Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет19/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139
2. «Ақ бет» әдісі 
Мақсаты:  жаңа  сабақты  ұсыну,  оқушылардың  зейінін  тақырыпқа 
шоғырландыру. 
Оқушы саны: барлық сынып оқушылары.  
Уақыт: тақырыптың күрделілігіне байланысты.  
Алдын ала дайындық: ватман беттері, әртүрлі түсті маркерлер. 
Барысы: мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын атайды. Қабырғада ақ 
ватман жапсырылған беттің ортасында тақырып жазылған. Беттің басқа бөлігі 
таза ақ қалпында, бірақ секторларға бөлініп нөмірленген. Мұғалім 1 сектордан 
бастап тақырыпша жазады да, оқушылардан осы тақырыпша бойынша қандай 
аспектілер  туралы  сөз  болғалы  тұрғаны  туралы  ойланып  жауап  берулері 
сұралады.  Оқушылардың  айтқандарын  маркермен  мұғалім  секторға  жазып 
шығады.  Оқушылардың  ойларын  негізгі  ұғымдарға,  дұрыс  жауапқа  бағыттап 
толықтырады. Осы әрекет алдын ала бөлінген секторлар бойынша қайталанады. 
Нәтижесінде  бүкіл  «ақ  бет»  толтырылады,  жаңа  сабақ  меңгеріледі  (оқушы 
енжар тыңдаушыдан, сабақты түсіндірудің белсенді мүшесіне айналады). Осы 
әдіс  арқылы  жаңа  тақырыпты  секторларға,  негізгі  ұғымдарға  бөлу  арқылы 
меңгереді. 
Ескерту:  егер  сабақ  барысында  оқушылардың  шаршағанын  байқасаңыз, 
сергіту сәтін ұйымдастырыңыз.  
Сергітудің белсенді әдістері.  
1.«Жер, ауа,от және су»  
Мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру.  
Оқушы саны: бүкіл сынып оқушылары.  
Уақыт:2-3 минут  
Барысы:  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  оқушылар  жер,  ауа,  от  және  су 
күйлерін көрсетулері керек.  
Ауа.Оқушыларға  терең  тыныс  алу,  одан  кейін,  біртіндеп,  тыныс  шығару 
жаттығуын жасау ұсынылады. Тыныс алу кезінде ауаның мұрын қуысынан өтіп 
барлық жасушаларына сіңіп жатқаны туралы ойлану тапсырылады.  
Жер. Мұғалім оқушыларға аяқтарымен еденге салмақ салып қатты басып, 
орындарында  бірнеше  рет  ақырын  секіріуге  болатыны  және  аяқта  нық  тұру 


50 
оқушының өзіне деген сенімділігі мен тұрақтылықты білдіретіні жайлы нұсқау 
береді.  
От.  Оқушылар  қолдарын  жоғары  көтеріп  қимылдатып,  денелерін  жан-
жаққа қозғап оттың жалынын бейнелейді.  
Су.  Оқушылар  көздерін  жұмып  ойша  сынып  бөлмесін  бассейн  деп 
елестетіп, суда жүзген қимылдар жасауларына болады.  
Ескерту.  Осы  жаттығуларды  мұғалімнің  балалармен  бірге  орындауы 
оқушыларда, әсіресе, ұялшақ оқушылардың ашылуларына мүмкіндік туғызады. 
Сабақты қорытындылаудағы белсенді әдістер. 
1. «5 – 5 – 
1» әдісі 
Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақты меңгеру деңгейін анықтау. 
Мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  сабақта  қалыптасқан  ұғымдарды  5  сөйлем 
түрінде жазуды тапсырады. 
Келесі  қадамда  осы  5  сөйлемді  негізгі  деп  ойлаған  5  сөзге  қысқарту 
қажеттігі айтылады. 
Ең соңында осы тақырып бойынша бір маңызды сөзбен қорытындылайды. 
Ескерту: Оқушылар бірін-бірі қайталамауы керек. 
2. «Мейрамхана» әдісі. 
Мақсаты: оқушылармен кері байланыс орнату. 
Уақыт: 5 мин.  
Құралдар: стикерлер, түрлі түсті маркерлер  
Барысы:  мұғалім  оқушыларға  бүгінгі  күнді  мейрамханада  өткіздік  деп 
ойлап,  сұрақтарға жауап беру керектігін айтады. 

мен тағы ..... тапсырыс берер едім  

маған бәрінен ұнағаны...…  

менің асқазаным қорытты…  

келесіде маған қосыңызшы…  
Оқушылар  өздерінің  жазғанын  оқып,  қысқаша  түсіндіріп  тақтаға 
жапсырады.  
Ескерту: мұғалім үшін осы кезең ең маңызды, себебі оқушылар нені ұғып, 
нені  ұқпағаны  соған  қарай  келесі  сабақта  мұғалімнің  қандай  әрекет  жасау 
керектігі көрінеді. 
«Сократ стиліндегі әңгіме»әдісі
Белсенді оқытудың анық көрінісі. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге 
бір-біріне  бетпе-бет  орналасады.  Алдымен  ішкі  шеңберде  тұрған  оқушылар 
тақырыпты  талқылудағы  өзінің  пікірін  жеткізеді.  Мұғалімнің  бағыт  беруімен 
сыртқы шеңбер сағат тілімен ауысып отырады. Екі шеңберді кезекпен сөйлетіп 
отыруға болады. Берілген сұрақ аясында немесе бірнеше оқылым мәтінін түсіну 
мақсатында  ұйымдастыруға  болады.  Осылайша  шеңберде  орналасқан 
оқушылар  бірлескен  білім  ортасында  өздерінің  білік,  дағдыларын  жетілдіре 
түседі. Өз пікірін бірнеше оқушыға баяндап беруі және сонша оқушының ойын 
тыңдауы  өтілген  тақырыпты  бекіте  түсуге,  мәтін  мазмұнын  толық  түсінуге, 
түрлі көзқарастарды талқылай алуға, пікір алмасуға алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет