Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет11/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   257
әлеуметтік деп бөлуге болады. 
Осылайша, 
білім 
алушылардың 
жалпы, 
арнайы 
қабілеттері,  
жеке  психофизиологиялық  ерекшеліктері,  мүдделері  бойынша  саралауда 
тұлғалық факторлар негіз болып табылады. 
Дифференциацияның  түрлеріне  бөлу,  жалпы  айтқанда,  шартты  болып 
табылады, 
өйткені 
дифференциацияның 
кейбір 
формаларында  
жеке-типологиялық ерекшеліктердің біреуі емес, бірнеше тобы есепке алынады. 
Ұлттық 
белгісі, 
діни 
қатыстылығы, 
ата-аналардың 
әлеуметтік  
және  мүліктік  жағдайы  бойынша  саралауда  бірінші  кезекке  әлеуметтік 
факторлар шығады. Жобаланып отырған мамандық бойынша дифференциация 
жеке  (балалардың  белгілі  бір  бейімділігі  мен  қабілеттерінің  болуы)  
және  әлеуметтік  (қазіргі  уақытта  қоғамда  белгілі  мамандықтардың  беделі) 
факторларды ескереді. 
Дифференциация  әртүрлі  деңгейде  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Мысалы, 
Рональд Де Гроот дифференциацияны үш деңгейге бөлді. 
Әртүрлі тәсілдер сынып ішіндегі балалардың жекелеген топтарына жүзеге 
асырылатын  1-шағын  деңгей.  Дифференциацияның  бұл  деңгейі  кейде  ішкі 
немесе сынып ішіндегі деп аталады. 
2-мезо  деңгей  –  жекелеген  сыныптар,  профильдер,  бағыттар  арасында 
дифференциация мектеп ішінде жүзеге асырылатын мектеп деңгейі. 
3-макро  деңгей  –  мектептер  арасындағы  дифференциация,  әртүрлі  мектеп 
типтерін құру. 2-ші және 3-деңгей сыртқы дифференциацияны білдіреді. 
Берілген дифференциацияның түріне қысқаша сипаттама беруді ұсынамыз. 
Жалпы қабілеттер бойынша саралаудан бастайық. 
Микродеңгейде  дифференциацияның  бұл  түрі  әртүрлі  деңгейдегі 
күрделіліктегі  тапсырмалармен,  мұғалімнің  көмегін  мөлшерлеумен,  деңгейді 
саралаумен  берілген.  Мұнда  білімді  толық  меңгеру  моделі  аясында  топтық 
жұмысты жатқызуға болады. Оған тән белгі  – білім алушыда кез келген пәнді 
оқытудың  өзі  үшін  қажетті  және  жеткілікті  деп  санайтын  деңгейін  таңдау 
құқығы  мен  мүмкіндігі  болуында  (бірақ  базалық  деңгейден  төмен  емес).  
Бұл  ретте  мұғалім  қандай  да  бір  деңгейде  шұғылдана  отырып,  білім 
алушылардың меңгеруі тиіс оқу материалының мазмұнын нақты көрсетеді және 
кезекті  тақырыпты  оқып-үйренудің  алдында  білім  алушыларды  қол  жеткізуге 
тиіс  нәтижелермен  таныстырады.  Айта  кету  керек,  дифференциацияның  осы 
түрінің  негізінде  білім  алушылардың  жалпы  қабілеті  ғана  емес,  олардың 
мүдделері  де  жатыр.  Білім  алушы  оның  тереңдігін  зерттеуге  қабілетсіз 
болғандықтан  емес,  оның  мүдделері  басқа  танымдық  салаға  жататындықтан, 
оның ең төменгі деңгейін таңдай алады. 


25 
 
Ішкі  дифференциацияның  нысаны  –  білім  алушылардың  білімді  толық 
меңгеру  моделі  бойынша  топтық  жұмысы.  Тақырыпты  базалық  мазмұн 
деңгейінде  зерделеп,  сынақ  тапсырғаннан  кейін  білім  алушылардың  екі  тобы 
анықталады:  мазмұнды  меңгерген  білім  алушылар  –  олармен  зерттелген 
материалды  кеңейту  бойынша  жұмыстар  ұйымдастырылады  және  мамзұнды 
меңгермеген  білім  алушылар  –  олармен  білімдердегі  пайда  болған 
олқылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. 
Енді  мезодеңгейде  жүзеге  асырылатын  білім  алушылардың  жалпы 
қабілеттері  бойынша  саралауға  жүгінеміз.  Дифференциацияның  осы  түрінің 
түрлеріне  гимназиялық,  жалпы  білім  беретін,  түзету-дамыту  сыныптары, 
сондай-ақ оқытудың әртүрлі деңгейіндегі сыныптар жатады. 
Әртүрлі  деңгейдегі  сыныптар  жоғары,  орта  және  төмен  деңгейдегі 
сыныптарға бөлінеді. 
Микродеңгейде 
жеке-физиологиялық 
ерекшеліктері 
бойынша 
дифференциация  осы  ерекшеліктерді  оқу  процесінде  есепке  алуды  көздейді. 
Мұғалім оқушының жүйке процестерінің жүру жылдамдығын есепке алып оны 
асықтырмауы  мүмкін,  білім  алушылардағы  жадтың  басым  түрін  ескеріп, 
материалдың  мазмұндалуын  оған  бағдармен  құруы  мүмкін.  Білім  алушының 
жүйке  жүйесінің  күшін  есепке  алуға  болады  және  жүйке  жүйесі  әлсіз  білім 
алушы  үшін  қарқынды  ойлау  іс-әрекетінде  өте  жылдам  болатын  шаршаудың 
алдын алатын шараларды қарастыру қажет. 
Шағын  деңгейде  қызығушылық  пен  жобаланып  отырған  кәсіп  бойынша 
дифференциация білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттерде 
өздерінің  қызығушылықтарына,  жобаланатын  мамандығына  байланысты 
шығармашылық  зерттеу  тапсырмаларын  орындауын  көздейді.  Бұл  зерттеу 
жобалары  бойынша  топтық  жұмыс,  модельдер,  макеттер  жасау,  тәжірибе, 
эксперименттер қою болуы мүмкін. 
Қызығушылығы  бойынша  саралауда  мезодеңгейде  жекелеген  пәндерді 
тереңдетіп 
оқытатын 
сыныптар 
және 
өзара 
байланысты 
пәндер  
(мысалы,  математикалық  сыныпта  математика,  информатика)  тереңдетілген 
оқытылуымен  ерекшеленетін  бейіндік  сыныптар  бөлінеді,  бейініне  сәйкес 
келетін арнайы пәндер, арнайы курстар енгізіледі. 
Жеке  қабілеттер  бойынша  дифференциация  білім  алушылардың 
қабілеттері  бойынша  қандай  да  бір  пәндерге  қатысты  ерекшеліктерін 
қарастырады: 
кейбір 
білім 
алушылар 
гуманитарлық 
пәндерге,  
кейбіреулері  –  нақты  ғылымдарға;  кейбір  білім  алушылар  –  тарихи  пәндерге, 
кейбіреулері – биологиялық және т. б. пәндерге бейім болады. 
Егер  білім  алушылардың  қызығушылықтары  бойынша  сараланған 
сыныптарды  қалыптастыру  тәжірибесіне  жүгінсек,  онда  білім  алушылардың 
қызығушылығы мен тілегі ғана емес, сонымен қатар олардың осы пәндерді оқу 
қабілеті де ескеріледі. 
Бастауыш  мектеп  үшін  білім  алушыларды  сыныптан  тыс  саралау  өзекті 
болып  табылады.  Сынып  ішіндегі  саралаудың  ең  көп  тараған  түрі  білім 
алушылардың  түрлі  күрделілік  деңгейіндегі  тапсырмаларды  орындауы  болып 


26 
 
табылады.  Бұл  ретте  білім  алушылар  мазмұнның  әртүрлі  фрагменттері 
арасында  жақын  немесе  алыс  байланыс  орнату  қажет  болған  кезде  өткен 
материалды  тарту  есебінен  қиындау  болуы  мүмкін.  Тапсырмалардың 
күрделенуі жұмыс түрлерінің күрделенуі, тапсырманы орындау кезінде қажетті 
шығармашылық  қызмет  деңгейін  күшейту  есебінен  де  жүргізілуі  мүмкін. 
Мысалы,  қарапайым  деңгейде  білім  алушыларға  оқулықтағы  параграфты  оқу, 
негізгі  ой-пікірлерді  бөліп  көрсету;  неғұрлым  күрделі  деңгейде  –  параграфты 
оқу,  оған  жоспар  мен  сұрақтар  жасау,  ең  күрделі  деңгейде  –  параграфты  оқу, 
оған аннотация мен рецензия беру ұсынылады. 
Бастауыш мектепте балалар әдебиеті туындыларымен жұмыс істеу кезінде 
білім  алушыларға  сараланған  тапсырмалар  келесідей  болуы  мүмкін:  ең  төмен 
деңгейде білім алушылар тобы шығарманы мәнерлеп оқиды; неғұрлым жоғары 
деңгейде  –  оқылған  материалды  баяндайды;  ең  жоғары  деңгейде  –  топ 
мультипликатормен жұмыс істейді немесе үзіндіні сахналайды. 
Мұғалімдер  екі  топқа  біріктіруге  болатын  оқу  процесіне  сараланған 
тапсырмаларды қосудың әртүрлі тәсілдерін қолданады: 
- бірінші: мұғалім әрбір білім алушыға тапсырма бере алады
- екіншісі: білім алушылар тапсырманы өздері таңдай алады. 
Білім алушылардың тапсырмаларын өз бетінше таңдауға дайындау қажет. 
Бірінші  кезеңде  мұғалім  әрбір  тапсырманың  күрделілігі  туралы  әңгімелейді, 
білім  алушыға  қандай  да  бір  тапсырма  таңдауға  кеңес  береді;  екінші  
кезеңде  –  тапсырмалардың  күрделілігі  туралы  әңгімелейді,  бірақ  білім 
алушылардың  өздері  таңдайды.  Мұғалім  олардың  таңдауын  түзетеді. 
Қорытынды  кезеңде  білім  алушылар  тапсырманың  күрделілігін  өздері  бөледі 
және  өздері  таңдайды.  Мұндай  жұмыс  білім  алушылардың  тиісті  талап 
деңгейіне  барабар өзін-өзі бағалауды  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Өз  еркімен 
орындау үшін тапсырмаларды білім алушыларды өздері таба алады және ұсына 
алады. 
Сараланған тапсырмалар арасында әртүрлі бағыттағы тапсырмалар кеңінен 
таралған:  білімдегі  олқылықтарды  жоятын  тапсырмалар  және  білім 
алушылардың  тақырып  бойынша  тиісті  алдын  ала  білімдерін  ескеретін 
тапсырмалар.  Сыныпішілік  дифференциацияның  түрі  мұғалімнің  білім 
алушыларға  көмек  көрсетуі  болып  табылады,  ол  тапсырмаларды  уақытша 
жеңілдетуді  (мәтінді  бөлу  немесе  дербес  бөліктерге  фрагменттеу  –  порция), 
жазбаша  нұсқаулықпен  тапсырмаларды  (мысалы,  іс-қимыл  реттілігін  көрсете 
отырып), дайындық жаттығуларымен жұмысты  (әрбір дайындық жаттығулары 
негізгі  орындау  кезеңін  білдіреді),  суретті,  сызбаны  көрнекі  бекіту  арқылы 
жұмысты қамтиды. 
Тапсырманы  мөлшерленген  көмекпен  орындай  отырып,  білім  алушы 
қажетті  нұсқаулық  материалдары  бар  конвертті  алады,  оларға  тапсырма 
орындау  барысында  жүгінбеуі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  мөлшерленген  көмек 
көлемін білім алушының өзі анықтайды. 


27 
 
Білім 
алушылардың 
жалпы 
қабілеттері 
бойынша 
сыныпішілік 
дифференциацияның  түрі  ресейлік  авторлар  В.В.  Фирсов,  В.А.  Орлов,  
В.М. Монахов жасаған деңгейлік дифференциация болып табылады. 
Авторлар  оқыту  барысында  мұғалімнің  оқу  материалының  мазмұнына 
әрдайым  барынша  бағдарланғанын  негізге  алады.  Егер  білім  алушы  осы 
максимумды  толық  игерсе,  оның  білімі  5  балмен  бағаланды,  егер  кішігірім 
қателер  болса  –  4  балл  және  т.б.  Адал  оқушы  білімді  барынша  меңгеруге 
тырысты.  Бұл,  әрине,  білім  алушының  шамадан  тыс  жүктемесін  тудырды, 
өйткені ол барлық пәндер бойынша барынша білімді меңгеруді мақсат етті. 
Деңгейлік  дифференциация  идеясының  авторлары  оқыту  процесінде  ең 
жоғарғы мазмұнға бағдарлаудан ең төменгі бағдарға көшуді ұсынды. Бұл ретте 
білім  алушы  меңгеруі  тиіс  минимумның  нақты  анықтамасы  қажет,  онсыз  ол 
осы  пәнді  оқытуда  одан  әрі  қозғала  алмайды.  Бұл  ең  төменгі  деңгей,  жалпы 
талаптар деңгейі, білім алушы білуі тиіс ұғымдар, заңдар, заңдылықтар тізбесі 
түрінде; білім алушы жауап бере білуі тиіс сұрақтар түрінде; білім алушы шеше 
білуі  тиіс  типтік  есептер  үлгілері  түрінде  анық  қойылады.  Сондай-ақ  білім 
алушы жоғары деңгейде меңгеруі қажет мазмұн да анықталады. 
Әрбір  білім  алушы  оқу  материалын  қандай  деңгейде  меңгеретінін  өз 
бетінше  анықтауға.  Жалғыз  шарт  –  бұл  деңгей  міндетті  дайындық  деңгейінен 
төмен  болмауы  тиіс.  Мұғалім  материалды  ең  төменгі  деңгейден  жоғары 
деңгейде  түсіндіреді.  Бұл  ретте  мұғалім  қандай  да  бір  деңгейде  шұғылдана 
отырып,  білім  алушылар  меңгеруі  тиіс  оқу  материалының  мазмұнын  нақты 
көрсетеді және кезекті тақырыпты оқып-үйренудің алдында білім алушыларды 
қол жеткізуге тиіс нәтижелермен таныстырады. 
Егер  білім  алушы  белгілі  бір  пәнді  міндетті  талаптар  деңгейінде,  ал 
екіншісі  жоғары  деңгейде  (мұндайда  ол  қалап  қана  қоймайды,  сонымен  қатар 
қолынан келеді) оқығысы келсе, онда ол осындай мүмкіндіктерді иеленуі тиіс. 
Осылайша,  деңгейді  саралауда  білім  алушының  интеллектуалды  қабілеті  ғана 
емес, оның мүдделері де ескеріледі. 
 Оқыту  практикасына  деңгейлік  дифференциацияны  енгізу  кезінде  белгілі 
бір пәнді оқуға қабілеті бар кейбір білім алушылар міндетті деңгейден жоғары 
деңгейді  таңдағысы  келмегені  анықталды.  Осындай  көрініс  басқа  пәндерге 
қатысты  да  байқалды,  яғни  білім  алушы  бір  пәнді  өзге  пәнді  жақсы  деңгейде 
меңгеру  үшін  төменгі  деңгейде  оқиды  деп  айтуға  болмайды.  Мұндай  білім 
алушылардың  мүдделері  мектептен  тыс  салаға  байланысты:  спортпен, 
достарымен қарым-қатынас, музыкамен әуестенумен байланысты болды. 
Деңгейлеп  саралауды  енгізгенге  дейін  осы  білім  алушылардың  оқу 
жетістіктері  айтарлықтай  жоғары  болды.  Енгізілетін  дифференциацияның 
формасын 
түзету 
қажет 
болды. 
Мұғалімдер 
қосымша 
міндет  
қойды  —  1-сыныптан  бастап  балалардың  жарысуға,  салауатты  бәсекелестікке 
ұмтылысын  қалыптастыру.  Мұғалімдер  білім  алушыға  төмен  деңгейде  білім 
алудың  ұят  екендігін,  өзін  толыққанды  жүзеге  асыруға  талпыну  қажеттілігін 
түсіндіруге тырысты.  


28 
 
Ішкі  дифференциацияның  формасы  –  білім  алушылардың  білімді  толық 
меңгеру моделі бойынша топтық жұмысы. Білімді толық меңгеру моделі білім 
беру  қызметінде  нақты  мақсат  қоюды  болжайды:  білім  алушылар  нені  білуі 
керек,  оқу  барысында  қандай  құндылықтар  қалыптасуы  керек.  Мақсаттардың 
технологиялылығы  өте  маңызды:  оларға  қол  жеткізу  тексерілуі  тиіс,  яғни 
тексеру құралдары болуы тиіс. 
Белгілі  бір  тақырыпты  материалдың  базалық  мазмұны  деңгейінде 
зерделеп, сынақты тапсырғаннан кейін, оның барысында қойылған мақсаттарға 
жету анықталады, сынып екі топқа бөлінеді: біріншісі – тақырыпты меңгерген 
білім  алушылар,  олармен  материалды  кеңейтілген  және  тереңдетіп  оқыту 
ұйымдастырылады,  екінші  топ  –  тақырыпты  меңгермеген  білім  алушылар,  
бұл топпен мазмұнды меңгеру бойынша қосымша жұмыс жүргізіледі. 
Бірінші  топта  күрделілігі  жоғары  міндеттерді  шешу,  стандартты  емес, 
шығармашылық  тапсырмаларды  орындау,  ғылыми  мәселелерді  талқылау, 
қосымша  әдебиеттермен  танысу  бойынша  жұмыс  ұйымдастырылуы  мүмкін. 
Мұндай жұмысқа бір-екі сабақ арналуы мүмкін. 
Екінші  топта  жеткілікті  меңгерілмеген  білім,  іс-әрекет  тәсілдері 
пысықталады. Мұндай жұмысқа бірінші топтың білім алушылары кеңесшілер, 
мұғалімнің көмекшілері ретінде қосыла алады [17].  
«Инклюзивті білім берудің негізгі педагогикалық технологиялары» еңбегін 
қарастыруды  ұсынамыз,  онда  автор  Е.В.  Самсонова  білім  беру  процесін 
дараландыратын  технологияларға,  оқытуды  саралау  технологияларына  
және  инклюзивті  процестегі  жетістіктерді  бағалау  технологияларына  
егжей-тегжейлі сипаттама береді. 
Педагогтердің назарын автор ұсынған білім беру процесін дараландыратын 
технологиялардың сипаттамасына аудартуды ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет