4
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Отбасы мектеп жасына дейінгі бала үшін оның өмірін қоғамдық
ортамен байланыстыратын негізгі және бірінші буын. Отбасындағы
дәстүрлер ондағы болашақ
мектеп оқушысының баланың орны, отбасы
мүшелерінің оған қатысты тәрбиесі осыған барлығы тәуелді.
Көбінесе баланың мектептегі сәтсіздіктері,
олардың ұжымға енуі,
оқығысы келмеуі немесе оқи алмауы ата-аналардың қателіктерінің нәтижесі
болып табылады. Ата-аналар бастысы баланың материалдық қамтамасыз
етілуіне басты назар аудара отырып,
оның кітап оқуға деген
қызығушылығының қалыптасуына, баланың сөйлеуінің дамуына, еңбекке,
еңбекті сүюге психологиялық дайындығына аса мән бермейді. Осының
нәтижесінде балада білімге деген жағымсыз қатынас қалыптасады.
Мектепте оқуға табысты бейімделудің шарты баланың физикалық және
атқарымдық даму деңгейі, оның денсаулық жағдайы болып табылады. Әлсіз
бала тез шаршайды, оның жұмыс істеу қабілеті төмендейді де оқу жүктемесі
ол үшін қиын болып көрінеді. Балаларды мектепке даярлауда олардың күн
тәртібіне ерекше назар аудару қажет. Егер сіз балаңыздың қатты
шаршағанын, кешке қарай сылбырлық танытып немесе жүйкесі жұқарып,
көңіл күйі болмай тұрғанын сезетін болсаңыз оның күн
тәртібін дұрыс
ұйымдастырсаңыз алдында балаңыздың бойынан байқаған жағымсыз
белгілердің ғайып болғанын аңғаратын боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: