14
4. Балаға ақыл айтып немесе сөгетін болсаңыз, ол 2-3 минуттан
аспуы тиіс.
5. Баланың қателерін мойындатуға және «енді бұлай жасамаймын»
деген уәдесін алуға тырыспаңыз.
6. Балаңыз кенеттен қатты дыбыс естігенде немесе қолыңыздың
қозғалысынан (көтеру) үрейленетін болса, онда бұл сізді ойландыруы тиіс.
7.
Сіздің үрейленуіңізді, алаңдауыңызды бала сезеді, сондықтан
балаға білдіртпеуге тырысыңыз.
8. Баланы тыңдай біліңіз. Әрбір мәселе бойынша өз пікіріңізді
айтуға асықпаңыз.
9. Балаға адал ниетпен сыйлықтар жасауды үйретіңіз.
«Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-
аналардың жіберетін басты қателіктері»
Қазіргі уақытта балаларды тәрбиелеуде ата-аналар көптеген
проблемаларға кезігеді. Психолог Е. Филоненко мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жіберетін 5 негізгі қателерін бөліп
көрсетті. Бұл қазіргі кезде көп жіберілетін жалпы қателер болып табылады.
1 қателік –
баланы гаджеттерге тәуелді ету. Баланы телефонның
көмегімен тыныштандыру ата-аналарға оңай болып келеді, себебі
бала
телефонға қызығып, ештеңеге алаңдамайды, сұрақтар қойып ешкімді
мазаламайды, үлкендердің әңгімесіне араласпайды. Ересек балалар
электрондық құрылғыға тәуелді болып қалатындықтан, олардан алып қою
қиындық келтіреді. Ата-аналардың өздері оларға үлгі көрсетеді, яғни бос
уақытта олардың қолдарынан да телефон немесе планшеттері түспейді.
Баланың ойлауы әлі қалыптаспағандықтан, оны тыныштандыру үшін
телефонды пайдалану үлкен қателік. Баладан телефонды қоюды талап
еткенде ол ашуланып, озбырлық танытады.
Достарыңызбен бөлісу: