Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»



Pdf көрінісі
бет20/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

 
 
2.3
Педагогтің ғылыми-педагогикалық қызметі 
 
Ғылыми-педагогикалық қызметке келесілер жатады: 
Аталған бұйрықтың тізіміне енген олимпиадалар, конкурстар және ғылыми 
жобаларға қатысқан білім алушылардың жетістіктері үшін ғана 
балл қойылады

Бірақ кейбір педагогтер білім алушылардың
бұйрықтың тізілімінде жоқ
жарыстарға, олимпиадаларға қатысқан жетістектерін платформаға жүктейді, ондай 
көрсеткіштер саналмайды, балл қойылмайды
және әділқазылар мүшелерінің 
уақытын алады. Үміткердің осыны ескеруі 
маңызды!
 
Педагог жетістіктері де осындай тәртіппен есептеледі, педагогтің соңғы 3 (үш) 
жылдағы жетістіктері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 
жылғы 7 желтоқсандағы 
№ 514 бұйрығына [7] сәйкес болуы шарт
, басқа 
жетістіктері есептелмейді және балл қойылмайды.
Педагогтің осы шартты 
ескеруі маңызды!
1)
педагогикалық тәжірибе (үздік педагогикалық практика, 
элективті
курстың авторлық бағдарламасы, әдістемелік әзірлемелер, оқу- 
әдістемелік кешендер); 
2)
педагогтің қатысқан семинарлар, конкурстар, дөңгелек 
үстелдер, фестивальдардың (республикалық және халықаралық деңгейде) 
бағдарламалары және озық педагогикалық тәжірибені таратқандығын
растайтын құжат; 
3)
педагогтің 
зерттеу 
тақырыбы 
бойынша 
жинақталған 
материалдар. 


24 
Осыған орай бөлімшеде педагогикалық тәжірибе мен авторлық 
бағдарлама бойынша қысқаша ақпарат ұсынылды. 
 
Озық тәжірибе 
 
 
 
Келесі абзацта Қанипа Бітібаеваның еңбегі, озық тәжірибесі, тәжірибе-
нің негізгі идеясы туралы ақпарат ұсынылды. 
 
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 
Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының академигі Бітібаева 
Қанипа Омарғалиқызы – әдебиетті оқытудың өзгеше жүйесін қалыптастырған 
педагогтердің бірі. Ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы білім алушының 
өз көзқарасын білдіруге, пікірлесуге, диалогке, проблема шешуге, өз бетімен ізденуіге, 
зерттеу жұмысына негізделеді.
Жобалау, модель жасау, білім алушыларды өз бетімен жаңа өнім жасауға бағыттау 
– ұстаз технологиясының негізін құрайды. Аталған идеяның мәнмәтінінде білім алушы 
жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады.
 Атақты педагог: «Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді 
қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, 
жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал 
әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет» - деген [8 ].
Оқыту үдерісінде педагог ұлттық құндылықтарды көркемсөзді танудан, 
көркемсөзге деген қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Ұлы педагогтің 
қазақ әдебиетін жүрегімен сезінуге, оны оқыту мәселелерін жан-жақты қарастыруға, 
талдауға арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары педагогтер қауымына бағыт-
бағдар береді. Мысалы, Қ. Бітібаева өз тәжірибесінде жаңа тақырыпқа қатысты алдын 
ала тапсырма беріп, ой тастайды. Бұндай тәсіл білім алушыларды ойландырады, ізденуге 
жетелейді. Осындай әрекеттердің арқасында білім алушы мақсатқа жетеді. Әдіскер 
ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу 
пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту 
– (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз 
тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. Оның сабақ жоспары 
оқушы–субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті 
түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады. Бұл туралы Қанипа 
Омарғалиқызы былай дейді: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды 
тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне 
қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа 

Педагогикалық тәжірибе дегеніміз мұғалімнің күнделікті оқыту, тәрбие жұмысы 
барысында жинақталған тиімді тәжірибенің жиынтығы. Сонымен қатар, 
педагогикалық озық тәжірибе жаңашылдық пен педагогикалық зерттеуден тұрады.
Қазақстанда өздерінің үздік практикаларын жинақтап таратқан кәсіби шебер 
мұғалімдер Рафика Нуртазина, Канипа Бітібаева болған және т.б. Осы жерде Қанипа 
Омарғалықзының 
еңбегіне, 
оның 
педагогикалық 
қызметіндегі 
ерекшеліктері, 
артылықшылықтары туралы мәлімет берілді.
 
 
 
 
 
 


25 
қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып 
келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат 
етемін» [9]. Ұстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, бірліктегі одақ деңгейіндегі 
еңбек етуші дәрежесінде болады. Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми зертханасы 
оқушының, ұстаздың зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға негізделе отырып: 
- іс жүзінде болашағы бар білім беру мақсатын жүзеге асыру; 
- әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасау; 
- білімді меңгерудегі өз жетістіктерін бағалаудың, өз білімдері мен іскерліктерін 
дамытудың жолдарын анықтау; 
- әрбір оқушының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістік деңгейін бағалау 
мүмкіндігін беру; 

оқушының әлеуметтік біліктілігін қамтамасыз етумен шұғылданады. 
Ұлы педагогтің тәжірибесінде басты тұлғалардың жұмысы өзара субъекті-субъектілік 
қарым-қатынасқа құрылып, оқу мен тәрбие тілдік тұлға қалыптастыруға бағытталады, 
жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы білім алушының зерттеушілік 
құзыреттілігін қалыптастыру жүзеге асады. 
Қазіргі таңда үздік тәжірибеге төмендегідей анықтамалар беріліп отыр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет