Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина
ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ
ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЖАҢАРТУ
Әдістемелік құрал
ОБНОВЛЕНИЕ СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
НА ОСНОВЕ ОПЫТА НАЗАРБАЕВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫХ ШКОЛ
Методическое пособие
Астана
2014
1
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2014 жылғы 22 шілдедегі № 6 хаттама).
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 22. 07. 2014 г.).
Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі
негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы
ҰБА, 2014. – 43 б.
Обновление содержания среднего образования на основе опыта
Назарбаев Интеллектуальных школ. Методическое пособие. – Астана:
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. – 56 с.
Бұл әдістемелік құралда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
жинақтаған теориялық және практикалық тәжірибесіне шолу жасалған.
Зияткерлік мектептер тәжірибесін Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесіне тарату жөніндегі мемлекеттік саясаттың бағыттары, ерекшеліктері
мен қауіп-қатерлері талданған.
Әдістемелік құрал білім беруді басқару органдарының қызметкерлеріне,
әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектеп, педагогикалық колледж және жоғары
оқу орындарының басшылары мен педагогтеріне арналған.
В методическом пособии представлены обзорные данные о теоретическом
и практическом опыте, накопленном АОО «Назарбаев Интеллектуальные
школы».
Проанализированы
направления,
особенности
и
риски
государственной политики трансляции опыта Интеллектуальных школ в
систему образования Республики Казахстан.
Пособие предназначено для сотрудников органов управления образования,
методистов, руководителей и педагогов общеобразовательных школ,
педагогических колледжей и высших учебных заведений.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2014
© Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2014
2
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім жүйесі тәуелсіздік алғаннан бері белгілі
бір даму жолынан өтті. Өткізілген реформалардың септігімен ұлттық білім
жүйесі жалпы белгілері бойынша әлемдік білім беру кеңістігімен үндестік
тауып отыр. Айқын прогрессивті өзгерістерге қарамастан білім жүйесінің
негізіндегі бірқатар кемшіліктер бүгінгі таңда сапасыз оқулық, оқыту
дәрежесінің төмендігі, айналып келгенде, оқушылардың функционалдық
сауаттылығының аздығы іспеттес проблемаларды шешуге қолбайлау болып
отыр [1].
Еліміздің білім жүйесі әлем кеңістігімен ықпалдасуы одан әрі
жалғастыруы – объективті әрі стратегиялық қажеттілік. Оны іске асыру
жолында Қазақстан жоғары білім саласындағы негізгі халықаралық
келісімдерге қосылды, атап айтқанда, «Еуропа өңірінде жоғары білімге
жататын біліктілікті тану туралы келісімге» (Лиссабон Конвенциясына, 1997),
Болон Декларациясына қол қойды. Еліміздің Болон процесіне қосылуы (2007)
өз ретінде бүкіл білім жүйесін реформалауды қажет етті. 2012 жылдың шілде
айында ІІІ Болон процесіне қатысушы елдер білім министрлерінің
конференциясында Қазақстан 2012 жылғы 3 сәуірдегі Бухарест
Коммюникесіне қосылып, мектеп түлектерінің біліктілігін Еуропалық
біліктілік шеңберінің 4-деңгейіне жеткізуге міндеттеме алды. ҚР Ұлттық
біліктілік шеңбері бойынша аяқталған қазақстандық орта білім 3-ші біліктілік
деңгейіне сай келеді. Осылайша Болон процесін ойдағыдай жалғастырудың да,
мемлекетіміздің халықаралық аренада сәтті болуының міндетті шарты орта
білім мазмұнын жаңарту болып табылады [2, 3].
Осы заманғы кезеңде әлемдік білім беру тәжірибесінде білім сапасын
жетілдірудің жаңа бағыт-бағдарлары нәтижеге бағытталған білім беру үлгісі
арқылы жүзеге асырылады. Көптеген елдердің білім берудегі ауқымды
реформалары білім берудің заманауи үлгісін тарихи қалыптасқан жағымды
дәстүрлерді сақтай отырып, инновациялық көзқарас-ыңғайларды пайдалануды
көздейді.
Бүгінгі күні адамның білім алудағы сұранысы «білетін адамнан» –
«шығармашылық тұрғыда ойлайтын, әрекет етуге, өздігінен жетілуге қабілетті
адам» үлгісіне ауысып отыр.
Білім мазмұны оқыту мен тәрбиенің өзге құрауыштарымен салыстыра
келгенде, түйінді және ең тұрақты шамасы болып келеді. Сондықтан оны
жаңарту жұмысы жаңа білім беру парадигмасын тудырып, бірқатар қажетті
педагогикалық шарттар кешенінің өзгеруіне әкеледі. Бұл білім беру қызметінің
ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауға да
қатысты.
Қазақстандағы білім беру реформаларының басты мақсаты білім жүйесін
жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, республикамыздың әлемнің ең
дамыған 30 елдің қатарына кіруін жеделдету.
Аталған басымдықтар отандық білім беру саласын реформалау мен
3
жаңғыртудың қарқынды жүруіне себепші. Бұл процесте бірнеше жыл бойы
оқыту инновациялары саласында озық халықаралық тәжірибені ендіріп, елеулі
әлеует жинақтаған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату
жөніндегі Елбасы тапсырмасының алатын орны зор [4].
Қолыңыздағы әдістемелік құралдың мақсаты Қазақстан Республикасы
жалпы білім беру мектептерінде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жұмысының
тәжірибесін зерделеу және трансляциялау болып табылады.
Міндеттері:
1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жинақталған теориялық және
практикалық тәжірибені шолу жасау;
2) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ҚР жалпы білім мектептеріне
берілетін білім беру бағдарламаларының жаңарған мазмұнын талдау;
3) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламаларын
бейімдеу арқылы ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі орта білім мазмұнын
жаңарту бойынша әдістемелік ұсынымдарды дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
–
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да жинақталған теориялық
және практикалық тәжірибелер туралы деректерге шолу;
–
ҚР жалпы білім мектептеріне берілетін «Назарбаев Зияткерлік мектебі»
АБҰ тәжірибесінің концептуалдық бағыттарын сипаттау;
–
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламаларын
трансляциялау бойынша әдістемелік ұсынымдар жасау.
4
1
Орта білім сапасын арттырудың шетелдік озық тәжірибесін зерделеу
және енгізу бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметіне
шолу жасау: теория және практика
1.1 Орта білім сапасын арттыру жөніндегі озық шетелдік тәжірибені
зерделеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық
2000-
жылдардан бастау алатын орта білім мазмұнын жаңарту мәселелері
төңірегіндегі халықаралық ынтымақтастық 2010 жылдан бастап сабақ беру мен
оқытуда сапа көрсеткіштері жоғары Зияткерлік мектептер желісін құруға,
мониторинг жүргізу мен бағалаудың кешенді жүйесін әзірлеуде үздік
халықаралық тәжірибе алуға бағытталды.
Тәжірибе нәтижелерге қол жеткізу үшін шетелдік әріптестермен
ынтымақтастық жөніндегі жұмыс бәсекелі, тұрақты және өтемді
(келісімшартты) негізде жүргізілуге тиіс екендігін көрсетеді. Бұл ретте
халықаралық ынтымақтастық әлемдік үздік практикаларды тарту және оларды
отандық тәжірибемен интеграциялау призмасы арқылы ғана емес, ДББҰ-ның
халықаралық білім беру кеңістігінде толыққанды «ойыншы» ретінде өзара
дамуы және өзара молаюы, қалыптасуы негізінде тең әріптесті орнату ретінде
қаралуы керек [5, 39 б.].
Зияткерлік мектептердің қызметі танылған шетелдік ұйымдар – білім беру
провайдерлерімен тығыз әріптестікте іске асырылады. Білім берудің мазмұнын
айқындау мәселелерінде ДББҰ Кембридж Университетінің Халықаралық
Емтихан Кеңесімен ынтымақтасады. Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу және
қазақстандық авторларды, редакторларды, дизайнерлерді, иллюстраторларды,
суретшілерді, аудармашылар мен медиа-зерттеушілерді оқыту мәселелері
бойынша ДББҰ Кембридж Университетінің және Оксфорд Университетінің
Баспаларымен ынтымақтасады.
Мектептердің мұғалімдері, директорларының орынбасарлары мен
директорлары үшін кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеу, инновацияларды
енгізудің тиімділігі бойынша зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу Кембридж
Университетінің Білім беру Факультетімен бірлесіп жүзеге асырылады [5, 38 б.].
Оқушылардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетін
психометриялық бағалау үшін тесттер әзірлеу және алынған білімді Зияткерлік
мектептерге конкурстық іріктеу кезінде қолдана білуін бағалау, оқушының
оқуға қабілетінің әсерін бағалау жөніндегі зерттеулерді ұйымдастыру және
жүргізу мәселелерінде ДББҰ Джонс Хопкинс Университетінің Талантты
жастар орталығымен және CITO Педагогикалық өлшемдер институтымен
(Нидерланды) тығыз ынтымақтасады.
ДББҰ қызметкерлерін кәсіби дамыту Кембридж Университетімен,
Пенсильвания Университетімен, Хельсинки Университетімен, Темасек
Политехник (Temasek Polytechnic, Сингапур), CITO Педагогикалық өлшемдер
институтымен (Нидерланды), Джонс Хопкинс Университетінің Талантты
жастар орталығымен және басқалармен тығыз ынтымақтаста жүзеге
5
асырылады.
CITO Педагогикалық өлшемдер институты (Нидерланды) оқушылардың
пәндер бойынша оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеу
мәселесі бойынша негізгі әріптес болып табылады.
Оқушылардың таңдамалы курстары мен алмасу бағдарламалары Bell
(Кембридж), IH (Ирландия), CTY (АҚШ), Колмогоров атындағы
Мамандандырылған
оқу-ғылыми
орталығымен
(Ресей),
Корольдік
университетімен (Ұлыбритания), Табиғи ғылымдардың тарихи мұражайымен
(АҚШ) және басқаларымен ынтымақтастықта іске асырылады.
Білікті шетелдік мұғалімдер мен қызметкерлерді ақылы негізде іздестіру
және іріктеуді, яғни рекрутингті ДББҰ Teachanywhere, SearchAssociates, TIC
және International House ұйымдарымен әріптестікте жүргізеді [5; 6].
1.2 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру үдерісіндегі
инновациялар
2008 жылғы 12 наурызда Президент жаратылыстану-математика
бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті дарынды балаларды іріктеу және оқыту
үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Зияткерлік мектептер
желісін құру жөніндегі бірегей жобаға бастамашы болды.
Зияткерлік мектептер Президенттің ойынша ұлттың зияткерлік әлеуетін
дамытуға жәрдемдесуге тиіс. Ал мектептердің түлектері Қазақстанның әл-
ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өрелі үлес қосады. Президент
қойған міндеттерді орындау үшін Зияткерлік мектептер инновациялық білім
беру моделін әзірлейді, олар үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені
интеграциялайды. Дәл осындай көзқарас мектептердің түлектеріне Назарбаев
Университетіне, үздік қазақстандық және беделді шетелдік жоғары оқу
орындарына ойдағыдай оқуға түсуге және оқуларын аяқтауға мүмкіндік береді.
Олар еңбек нарығында сұранысқа ие болатын болады, әлеуметтік-
экономикалық және саяси салаларда белсенді ынтымақтасатын болады,
инновацияларды жер-жерде енгізеді, осылайша, Қазақстанның халықаралық
аренадағы беделі мен іскер абыройын арттыратын болады [5, 3 б.].
Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен
ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі
заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті
дамыту үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
құрылды. Ұйымның қызметін 2011 жылғы 19 қаңтардағы «Назарбаев
Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры»
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы реттейді [5; 7].
Дербес ұйымның басқару органдарына Жоғары қамқоршылық кеңес,
Қамқоршылық кеңес және атқарушы орган – Басқарма жатады.
ДББҰ стратегиялық мақсаты – Үздік қазақстандық және халықаралық
тәжірибе мен практиканы ықпалдастыратын инновациялық білім беру моделін
6
құру және енгізу. Бұл мақсат жету жолында келесі стратегиялық міндеттер
орындалуы керек:
–
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйесінде қазіргі заманғы
басқару нысандарын іске асыру;
–
бастауыш, негізгі және жоғары мектептер үшін білім беру бағдарламасы
мен оқу материалдарын жасау;
–
функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, жасампаз, және
сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті,
жетекші қазақстандық және халықаралық университеттерге түсетін
оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететін оқытатын орта жасау;
–
білім беру сапасын бағалаудың айқын жүйесін әзірлеу;
–
мұғалімдер мен басқа да педагог қызметкерлерді кәсіби дамытуды
қолдау;
–
жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды
іздестіру мен конкурстық негізде қабылдау;
–
ДББҰ қызметіне ата-аналар жұртшылығын, үкіметтік емес ұйымдарды,
жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тараптарды тарту;
–
Зияткерлік мектептер желісін кеңейту;
–
Зияткерлік мектептердің тәжірибесін Қазақстанның орта білім беру
жүйесіне көрсету;
–
әлемде халықаралық деңгейде танылған білім беру және ғылыми
ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ девизі – Білім берудегі жоғары сапа және
көшбасшылық!
Миссиясы: Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен
практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің
инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы Қазақстанның
зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.
Пайымдауы: Зияткерлік мектептердің түлектері - орнықты адамгершілік құндылығы
қалыптасқан өз елінің патриоты болып табылады, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін
қолданады. Олар - үйлесімді дамыған, дені сау, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа
ұмтылған, сыни ойлайтын және проблемаларды шеше алатын азаматтар.
Зияткерлік мектептердің түлектері беделді қазақстандық және шетелдік
университеттерге оқуға түсіп, аяқтайды әрі еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады.
Олар елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге белсене
қатысады. Барлық деңгейлерде кеңінен өзара әрекет етеді және инновацияларды енгізеді,
Қазақстанның халықаралық аренадағы ықпалын ұлғайтады [5, 4–5 б.].
Зияткерлік мектептер оқуға инновациялық көзқарастарды, өз тәжірибесі
мен практикасын, үздік шетелдік тәжірибені Қазақстанның орта білім беру
жүйесіне көрсетеді, осылайша елде берілетін білім мен тәрбиенің сапасын
арттыруға жәрдемдеседі. Бұл мектептер бастауыш мектеп (оның ішінде
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), негізгі мектеп және жоғары мектеп
деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы
модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды,
байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын
эксперименттік алаң болуы керек.
7
Қазақстан Республикасындағы қазіргі бар білім беру талаптары мен
стандарттары білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын
лайықты деңгейде енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен
ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрылды. Бұл мәртебе білім беретін
оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын
талаптарды белгілеуге, үлгерімдікті ағымдағы бақылауға, аралық және
қорытынды аттестациялау мен басқаларына құқықты білдіреді. Академиялық
еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді
жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрін
үйлестіретін мектепте білім берудің инновациялық моделін қалыптастыру
қазіргі заманғы білім берудің объективті қажеттілігі болып табылады. Осындай
модельді жасау білім беру мазмұнын, оқыту әдістемелерін, оқу жетістіктерін
бағалау қағидаттарын, қалыптасқан мектеп құрылымын, өзара қарым-қатынас
жүйесін өзгертуді талап етеді.
Зияткерлік мектептердегі педагогикалық процес бұрын жоспарланған 12-
жылдық білім беру моделінен деңгейлерімен және ұзақтығымен ерекшеленеді
(1-
кесте) [5, 11 б.].
1-
кесте – Зияткерлік мектептердегі білім беру деңгейлері
№
Деңгейлер
жасы
сыныптар
1
Бастауыш мектеп
3–
5 жас
Балабақша (кіші,
орта және жоғары
топтар)
2
6–
11 жас
1-5-
сынып,
бастауыш
сыныптар
3
Негізгі мектеп
12–
16 жас
6–10-
сынып
4
Жоғары мектеп
17–
18 жас
11–12-
сынып
1-
кестеде көрсетілген деңгейлерде оқушылардың есею кезеңдері,
дамуындағы жас ерекшеліктері, олардың тану мүмкіндіктері, сондай-ақ әлемдік
білім беру практикасында білім беру процесін ұйымдастырудың оң тәжірибесі
ескерілген.
«5+5+2» құрылымының ұтымды болуының себебі «жас дағдарысы» феноменіне
байланысты. Жас психологиясының деректеріне қарағанда, мектептік жаста үш дағдарыс
орын алады:
1) мектепке дейінгіден (6–7 жас) кіші мектеп оқушысына көшу дағдарысы 1-ші оқыту
жылына сай келеді;
2) жеткіншекке дейінгі дағдарыс (10–12 жас) 4–5-сыныпқа сай келеді;
3) жасөспірімге дейінгі дағдарыс (15–16 жас) мектептің 9–10-сыныбына сай келеді
(А. Воронцов).
Балалар дамуындағы бұл өтпелі (дағдарыс) кезеңдерде педагогикалық жұмыс
мазмұнын, әдістері мен формаларын мектеп оқушыларының психология-физиологиялық
8
ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырған аса маңызды (Петровский А.В.). Себебі оны
ескермеуден балаларда қобалжудың артуы, депрессивті жағдай мен күйзеліс жүктемесінің
жоғарылауы, жылдам қалжырау, өсудің баяулауы, дене салмағының түсуі, жүйкелік
сипаттағы шағымдар секілді қолайсыз жағдайлар пайда болады, тіпті, түрлі ауруларға
соқтырады.
Сондықтан да өтпелі кезеңдерде оқу үдерісін оқушыларға жақын және таныс
жағдайларда жүргізген орынды. Сонымен, бірінші және бесінші-алтыншы сыныптар – бір
жастан келесі жасқа сатылай, бірқалыпты көшуді ұйымдастыру жөніндегі педагогикалық
әрекеттердің орны мен уақыты болып табылады. Мұндағы басты міндет – жас және білім
дағдарысының сай келуінен аулақ болу.
Демек, 6-жастан да, 7-жастан да мектепке оқуға келген баланың бастауыш мектептен
негізгі буынға қолайлы өтуі үшін бастауыш білім беру деңгейінің ұзақтығы кемінде 5 жыл
болғаны жөн [8].
Зияткерлік мектептер 2 білім беру моделін іске асырады:
–
біріншісі – ДББҰ-ның стратегиялық әріптесі Кембридж университетінің
Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесіп әзірлеген жаратылыстану-
математика бағытындағы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы;
–
екіншісі – Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы.
Бірінші білім беру моделі жаратылыстану-математика бағытындағы
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын екі құрылымда іске асырады. 1-
құрылым білім берудің үш деңгейін көздейді: бастауыш, негізгі және жоғары
мектептер. Ол Талдықорған және Көкшетау қалаларының Зияткерлік
мектептерінде енгізіледі (1-сурет) [5, 10 б.].
1-
сурет – 1-білім беру моделі: 1-құрылым
9
2-
құрылым екі деңгейді көздейді: негізгі және жоғары мектептер. Бұл
құрылым қалған барлық Зияткерлік мектептерде енгізіледі (2-сурет) [5, 12 б.].
2-
сурет – 1-білім беру моделі: 2-құрылым
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Кембридж университетінің
Халықаралық емтихан кеңесімен, Кембридж университетінің білім беру
факультетімен ынтымақтастықта әзірленеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне әрбір деңгей
бойынша тоқталайық.
Бастауыш мектепте:
–
балабақшадан және бастауыш сыныптардан (1–5-сынып) тұрады;
–
баланың білуге құмарлығы, ойын, жобалау және танымдық қызмет
арқылы баланың жеке басын дамытады;
–
бастауыш мектепте оқуға қажетті ептілік пен дағдыны дамытады;
–
оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытады;
–
жаңа кіріктірілген пәндер енгізіледі: «Ғылымға ену», «Әлемді тану»,
«АКТ», «Өнер».
Негізгі мектепке:
–
математика мен жаратылыстану ғылымдары тереңдетіп оқытылады;
–
екінші тілде
1
оқытатын бірқатар пәндер енгізіледі – «Қазақстан
тарихы», «География», «Құқық негіздері» қазақ тілінде, «Дүниежүзілік тарих»,
«Информатика», «Дене тәрбиесі» орыс тілінде;
1
Халықаралық тәжірибеге сай бірнеше тілді оқытатын мемлекеттер тілді оқытудағы
басымдықты белгілеу үшін тілдерге реттік нөмір белгілейді. Яғни, негізгі оқыту тілі бірінші
10
–
«Өнер» жаңа кіріктірілген пән енгізіледі;
–
ағылшын және бірінші тілдерде командалық сабақ беру енгізіледі.
Жоғары мектепте:
–
стандартты және тереңдетілген деңгейде оқу үшін пәндерді таңдап алу
мүмкіндігі беріледі;
–
математика мен жаратылыстану ғылымдары тереңдетіп оқытылады;
–
кәсіби бағдар беріледі (Career Building);
–
жаңа кіріктірілген пәндер енгізіледі – «Қазіргі заманғы әлемдегі
Қазақстан», «Жаһандық перспективалар мен зерттеулер», «Экономика»,
«Әдебиет»;
–
академиялық қазақ және орыс тілдерін дамытуға көңіл бөлінеді,
ағылшын тілінде оқытуға мән беріледі [8; 5].
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілде білім беру тек қана үш тілді оқыту емес,
сондай-ақ пәндерді де үш тілде оқытуды көздейтін білім беру моделі негізінде жүзеге
асырылады. Мысалы, Зияткерлік мектептерде оқыту тіліне қарамастан, «Қазақстан тарихы»,
«Құқық негіздері» «География», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәндері қазақ тілінде,
«Дүниежүзі тарихы», «Информатика» пәндері орыс тілінде, жоғары мектептегі
жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мен жаңа пән «Жаһандық көзқарастар және
жоба жұмыстары» ағылшын тілінде оқытылады.
Пәндерді екінші және үшінші тіл арқылы оқытуда мұғалімдер CLIL әдісін кеңінен
қолдануда. CLIL, яғни Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін Еуропалық комиссия 2004–
2006
жылдарға арналған Еуропада көптілді білімді дамыту іс-қимылдары шеңберінде
ұсынған. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында мектеп түлектерінің
бәсекеге қабілеттіліктерінің бір белгісі болып табылатын тілдерді және басқа тілдерде
пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзірленген.
CLIL
әдісі тілдік емес пән мұғалімдерінің пәндік мазмұнды екінші және үшінші тілде
оқытуды білдіреді. Халықаралық практика мұндай әдістің орынды пайдаланған жағдайда
жақсы нәтиже беретінін көрсеткен. Өйткені, пән мазмұны мен тілді оқыту өзара терең
байланыста болады. Екеуі де ойлау қабілеті мен оқуды жақсарту үшін маңызды. Мағыналық
мазмұнды талқылау мақсатымен басқалармен өзара әрекеттесу үшін тілді пайдалана отырып,
адамдар өздерінің ойлау қабілетін жақсартады, бұл өз кезегінде олардың оқу қабілетін
жақсартуына септігін тигізуі мүмкін. Осылайша бала
Достарыңызбен бөлісу: |