Сабақтың түрі – пікір талас Әдістемелік нұсқау: әр студент сұрақтар бойынша ой-пікірлерін А4 қағаз бетіне түсіріп, қысқаша талдайды. (Әр студентке 3-4 минут). Сөз соңында барлығы ортақ бір пікірге келіп, жалпы сабақ бойынша тұжырым жасап, ұсыныстар жасайды. Дұрыс жауаптар бағаланады.
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ) ТАҚЫРЫП : Мәдениет типологиясы. ( Мәдениет типінің түсінігі, мәдениеттің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті тәсіл.)
Тірек сөздер: мәдениет типі, типология, типологияландыру мазмұны: 1. Типология мәдениет зерттеу әдісі ретінде.Мәдениет «типі» түсінігі.
2.Мәдени-тарихи типологияның принциптері мен критерийлері
Нұсқау : Н Данилевский мәдениет типологиясы. Ол локалды « мәдени- тарихи типтер» ілімін құрастырды. Және бұл типтер өздамуында туындау , гүлдену, құлдырау және жойылу кезеңдерінен өтеді дейді.Н.Я. Данилевский өзінің мәениеттер типологиясының негізгі критерийі рптінде қандай да бір нақтылы мәдениетке сәйкес мәдени құндылықтардың басымдығын қамтамасыз ететін әрекет түрлерінң басымдығын алды.
Н.Я. Данилевский төрт түбегейлі әрекет түрлерін атап көрсетеді:
1. діни әрекет
2. мәдени әрекет
3. саяси әрекет
4. экономикалық әрекет
О. Шпенглердің мәдениет типологиясы. Шпенглерде бірегей жалпы адамзаттық мәдениет бар ма деген сұраққа теріс жауап береді. Олөзжауабын барлық мәдениеттердің оқшау екндігін мойындаудан және олардың өзгерісінде тек бір логиканы мойындаудан іздейді. Шпенглер бойынша, мәдениеттердің өміллік циклі-бұл кез-келген тірі организмнің өмірлік циклі. Бұл ұстанымда ол өзінің аяқталуына жеткен , 8 мәдениеттер типін атап көрсетеді., олар: қытайлық, вавилондық, үнділік, антикалық( грек-римдік), арабтық, батыс-еуропалық, майялық. О. Шпенглер тарихи мәдени тип шектерінде мәдениет басқалардан ештенені қабылдамай, оқшау өмір сүреді, сондықтан мәдени сұхбат мүмкін емес деп пайымдайды.