6
Ойындар мен серуендер
Мұнда баланың қимыл белсенділігі мен таза ауадағы серуендеуіне
басты назар аудару қажет. Серуендердің, қимылды ойындардың және басқа
да қимылды белсенділік түрлерінің ұзақтығы 3–3,5 сағат болуы керек.
Дұрыс ұйымдастырылған күн баланың көңіл-күйін көтеріп, оның
үлгіріміне де жағымды әсер етеді.
Баланы тәрбиелеу мен дамытуда мынаны ескеру қажет: білім баланы
ақылды етуі мүмкін, бірақ шындығында оны бақытты етуге оның
жақындарымен және жақсы көретін адамдарымен, отбасымен араласу
арқылы қол жеткізуге болады. Ата-ана баланы тек алдағы уақытта жақсы
оқуға ғана даярлап қоймай, сондай-ақ болашақ сыныптастарының
ортасында өзіне лайықты орынға ие болу, мектепте өзін жайлы сезінуге
жағдай жасауы қажет.
Ата-ана өзінің баласына қолдау көрсету үшін мектепке дейінгі
ұйымның педагогтарымен ықпалдастықта әрекет ете отырып, өзінің баласы
туралы мынадай ақпараттарды білуіне болады:
-
бала қандай дыбыстарды дұрыс айта алмайды;
-
оның сөзді естуін қалай дамытуға болады;
-
оның сөздік қорының даму деңгейі қандай;
-
бала өзінің ойын дұрыс жеткізіп, диалогқа қатыса ала ма;
-
қолдың ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейі қандай және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: