Методические указания Форма ф со пгу


КУРС ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет4/6
Дата22.04.2023
өлшемі190 Kb.
#85730
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6
КУРС ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Таңдап алынған тақырып қалай болса, солай жазылмай, ойды жүйелі бере білуге бағытталуы міндетті.


Курс жұмысы студентті өздігінен тәжірибе жинақтауға үйретеді, сондықтан көп ізденіп жазуды және жауапкершілікпен қарауды талап етеді.
Курс жұмысында мақал-мәтелдерді, би шешендердің қанатты сөздерін қажетіне қарай орынды қолдана білуі міндетті.
Курс жұмысы көздің нұрын алатындай әдемі жазылған болуы тиіс.
Ең жауапты да шешуші кезең бақылау жұмысын жазып, оны сәтті қорғау, ойын жүйелі, нақты жеткізу.
Курс жұмысы 25-30 парақ беттік мәтін болуы керек. Курс жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ережеге сай жазылуы міндетті.
Курс жұмысының толтырылуы талапқа сай болуы шарт.
Курс жұмысы толық жазылып біткен соң, арнайы пән кафедрасына өткізіледі, онда норма бақылаушы оқытушының атына тіркеп, тексеруге оқытушыға табыс етеді.


КУРС ЖҰМЫСЫН ЖАЗУДА БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР:



  1. Жазушының өзіндік стильдік ерекшелігін айқындау

  2. Жазушының сөз қолдану шеберлігін айқындау

  3. Сөзді көркемдеу тәсілдерін таба айқындау, меңгеру

  4. Стильдік қателерді таба білу, оны дәлелдей алу

  5. Жазушының сөз тіркестерін, сөйлемдерді белгілі бір нормаға сай дұрыс та әсерлі қолдануын тина білу

  6. Көңілдегі ойдың тіл арқылы айқын да анық жеткізілуін тани білу

  7. Эмоционалды-экспрессивті бояуы бар амал тәсілдерді орынды да тиімді болуын тани білу



КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



Нұсқа бойынша тапсырмалар
(ұсынылатын әдебиеттер)

Әдістемелік нұсқаулар

1.С.Көбеевтің «Қалың мал» романын жазудағы жазушы шеберлігі.

2.Б.Майлин. «Шұғаның белгісі» повесіндегі мезгілдік қабаттардың суреттелуі.


3.М.О.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесін сомдаудағы шеберлігі.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Майлин Б. шығармалары. 1-5-том. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Әуезов М. «Абай жолы» романы. –Алматы: Жазушы, 1983.

  3. Көбеев С. «Қалың мал» романы. –Алматы: Жалын, 1986.

  4. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы: Санат, 1994.

Сөйлем құрылымдарының біркелкілігі, диалектілік ерекшеліктер және лексикалық элементтердің қызметі
Шығарманың құрылымда бірнеше мезгілдік шақтың келуі. Әңгімелеу ішіндегі диалог, суреттеулердің ролі. Нәзік лирикалық бояулардың түзілуі.
Синонимдік қатардың түзілуі. Жас ерекшелігіне қарай топтастырылуы.
а) Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, …
ә) Ділда, Ұлжан, …

1.«Раушан-коммунист» повесін жазудағы жазушының өз стилінің көрініс табуы.
2.Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы жазушының өз ойы қорытындысынан туған мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің түзілуі.
3.Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы тілдік көрініс ереклеіктері.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Майлин Б. шығармалары. 1-5 том. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Мүсірепов Ғ. «Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  3. Аймауытов Ж. «Қартқожа» романы. –Алматы: Жазушы.

Көп сөзді емес, көбінесе кейіпкерді сөйлетуі. Оқиға құбылысты сырттай баяндамайды, ішкі жағын ашуы.
«Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романдарын оқи отыра, мақал-мәтел мен қанатты сөздерге картотека жинап, оның мән-мағынасын ашу.

Тілдік тәсілдер: ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер, сөйлеу орамдары, сөйлем құрылымындағы инверсиялық ауысулар, шылау сөздер, қарапайым сөздер, жалпылама жақты және сұраулы сөйлемдер.



1.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының құрылымдық-композициялық ерекшелігі, автордың негізгі арқау болар өз тәсілдері.
2.Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы шеберлігі.

3.С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы жазушының стилі, өзіндік ерекшелігі.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Аймауытов Ж. «Ақбілек» романы. –Алматы: Жазушы.

  2. Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. –Алматы: Жазушы, 1986.

  3. Мұқанов С., Ботагөз. –Алматы: Жазушы, 1989. –480-бет.

Кейіпкердің ішкі жан дүниесі, оқиға құбылысты ішкі жағынан шынайы суреттелуі. Кейіпкер болып ойлау, кейіпкер болып сөйлеу мәнері.

Кейіпкерлердің портретін (бейнесін) беру тәсілдерінің ерекшелігі (бет-әлпет, қимыл қозғалысы т.б.). Синекдоханың (сөздің ауыс сөздің астарлы мағынасының диі қолданылуы).


Романның әр бөлімінің аталу себептері, жазушының сөз қолданысы, өзіндік стилі, мақал-мәтел, фразеологиялық тізбектердің рең бере шебер қолданылуы

1.М.Мұқатаевтің «Райымбек, Райымбек» дастанын жазудағы ақынның тіл қолданысындағы шеберлігі.
2.Ашу түрлерінің көркем әдебиетте түзілуі, қолданылу ерекшелігі.
а) ашу сөзінің бастапқы түрінен даму, биіктеу ретімен берілуі
3.Көркем шығармадағы оттың жануы және түтін түрлерінің түзілуі.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Мақатаев М. Райымбек, Райымбек.

  2. Жүсіпов Қ. Көркем сөз құдіреті.

  3. Әуезов М. «Абай жолы» романы.

  4. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер».

  5. Жүсіпов Қ. Көркем сөздің құдіреті. –Павлодар: Павлодар университеті, 2000.

Дастандағы омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарлардың түзілуі. Тілдік құралдардың қолданылу өрісі (эпитет, теңеу, метафора т.б.)

а) Қабақ тыржиытп, қырыстанып, қатулану, қайнай сөйлеу, қыстығып, булығып, сызданып, тепсініп, түрлігіп, сызданып, тасрылап, нәрлену, түйіліп, жиырылу т.б.


ә) қызба, морт, дүңк, шадыр, долы, тырысқақ т.б.
а) От жануы: ұшқын, шалу, шарпу, тамызу, тұтану, сыздықтау, лап ету, сытырлау, маздау, лаулау, шоқтану, жайнау т.б.
ә) Түтін сипаты: бықсу, ұйтқу, шалқу, шаншылу, әуелеу т.б.

1.Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясындағы «қарау» сөзінің контестік қолданысы.

.2.«Қуану» сөздерінің көркем әдебиетте түзілуі.


3.Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романындағы достықтың шебер суреттелуі.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» трилогиясы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея, І-ІҮ том. –Алматы: Жазушы, 1979.

  3. Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін. –Алматы: Жазушы, 1967.

  4. Мүсірепов Ғ. Қазақ солдаты.

Таңдана қарады, көп көзі шатынай қарады, одырап қарады, сүйсіне қарау, жай қарау, өзгеше бір ықыласпен қарады, анықтап қарау, күлімсірей қарады, сүзіле қарау т.б.
Желпіну, албырау, сілкіну, жадырау, жарқын жүзді болу, қоштану, шаттану, лепіру, тасу, масайрау, насаттану, жайнаңдау, масаттану т.б.
Романдағы халықтар достығын, олардың елге, Отанға, анаға деген сүйіспеншіліктерінің шебер үндесіп суреттелуі (Лейенат Березкин, жауынгер Сарталиев, владимир Толстов, Капитан Ақжаров, Сергей Астахов т.б.)

1.«Ұнату» түрлерінің көркем әдебиетте қолданылу стилі, ерекшелігі.
2.Ғ.Мүсіреповтың әңгімелеріндегі ана бейнесін сомдаудағы жазушы шеберлігі, өзіндік ерекшелігі.

3.Абай поэзиясындағы табиғат құбылыстарының суреттесу шеберлігі.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Мүсірепов Ғ. «Қазақ солдаты».

  2. Мүсірепов Ғ. Ер ана, Ақлима, Ашынған ана.

  3. Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Жазушы, 1986.

Оң назарын салу, жан тарут, емексу, қалау, жақтыру, құмарту, ынтық болу, сүйсіну, мейірлену, қызығу, емірену, елжіреу, үздігу, үйірілу, тәнті болу, елту, үзілу, еру т.б.
«Ер ана», «ашынған ана», «Ақлима» т.б. әңгімелерін оқи отыра, ана бейнесін ашуда қолданған сөз кестелері:мақал-мәтел, омонимдік, синонимдік қатарлардың түзілуі
«Жаздыгүні шілде болғанда», «Ақ қырау, түсі суық», Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан» т.б.

1.Табиғаттың тылсым күштері. Жаңбыр және жел түрінің көркем шығармада түілуі.
2.Көркем шығармада қардың жауу түрлері, олардың шығармадағы тілдік көрінісі.
3.Қ.Шәкәрім шығармаларындағы фразеологизмдердің түзілуі.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» трилогиясы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Әуезов М. «Абай жолы» роман-эпопея, І-ІҮ том. –Алматы: Жазушы, 1979.

  3. Мұстафин Ғ. Дауылдан кейін. –Алматы: Жазушы, 1967.

  4. Мүсірепов Ғ. Қазақ солдаты.

  5. Шәкәрім Қ. Өлеңдер мен поэмалар. –Алматы: Жалын, 1988. –256 бет.

а) Жауын түрлері: сіркіреу, бүрку, себелеу, сылбыр жауын, шүмектеу, нөсер, сытырлау, сатырлау т.б.
ә) Жел түрлері: ызғар, азынау, үлеу, суылдау, ұйтқу, кеулеу, сумаңдау, ызыңдау т.б.
а) Қардың жауу түрлері: жапалақ қар, қалың сіреу қар, шыныланған қатқыл қар, үлбіреп, сылбырап жауып тұрған ақша қар, қиыршық қар т.б.
Тілімізге бейнелі, мәнерлі рең берудегі фразеологизмдердің стильдік әсері.

1.Саттар Ерубаев – шебер прозашы («Менің құрдастарым» романы бойынша).
-
2.«Күлкі» сөзінің көркем әдебиеттегі контекстік қоднаысы.
3.М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанын жазудағы ақынның шеберлігі.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Ерубаев М. Менің құрдастарым. –Алматы: Жалын, 1979.

  2. Нұрпейісов Ә. «Қан мен тер» трилогиясы. –Алматы: Жазушы, 1986.

  3. Мақатаев М. Аққулар ұйықтағанда. –Алматы: Атамұра, 2002. 221-231 бб.

Романда Қарағандының өткенімен бүгіні, Рахмет образы арқылы өмірдің әр белесіндегі кейіпкер күйі, Лизаның еңбек майданындағы күрегі, Рахмет пен Лизаның достығы т.б. мәселелердің шебер суреттелуі
а) Селкілдеп күлу, әзіл-күлкі аралас, әсем күлкі, шек-сілесі қату, қарқылдап күлу, жас аққанша күлу, сүйсініп күлу, мырс етіп күлу, тұмшаланып күлу, сақ-сақ күлу
ә) күлкінің ерні кезерді, күлім қақты, күлкі болды, күлкіге айналдырды
а) Аққудың мүсінін кескіндеген сөздер;
ә) Аққу үнінің ерекшелігін бейнелейтін сөздер;
б) Оқ тиген аққудың мүшкін халін өрнектеген детальдар
в) жаралы аққудың жанталасуы кеіндегі аяныш сезімінің берілуі т.б.

1.Көркем шығармаларда кездесу-келісім түрлерінің түзілуі.
2.М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында көріктеуіш сөздерді қолдану шеберлігі.
3.«Көкшетау» поэмасында ақынның портрет жасаудағы тіл шеберлігі, стилі.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. І-ІІ том. –Алматы: Жазушы, 1986.

  2. Сейфуллин С. Поэмалар мен пьесалар. –Алматы: Жазушы, 1987.

а) Кездесу: ұшырасу, кез болу, тап болу, орайласу, жолығу, тоғысу, қауышу
ә) Келісім: бітімге келу, жығылу, сөзді пісіру, сөз байласу, мәмілеге келу т.б.

  1. Ұтымды теңеулер: ашуы жауған қардай, шөккен нардай т.б.

  2. Метафораны: наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат т.б.

  3. Метонимия: күңіреніп жолбарыстай, көкжал

Оралған аш беліне, қап-қара қарлығаштың қанатындай, аш белі көк шыбықтай солқылдайды, қолаң шаш бейне жібек толқындайды.
Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ, денесі көк құрыштай, өрдеш-малқақ, қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты…

1.І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанының көркемдік ерекшелігі, ақынның сөз қолдану шеберлігі.
2.Көркем шығармалардағы «тез» ұғымын берерлік сөздердің қолданылу өрісі
3.«Абай жолы» романында сыйлау-құрметтеу түрлерін қолданудағы жазушының тіл шеберлігі.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жансүгіров І. Поэмалар. –Алматы: Жазушы, 1987. –344б.

  2. Әуезов М. Абай жолы. –Алматы: Жазушы, 1983.

  1. Табиғат сұлулығын суреттеуі

  2. Ат жарысы

  3. Бұлақтың суалуы, ағаштың құлауы, орны толмас апат

  4. Атақты ат білгірі, бапкері Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы т.б.

Тез: дереу, табанда, жалма-жан, шапшаң, заматта, ілезде, іле-шала, шұғыл жедел, жөпелдемеде, суыт т.б.
Тездету: үсті-үстіне, сып беру, зыр ету, жиілету т.б.
Әдеп сақтау, ізет көрсету, елпілдеу, иба тұту, инабат көрсету, жік-жапар болу, жалпылдау, иілу, елбеңдеу, далақтау, жнаы қалмау, баптау, қошаметтеу, қадірлеу, бәйек болу, аялау, мәпелеу, әлпештеу, әз тұту т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет