Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»


Үздік педагогикалық тәжірибені тарату



Pdf көрінісі
бет59/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

Үздік педагогикалық тәжірибені тарату 
 
(
Үздік педагогикалық тәжірибені таратуға қатысты әзірленген
бейнероликке қойылатын талаптар
 
)
 
Үздік педагогикалық тәжірибені сараптау
 
– бұл педагогтердің 
практикалық жұмысының нәтижелерін кешенді бағалау.
«Үздік педагог» конкурсының Комиссия мүшелері конкурсқа 
қатысушылардың бейнесабақтардың тәуелсіз сараптамасын жүзеге асырады 
және 
Қазақстан 
педагогтерінің 
үздік 
педагогикалық 
тәжірибесінің 
материалдарын жаңашылдық және практикалық маңыздылығы тұрғысынан 
зерделейді және сараптайды. Бұл жағдайда Комиссия мүшелерінің сараптама 
нысандары: 
- педагогтердің үздік педагогикалық тәжірибесінің материалдары; 
- үздік педагогикалық тәжірибені жалпылау материалдары.
Сондықтан педагогке оқыту мен тәрбие үдерісінде нәтижеге жеткізетін 
өзінің тәжірибесін жинақтау – өзекті мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен 
тәрбиеде өзін толғандырып отырған мәселені шешу үшін ізденеді, 
әдебиеттермен танысады, шолу жасайды, әріптестерінің сабақтарына кіреді, 
зерттейді, шешу жолдарын қарастырады. Нақтылап айтқанда, келесі әрекеттер 
жасайды:

әдіс-тәсілдерді таңдайды, тапсырмалар жүйесін өзгертеді; 

сабақ үдерісінде білім алушылардың ықпалын зерделейді, 
зерттейді, бақылайды.
Үздік педагогикалық тәжірибе – қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
сұранысына сай, оқу үдерісіне оң өзгерістер әкелетін тәжірибе. Әрбір педагог 
оқу үдерісін дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы 
түрде өзгертеді. Жалпы, үздік педагогикалық тәжірибе – ол – нәтижеге 
бағытталған, өзіндік ерекшелігі бар ізденімпаз педагогтің жұмыс тәжірибесі.
Сондықтан осы жерде тәжірибе қалай жинақталатыны, оның түрлері туралы 
ақпарат ұсынылды.
Жоғарыда берілген үздік тәжірибенің анықтамасына, жинақтау 
кезеңдеріне сәйкес педагог өзінің оқыту үдерісін зерттеу арқылы білім 
алушылардың ынтасы мен таным қабілеттері қалай өзгеріп жатқанын, оларда 
қандай дағды қалыптасқанын байқап, өз жұмысындағы жетістіктер мен 
кедергілерді түсінеді. Өзінің жұмыс барысындағы туындаған мәселелерді, 
кемшіліктерді біліп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін 
педагогикалық әдебиеттермен танысады. Сонымен қатар, әріптестерінің 


74 
сабақтарына қатысып, әріптестерінің артықшылықтарын, айырмашылықтарын 
салыстырып, тиісті қорытынды жасайды. Зерттеу жұмысының материалдарын 
жинақтайды, оқу процесінде қандай өзгерістер болғанын анықтайды және 
жетістікке жету үшін не әсер еткенін зерделейді. Мысалы, әсер етуші 
факторларға келесілерді жатқызуға болады: 

білім мазмұнындағы өзгерістер; 

оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері; 

оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы;

мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. 
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, радикалді. 
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация - белгілі әдіс элементтерін бір-біріне қосу.
Радикалды инновация: мектепке білімнің мемлекеттік стандарттың 
енгізілуі [20]. 
Жоғарыда педагогтер білуі тиіс ақпараттарды ұсындық. Бірақ кейде
үздік педагогтер өздерінің озық тәжірибесі туралы ақпаратты айта алмайды.
Сондықтан тәжірибенің авторы қандай болу керек және онда қандай дағды 
қалыптасуы тиіс екені туралы ақпарат ұсынамыз.
Озық педагогикалық тәжірибенің авторы – жоғары нәтиже беретін 
жұмыс тәжірибесі мен өзіндік жұмыс тәжірибесі бар білім беру ұйымының 
кәсіби шебер мұғалімі. Оқытудың сапасын арттыру, сабаққа арналған оқу-
әдістемелік кешендерді құру бойынша басқа әріптестеріне ақыл-кеңес бере 
алатын да педагог болуы тиіс. Сонымен қатар, а
вторлық бағдарламаны 
әзірлеушілер оқыту мен оқуды жақсартудың негіздемесі мен әдістерін 
дайындап, ұсына алуы керек. Олардың оқыту тәжірибесі, сондай-ақ, кейбір 
негізгі әкімшілік және үйлестіру дағдылары да болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет