47
Қорытынды
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –
еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар
оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау
міндетіміз болып табылады.
Осыған байланысты, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім
беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық
бағалау жүйесі қолданылады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР
МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптарға негізделеді. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны
меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған
балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне
сәйкес келетін деңгейге жетеді.
Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал, бағалау
жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және
тиімді болуы қажет.
Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білім жетістіктерінің
сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау
және бағалау өзекті болып табылады.
Бұл әдістемелік құралда бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мектептегі
инклюзивті білім беру жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұнын
МЖМБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері, инклюзивті білім беру
жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық
негіздері, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде
қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың
міндеттері мен функциялары, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім
беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық
бағалау жүйесіне қойылатын талаптар, инклюзивті білім беру жағдайында
ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың критериилері мен тәртібі қарастырылған.
«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері
бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі» атты
әдістемелік құрал жалпы білім беретін және арнайы мектептердің
мұғалімдеріне оқушылардың жеке жетістіктерін оқу процесінде бағалауда
практикалық нұсқау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: