары жайылып 
ӛсетін талдарды егуге болады. Биік бҧталарды ағаштардың арасына 
отырғызады. Тҧтас аумаққа балабақшаға кіретін жолдарды қоспағанда шӛп 
егуге болады. Шӛп ауаны шаңнан қорғайды, оны жақсы ылғалдандырады, 
сонымен 
қатар, 
жасыл 
желектер 
балалардың 
жҥйке 
жҥйесін 
тыныштандырады. 
Мектепке дейінгі ҧйымның аумағында, егер ол ауқымды болса, 
балаларды сауықтыру және экологиялық тәрбие ҥшін пайдаланылатын алуан 
тҥрлі «экологиялық орталықтар» қҧруға болады. Бос және жарық жерге 
қылқан жапырақты ағаштар - шырша мен қарағайды отырғызса, кейін ол 
«Қарағай бағына» айналады. Уақыт ӛте келе олардың айналасында бӛлме 
ӛсімдіктерінің кейбір тҥрлеріне пайдалы қышқыл топырақ тҥзіледі. «Қарағай 
бағында» шыршаларды бақылауға, қысқы мерекелерді ӛткізуге болады. 
Оның қылқан жапырақты ағаштарымен анықталатын ӛзіндік экожҥйесі 
қалыптасады: жаңғақтар тоқылдақтарды қызықтырады, жәндіктер пайда 
болады. Шырша мен қарағайдың жанына әдемі және ерекше ағаш 
балқарағайды отырғызған жӛн. «Қарағай бағы» емдік қасиетімен қҧнды, 
оның қылқан жапырақты ағаштары ауру тудыратын бактериялардан ауаны 
тазартатын фитонцидтерді бӛледі. «Қарағай бағы» экологиялық орталығында 
және оған жақын жерде серуендеу балалардың денсаулығына жақсы әсер 
етеді.
Мектепке дейінгі ҧйымның ауласында бау-бақша мен кӛкӛніс 
бақшасын ӛсіру ҧсынылады. Балаларды дақылдарды ӛсіруге ҥйрету ҥшін кез-
келген ӛсімдікті пайдалануға болады, бақшада азықтық дақылдар, жҥгері, тез 
ӛсетін кӛкӛністер ӛсірген абзал, дегенмен, дәнді дақылдардан сҧлыны ӛсірген 
жӛн, ол қыста жануарларды қоректендіру ҥшін кӛп мӛлшерде қажет болады.
Балабақша ауласында балаларға қол жетімді тҥрде дербес немесе 
тәрбиешінің кӛмегімен ауа-райының ӛзгеруін бақылауға мҥмкіндік беретін 
ауа райын болжау станциясын
орнатуға болады. 
Ауа райын болжау станциясын
да мынадай аспаптарды: қҧс бағанасы, 
желбағар (желдің бағытын анықтау), барометр (атмосфералық қысымды 
ӛлшеу), термометр (ауа, су, топырақ температурасының ӛзгеруі), анемометр 
(желдің жылдамдығын анықтау), жаңбыр ӛлшегіш (жауын-шашын мӛлшерін 
ӛлшеу) және компас (жарықты анықтау) орналастыру ҧсынылады. 
Биіктігі 3, 4, 5 метр болатын қҧс бағанасы алаңның ортасына 
орнатылады, оған қҧстарды қоректендіруге арналған екі жемсауыт, жоғарғы 
жағына ҧя салатын ҥйшік, бағананың айналасындағы жерге су ішуге науа 
орнатылады (бҧл жазда қҧстың су ішетін ыдысы). Бҧл баған жыл бойы 
жҧмыс істеуі қажет-қыста қҧстар қоректенеді, жазда су ішеді, кӛктемде 
қҧстардың бірі ҥйшікте ҧя салып, балапан басады, ал суық кезеңде торғайлар 


34 
ҥйшікті паналайды. Қҧс бағанасы ӛлі табиғаттың қызықты қҧбылыстарын 
бақылауды ҧйымдастыруға септігін тигізеді: егер оның ҥстіне желбағар 
орнатылса, онда желдің бағытын байқауға болады; егер баған мен науаның 
айналасындағы аумақ жабық болса, онда шуақты кҥнде бағанның кӛлеңкесін, 
яғни кҥннің қозғалысын байқауға болады. Балалардың шағын топтарымен 
алаңда бақылау ҧйымдастыруға болады. 
Балабақша ауласында міндетті тҥрде гҥлзарлар болуы керек. Әр топтың 
учаскесінде балалар гҥлдердің ӛсіп жатқанын кӛруі, оларға кҥтім жасауы, 
тҧқым жинауы тиіс. 
Балалардың табиғат әлемінің биоалуантҥрлілігін бақылау объектілері. 
- Жапырақты ағаштар: шетен, қайың, терек, қарағаш. Балалар 
жапырақтары мен жидектерін зерттейді, жылдың әр мезгілінде қандай 
жануарлар мен қҧстардың олармен қоректенетінін біледі, жылдың әр 
мезгілінде жапырақтардың тҥсінің ӛзгеруін, ағаштардың бҧтақтарында 
отырған қҧстарды бақылайды. Балалар бҧтақтардағы мҥктерді, жәндіктерді 
бақылайды. 
- Қылқан жапырақты ағаштар: шырша, қарағай, боз арша. Балалар 
қылқан жапырақты ағаштардың ӛзгеруін, олардың басқа ағаштардан 
ерекшеліктерін бақылайды, олардың бҥрлерін жинайды. 
- Бақша ағаштары: алма ағаштары, шие ағаштары. Балалар бақша 
ағаштарының маусымдық ӛзгерістерін бақылайды, оларға кӛктем мен жаз 
мезгілінде кҥтім жасайды, суарады, кҥзде ӛнімдерін жинайды. 
- Бҧталар: бӛртегҥл, итмҧрын. Балалар маусымдық ӛзгерістерді 
бақылайды, олардың ағаштардан ерекшеліктерін байқайды. 
-
Бау-бақша. Бақылау объектілері: кӛкӛністер, шӛптер. Бау-бақша-
ашық, жақсы жарықтандырылған кеңістікте отырғызылуы қажет. Онда 
жағдай талғамайтын кӛкӛніс дақылдарын отырғызуға болады.
Гҥлзар. Бҧл балабақша аумағын және топтардың учаскелерін безендіру 
нысаны болып табылады, ол сән ҥшін ғана емес, сонымен қатар олар дамыту 
мақсатында да қолданылады. Ӛсімдіктердің гҥлденуі кезінде балалар оларды 
бақылайды, қамқорлық жасайды. Олар кӛңіл-кҥйді кӛтеріп қана қоймай, 
адамның энергиясын да жақсарта алады. Гҥлзарларға жағдай талғамайтын 
бір жылдық және кӛп жылдық ӛсімдіктерді егуге болады (кӛп жылдық 
ӛсімдіктер кӛп болуы керек). Кӛп жылдық ӛсімдіктерден лалагҥл, ирис, 
пиондардың қарапайым тҥрлерін отырғызған қолайлы. Бір жылдық 
ӛсімдіктерден - барқыт гҥл, шырай гҥл отырғызуға болады.
Қҧстарға арналған жем сауыттар. Балалар қҧстардың тҥрлерімен 
танысады, қыстайтын және жыл қҧстарын ажыратуды ҥйренеді, балаларды 
еңбек сҥйгіштікке, қҧстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қыста балалар 
қҧстарды қоректендіреді, кӛктемде-ата-аналарымен бірге қҧстардың 
ҥйшіктерін жаңарту, жӛндеу жҧмыстарына қатыстыруға болады . 
Қоқысты сҧрыптау. Бақылау объектілері: қоқысты сҧрыптауға арналған 
ҥш контейнер (қағаз, пластик, ағаш). Балалардың тҧрмыстық қалдықтарды 
жинау, сҧрыптау және қайта ӛңдеу, ойыншықтарды жасау кезінде 


35 
қалдықтарды орынды пайдалану туралы білімдерін жҥйелеу. Балаларды 
қоқысты сҧрыптау қағидаларымен таныстыру. 
Экологиялық жолда тәрбиеленушілер: 
- тірі және ӛлі табиғат объектілеріне бақылау жҥргізуді; қауіпсіздік 
ережелерін ескере отырып, табиғат объектілеріне қарапайым тәжірибелер 
жҥргізуді, зерттеу әдістерін ҥйренеді; 
-табиғат объектілері арасында себеп-салдарлық байланыстарды орната 
отырып, қорытынды жасай білу қабілеті дамиды; 
- экологиялық жолда қауіпсіз еңбек ету дағдылары қалыптасады. 
Мектепке дейінгі ҧйымда экологиялық ортаны қҧра отырып, ол ҥшін 
жағдай жасау керек екенін есте ҧстаған жӛн: 
баланың 
танымдық-сӛйлеуінің 
дамуына 
ықпал 
ету 
(табиғи 
материалмен тәжірибе жасауға жағдай жасау, тірі және ӛлі табиғат 
объектілерін 
жҥйелі 
тҥрде 
бақылау, 
табиғат 
қҧбылыстарына 
қызығушылықты арттыру) 
баланың адамгершілік қасиеттерін, балалардың экологиялық сауатты 
мінез-қҧлқын қалыптастыру. 
экологиялық-эстетикалық тәрбие беру (қоршаған табиғи объектілерге 
назар аудару, қоршаған табиғат әлемінің сҧлулығын кӛру қабілетін дамыту) 
-балаларды сауықтыру (балабақша ғимаратының сыртын безендіру 
ҥшін экологиялық қауіпсіз материалдарды, ойыншықтарды пайдалану, 
аумақты сауатты кӛгалдандыру, экскурсияларға, таза ауада ҦОҚ-ін ӛткізуге 
жағдай жасау) 
-әртҥрлі әрекеттерде экологиялық қҧралдарды (табиғи материалдармен 
дербес ойындар, театрландырылған әрекет және т. б. ҥшін жағдайлар.) 
қолдану 
- балабақша аумағында табиғатта болған кезде балалармен бірге 
әзірленген табиғатты қорғау белгілерін орналастыру қажет. 
Мектепке дейінгі ҧйымда экологиялық заттық ортаның дҧрыс 
ҧйымдастырылуы 
экологиялық 

эстетикалық 
дамуға, 
балаларды 
сауықтыруға, адамгершілік қасиеттер мен экологиялық сауатты мінез-қҧлық 
дағдыларына тәрбиелеуге, сондай-ақ балалардың тҥрлі әрекеттерінде білім 
мазмҧнының барлық компоненттері: қҧндылықты, таным мен белсенділікті 
жҥзеге асыруға ықпал етуі керек.


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет