Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет8/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   139
Аяқталмаған сөйлем әдісі (тезис).  
Бүгін мен...................... білдім. *................. қызықты болды. *.......................... 
қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін 


25 
түсіндім.  *  Мен  енді.......................  білемін.  *  Мен...............................  сезіндім. 
*Мен..................................... білім алдым. * Мен....................................... үйрендім. 
*........................
......... менің қолымнан келді. * Мен ......................жасай алдым.* 
Мен..................  жасап  көруге  талпынамын.  *..................  мені  таңқалдырды.  * 
Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді. 
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.  
2.  Сабақ  мақсатына  жету  рефлексиясы.  Сабақ  мақсаты  тақтаға  жазылып, 
сабақ соңында талқыланады. 
Think wane (синквейн) «5 жолды өлең» әдісі. 
Бірінші жол – тақырып атауы;  
Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен; 
Үшінші жол – осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен; 
Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты; 
Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын. Бұл жұмыс түрінде әр оқушы 
өз  ойын,  алған  әсерін  білдіреді.Сонымен  қатар,  оқушының  оқып  отырған 
тақырыпқа  қатысты  іс-әрекетін  анықтауға,  бұрынғы  білім  мен  жаңаны 
түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. 
«Плюс, минус, қызықты». 
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.  
«Минус»  -  қолымнан  келмей  жатыр  немесе  түсініксіз  болып  тұр  деген 
ойларын  жазады.  «Қызықты»  деген  бағанға  сабақ  барысында  өздерін 
қызықтырған  немесе  көбірек  білгісі  келетін  ақпараттар  туралы  ойларын 
жазады. 
3.Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы. 
Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген: 
«Пейзаж–көңіл күй айнасы»әдісі. 
Әр оқушыға табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға 
суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.  
Оқушыларда  екі  карточка:  «көк»  және  «қызыл».  Мұғалім  сабақ  басында 
және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл 
күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады. 
4.  Іс-әрекет  рефлексиясы.  Жеке  жазба  жұмыс  рефлексиясы.  Бұл  жұмыс 
сабақтың соңғы кезеңінде қорытынды ретінде жүргізіледі. Өткізу түрі – шығын 
шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. 
«Жеделхат» әдісі. 
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын сабақ туралы ата-аналарына жеделхат 
жазу  ұсынылады.  2-3  минут  жеделхат  құруға  беріледі,  содан  соң  барлығы  өз 
жеделхаттарын оқып жалпы қорытынды жасалады. 
«Өзіме  хат»  жазу  дағдысын  дамытуға  септігін  тигізіп,  оқушының  өзіндік 
талдау  жасауына  ықпал  етеді.  Сабақта  не  өткені  туралы  өз-өзіне  хат  жазу 
тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды. 
«Fishbone» «Балық қаңқасы» диаграммасы. 
Басы  –  негізгі  тақырып,  жоғарғы  сүйектері  –  тақырыптың  негізгі 
ұғымдары, төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме, құйрығы – қорытынды, 
немесе сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті. 


26 
«Жылан» диаграммасы. 
Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған. Басы – негізгі 
тақырып,  ортасы  –  тақырыптың  негізгі  ұғымдары,  ұғымдарға  түсініктеме, 
құйрығы  –  қорытынды,  немесе  сұрақтың  жауабы  қысқа  ұғымдар  арқылы 
жазылуы тиісті. 
«Алма ағашы» әдісі. 
Оқушыларға екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына 
ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: 
менің  көңіл-күйім  көтеріңкі.  Қызыл  түсті  алма  –  мен  тапсырманы  орындай 
алмадым, көңіл-күйім жоқ. 
«Бір сөзбен» әдісі.  
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы 
жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, 
Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. 
«Табыс сатысы» әдісі. 
Сатының суреті. 
1-
баспалдақ: Мен............ білемін.  
2-
баспалдақ: Мен.................. түсінемін.  
3-
баспалдақ: Мен............. жасай аламын. 
«Таңдау» әдісі. 
1. Мен сабақ, қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды. 
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
4. Мен пікіралмасуға жиі ______________ сирек қатыстым. 
5.  Мен  сабақтағы  өз  жетістіктеріме  ризамын  ____________  риза  емеспін. 
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі 
мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін 
қою тапсырылады [5]. 
Бір  сабақта  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым  бойынша  нақты 
нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  бір  немесе  екі  оқу  мақсаты  (дағды)  ғана 
алынғаны  дұрыс.  Үш  немесе  одан  да  көп  дағдыны  алу  сабақтың  мақсатына 
жетуге,  қажетті  дағдыларды  терең  қалыптастыруға  мүмкіндік  бермей, 
оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін. 
Мысалы,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Кіріктірілген  білім 
бағдарламасы  бойынша    білім  алатын  8-сынып  оқушыларына  арналған  Қазақ 
тілінен  оқу  кешенінен  (Т2)  сабақтар  үлгісін  ұсынамыз.  Екінші  тіл  ретінде 
оқытылатын 8-ші және 4-ші сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарда өнер 
мен әдебиет кіріктіріліп берілуі нақты көрсетілген: 
Сабақтың тақырыбы: Өнер және әдебиет. Мағжан Жұмабаев «Мен кім?». 
Оқу мақсаты: Берілген ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдап ала 
білу, өз пікірін айту, мәселеге баға беру. 
Сабақтың  мақсаты:  Мағжан  Жұмабаевтың  «Мен  кім?»  өлеңін  оқу. 
Ақынның кім екенін білу.  


27 
Кілт  сөздер:  жұмақ,  тамұқ,  айбат,  көңілге  алсам,  ғарышқа  асамын, 
жалынмын, күл болсын көк, жемірілсін жер, табынамын. 
Қызығушылықты ояту.  
«Сен  кімсің»  деген  сұраққа  «биопоэма  стратегиясы»  арқылы  жауап  іздеп 
көр. Өзің жайлы жаз, жазғандарыңды жұпта талқыла, сыныпқа оқып бер. 
Биопоэма жазу талаптары:  

өзіңді 4 сын есіммен сипатта; 

ең жақсы көретін нәрселерің туралы айт;  

басыңнан қандай сезімдер өтті? 

неден қорқасың? 

қандай жетістіктерің бар? 

басыңнан өткізгің келетін нәрселерің  туралы айт. 

мекенжайыңды көрсет.  
1-
тапсырма.  Өлеңді  оқып  шық,  асты  сызылған  сөздердің  мағынасын 
түсіндір. 
Мағжан Жұмабаев «Мен кім».  
 
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?  
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?  
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,  
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?  
Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,  
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.  
 
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,  
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.  
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,  
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.  
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,  
Көз қырымен күліп қана қарармын.  
 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,  
Надан адам өлім жоғын білмейді. 
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,  
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?  
Мейірленсем – сегіз жұмақ қолымда,  
Қаһарлансам –тамұқ даяр жолымда. 
 
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!  
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!  
Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,  
Сөзім – құран, бағынамын сөзіме!  
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,  
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе! 
 


28 
2-
тапсырма.  Өлеңнің  әр  шумағында  ақын  мінезі  қалай  сипатталады? 
Ақынға мінездеме бер. 
3-
тапсырма. Неліктен ақын «күл болсын күн, жемірілсін жер» дейді. Ақын 
өзін ғана ойлай ма? Жұпта, топта талқылап, өз ойыңды айт. 
4-
тапсырма.  Өлең  негізінде  «биопоэма  стратегиясы»  арқылы 
М.Жұмабаевтың кім екенін анықтап көр. 
 
Ақының  адамдық  қасиетін  суреттейтін  4  сын  есім  /  Мағжан  шыншыл, 
қайсар, әділ,өнерлі. 
Туыстық қарым-қатынасы / Мағжан әкесіне бала, баласына әке.  
Ең жақсы көретін нәрселері / өлең жазу.  
Басынан өткен сезімдері / қуаныш, мақтаныш.  
Неден қорқады / адамдар бағаламайды деп.  
Жетістіктері / өлеңдер жазды.  
Басынан өткізгісі келетін нәрселер / Елін көргісі келетін шығар.  
Орны(мекенжайы) / Солтүстік Қазақстан облысы.  
 
Білгенге-маржан! 
Берілген кестені (1-кесте) пайдаланып, өлеңге талдау жаса. 
 
1-
кесте – Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?»өлеңіне талдау  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет