Методические указания Редакция 1 Страница из практикалық сабақҚА Әдістемелік нұСҚама



бет5/6
Дата06.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#80087
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№11 тақ ИКГ каз СОҢ

Дәнекерлеу - металдар мен қорытпаларды қатты күйінде дәнекер арқылы біріктіру. Дәнекердің балқу температурасы біріктірілетін металдарға қарағанда төмен болады.
Дәнекер. Дәнекер жұмсақ және қатты деп екіге бөлінеді. Жұмсақ дәнекер электртехникалық зауыттарда, тұрмысты жағдайларда өте жие қолданылады. Себебі, дәнекердің құрамындағы металдардың балқу температуралары төмен. Қатты дәнекер стационар жағдайда, ауыр жүк көтеретін механизмдерде не жоғары температурада жұмыс істейтін механизмдерде қолданылады. Мысалы турбиналардың қалақтары, велосипедтің, мотоциклдің дөңгелектерінің шабақтары, автомобильдердің радиаторлары.
Жұмсақ дәнекердің құрамында қалайы, қорғасын және кадми сияқты металдан тұрады. Олар: ПОС 40, 61, 90 ГОСТ 14299 – 77 стандартта қарастырылған.
Қатты дәнекердің құрамында мыс, мырыш және күміс металдары болады. Олар: ПМЦ 36, 48, 54 ГОСТ 23137 – 78 және ПСр 10, 12, 25, 45 ГОСТ 19738 - 74 стандарттарында қарастырылған.
Сызбада дәнекермен біріктірудің кескіні, қалыңдығы екі есе жуан сызықпен көрсетіліп, екі жақты нұсқамасы бар шығару сызығы орындалады және оған белгі қойылады (5,а сурет).
Желімдеу – тетіктерді желім көмегімен біріктіру.
Желімдеу.Желімдеумен біріктіру пісірумен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар. Олар:
1. Әртүрлі материалдарды біріктіру.
2. Жұқа не өте жұқа материалдарды біріктіру.
3. Саңылаусыз біріктіру орындау.
4. Біріктірілген беттердің тегістілігі.

5, a сурет

Сызбада желімдеумен біріктірудің кескіні, қалыңдығы екі есе жуан сызықпен көрсетіліп, екі жақты нұсқамасы бар шығару сызығы орындалады және оған белгі қойылады (5,a сурет).


Желімнің түрлері: БФ – 2, БФ – 4 ГОСТ 12172 – 77; ВС – 10Т ГОСТ 22345 – 77. Эпоксидті желім ES -509, ЕС – 510, ЕС – 520.

5,б сурет
Тігіс. Сызбада тігіс жіңішке тұтас сызықпен көрсетіледі. Нұсқамасыз шығару сызығы орындалып, оған белгі қойылады (5,б сурет). Егер тігіс бірнеше қатарлы болса, онда оның шеткісін көрсетіп, сан және қашықтығы сөренің астына жазылады. Мысалы 2х4, 2 қатар, 4 қатар жолының қашықтығы.
Шығару сызықтарына қойылған белгілер жуан сызықпен орындалады.
Тойтару операциясын әдетте жайпақ материалдарды тойтарма (заклепка) деп аталатын басы өзгешеболт тектес шағын тетікпен бір немесе бірнеше дайындамаларды біріктіру процесі арқылы орындайды.
Тойтару суық және ыстық күйінде жасалады. Біріншісі тойтарманы қыздырмай өңдеу, екіншісі тойтарманы 1000º-1100ºС-ға дейін қыздырып салады.
Тойтаруды қолмен, механикаландырылған және машинамен орындалады олар:

  1. қолмен слесарлық балғамен немесе қондырғымен соғумен;

  2. механикаландырылған пневматикалық тойтару балғаларын пайдаланумен;

  3. машиналы тұрақты орындағы тойтару престерін пайдаланып тойтару.

Тойтару мен біріктіру сәті 6суретте бейнеленген.

6 сурет. Тойтару арқылы біріктіру:


а-тойтару арқылы біріктіру схемасы (1-тойтару түтікшесі; 2-тұйықтау бастиегі; 3-тойтарманың екінші басы
б,в,г,д,е - әртүрлі пішінді тойтарма түтікшелері; ж-айқастырылып тойтарылған жік; и-қосарланған дайындамаларды ұштастырып тойтарылған жік.

Тойтарма өзектен 1 асты мен үсті зенкерленіп қиық жасалған екі бөліктен 2 және 3 тұрады (6,а сурет). Оның әртүрлі пішіндері (6 б,в,г,д,е сурет) жеке даярланады. 6 суреттің (ж,з,и) бөліктерінде бірқатар, екіқатар, үшқатар тойтармалар салыну сұлбасы көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет