Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
35 түн бойына ұйықтайды.Кішкене дрозофилдерден кейін, аспан әлеміне қына мен
маймылдар жіберілді.
Ғарышқа барған ең алғашқы маймылдың аты Альберт II болатын. 1949
жылы осынау примат-ғарышкер 134 км биіктікке дейін жете алған. Ал тағы да
бір ғарышкер Альберт I де 1 жыл бұрын 100 км биіктікке жете алмай,
тұншығып өлген. (Өкінішке орай, Альберт II де жерге түсу кезінде парашюты
ашылмай қалады. Тек 1951 жылы Альберт VI ғарыш әлеміне аман-есен барып
келді. Ол сол жолы 11 ге жуық тышқанмен бірге ұшқан. Алайда, Альберт VI да
екі-ақ жыл ғұмыр жасады.
Орыстар американдықтар сияқты маймылдарды емес, көбіне иттерді
араластырған. 1957 жылы «Спутник 2» ғарыш айлағынан Лайка атты итті
ұшырған. Ұшу жолында әлгі ит қатты ыстықтан өліп кеткен. Ал 1961 жылы Ю.
Гагарин ұшқанға дейін, онға жуық ит армансыз аспан әлеміне барып қайтқан.
1968 жылы орыстар жануарларды алыс ғарышқа жіберді. Солардың бірі
тасбақа болатын. Ол бүкіл ай бетін толық айналып өткен (әлемдегі ең жылдам
тасбақа ретінде). Сонымен бірге, ғарышқа барып қайтқандар: шимпанзе, теңіз
шошқасы, құрбақа, мысық, жәндіктер, өрмекшілер, және сирек кездесетін
фундолиюс атты балық түрі. (Олардың бәрі де аман-есен оралған.) Жапондарда
ең алғаш ғарышқа барып қайтқан жануар – 10 шақты тритон еді.
1
-
тапсырма Төмендегі суреттерден ғарышқа алғаш болып ұшқан
жануарлар мен жәндіктердің ретін көрсетіңіз (3-сурет).. /1,2,3