МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
20
2
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (Т2)» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРІ
БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда сабақты ұйымдастыру
ең алдымен оқу материалының ерекшелігіне негізделеді. Оқыту арнайы
механизм арқылы іске асады: оқу материалының мазмұны, басқа оқу пәні
бойынша ғылыми ақпаратқа тірек, алдыңғы алған білімдеріне тірек, пәнаралық
байланыс жиынтығы материалдық әлемнің бірлігі ретінде. Кіріктірілген
сабақтың негізгі бөлігі вариативті, өйткені оқушының танымдық әрекетін
ұйымдастыру мен оқытудың түрлі әдістерін қолдануды талап етеді.
Кіріктірілген сабақтар келесі дидактикалық шарттар арқылы жүзеге
асырылады:
-
пәнаралық байланыстың зерттеу объектісі дұрыс есептелуі, оның өзекті
болуы;
-
сабаққа дайындалу кезінде мұғалімдердің тығыз ынтымақтаста болуы;
-
сабақтың әр кезеңінде ойлау әрекетінің белсенділігін артуы және міндетті
түрде кері байланыстың болуы;
-
жалпы әдісті қолдану негізінде сабақтың әр бөліктерінің арасында
сабақтастықтың болуы [2].
Мұғалім оқушыларының мүмкіндігін, жас ерекшеліктерін және сыныптағы
психологиялық ахуалды жақсы білуі керек. Бұл мұғалімге пәнаралық
байланысты қандай әдіс-тәсілдер арқылы іске асыруға болатынын шешуге
көмек болады.
Сонымен қатар, кіріктірілген сабақтың құрылымы нақты меңгеру
барысында әртүрлі пәндер бойынша өтілетін оқу материалының логикалық
байланысын талап етеді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқыту бағдарламасының
мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті
азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін
ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру керек. Коммуникацияның түрлі
формаларын қолдану құнды болып саналатын мұндай ортада оқушылар өз
пікірін еркін білдіре алады.
Білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың түрлі құралдарды қолдану
арқылы сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және
жазбаша қарым-қатынасқа түсуі және қазақ тілін сауатты пайдалануы
ынталандырылады. Оқушыларға тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым
тапсырмалары ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін
тереңдетіліп, белсенділігі күшейеді. Төрт дағдыға бағытталған тапсырмаларды
дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін
ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен тыңдалым мен айтылым
сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: