Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата22.12.2016
өлшемі4,21 Mb.
#112
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
17 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кіріктірілген  сабағында  АКТ-ны  қолдану  тек  оқу 
процесін  жеңілдетіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оқушының  да  көптеген 
қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда: 

оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады; 

әртүрлі  мәселелерді  шешу  жолдарын  іздестіру  арқылы  танымдық 
қабілетін дамытады; 

логикалық ойлау қабілетін дамытады

жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады; 

қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді. 
Қазіргі  таңда  барлық  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  кіріктірілген  пән 
кабинеттерінде интерактивті тақта кеңіненқолданылып жүр және ол оқытудың 
тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр. 
Оның мүмкіндіктері төмендегідей: 
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі; 
2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді; 
3.  оқушы  мен  мұғалімнің  шығармашылығында  әңгімелерін  әрлеуге 
көмектеседі; 
4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;  
5.  интерактивті  тақта  кітапханасы  арқылы  кез-келген  сурет, 
материалдарды алу мүмкіндігі бар; 
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді 
экранда үлкейту мүмкіндігіне ие. 
Еліміздің білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған 
кіріктірілген  оқу  бағдарламасы  мақсаттарының  бірі  –  жеке  тұлғаны 
әлеуметтендіру,  яғни  түрлі  әлеуметтік  топтармен  тіл  табысуға  қабілетті 
азаматтарды  тәрбиелеу.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  ынталандырушы  және 
қолдаушы  ортаны  құра  отырып,  қажетті  тілдік  дағдыларды  дамыту  керек. 
Мұндай  ортада  оқушылар  тілдесімнің  түрлі  формаларын  қолдана  отырып,  өз 
пікірін 
еркін 
білдіре 
алады. 
Оқыту 
процесінде 
оқушылардың 
сыныптастарымен,  мұғалімдермен  және  көпшілікпен  ауызша  және  жазбаша 
қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.  
Ұжымдық  оқыту  технологиясыныңмақсаты  –  қиын  істерді  атқаруда, 
топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білу 
де қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.  
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқытуы үш тілде білім беру 
саясатына сай мазмұнға негіздеп жүзеге асырылады. Қазақ тілінің мұғалімдері 
үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру үшін, мұғалімдер оқушыларға қазақ 
тілі, орыс тілі және ағылшын тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау 
жасата отырып, барлық үш тілге де құрметпен қарауға тәрбиелейді. Жоғарыда 
көрсетілгеннің  барлығы  тілді  меңгертуді  және  мазмұнға  негіздеп  оқытуды 
дамытуға бағытталған.  
Қазақ  тілі  мұғалімдері  бағдарламадағы  басқа  да  пәндермен  байланыс 
орнату  үшін  олардың  тақырыптарын  /  мәтіндерін  /  дағдыларын  / 
тапсырмаларын / оқыту мақсаттарын өз сабақтарына пайдалана алады. Мұндай 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
18
 
байланыс  оқушылардың  басқа  пәндерді  меңгеруге  қажетті  ғылыми  тілдерін 
дамытуға  көмектеседі.  Мысалы,  тақырыпты  әртүрлі  мақсаттарға  пайдалану, 
салдар  мен  себепті  анықтау,  факті  мен  көзқарасты  ажырату,  тақырыпты  жан-
жақты  талқылау,  әртүрлі  ресурс  көздерінен  алынған  мәліметтерді  бағалау, 
ақпаратты  анық  таныстыру  барысында  қажетті  сөздер.  Тіл  мамандары  пән 
мұғалімдерімен  сол  пәндерде  кездесетін  мәтіндер  мен  тапсырмалар  туралы 
кеңесе  алады  және  бірлесе  отырып,  пәнді  игеруге  қажетті  сөздерді  анықтай 
алады [4].  
«
Қазақ 
тілі 
мен 
әдебиеті» 
пәнінің 
кіріктіріліп 
оқыту 
бағдарламасындатұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесінде  оқушының  білім  алу 
деңгейін  жоғарлатуда,  сапасын  жақсартуда  әрбір  сабақтың  алатын  орны 
маңызды. 
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі әр пән бойынша ұйымдастырылып 
өткізілетін әрбір сабақтың мақсаты: 
-
 
 
оқушыда  өзінің  әлеуетті  танымдық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру 
тетіктерін қалыптастыру; 
-
 
 
оқушыда өзін-өзі дамытуға ұмтылыс тетіктерін қалыптастыру; 
-
 
 
жаңа  әдістерді  қолдана  отырып,  өзінің  тұлғасында  ерекше  жақтарын 
ашуға, дамытуға оқушының өзі қатысуына бейімделу тетіктерін қалыптастыру; 
-
 
 
оқушы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін,  ортасын,  білім  мазмұны  мен  өзінің 
танымдық  күш-қуатын  білімді  сапалы  меңгеруге  қарай  бағыттауда  өзін-өзі 
реттеп отыра алу тетіктерін қалыптастыру; 
-
 
 
өзінің өмірлік тәжірибесін қалыптастыруда, білім алу процесінің керекті 
жерінде қолдануға, өз ойы мен білім алу әдістерінің тиімділігіне сенімді болып, 
өзін-өзі әрдайым қорғай алу тетіктерін қалыптастыру; 
-
 
адамгершілік  қасиеттерге  және  еңбексүйгіштік  пен  білім,  ғылыми 
ізденгіштікке өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру. 
Тұлғалық  бағдарлы  оқыту  жүйесіндегі  сабақтарды  әзірлеу,  ұйымдастыру, 
өткізу, оның нәтижесін талдау барысы: 
-
 
 
деңгейлі  оқыту; 
-
 
 
саралай оқыту; 
-
 
 
жекелей оқыту; 
-
 
Субъективтік-тұлғалық оқыту қырларынан қарастырылады. 
Сонымен  қатар,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  кіріктіріліп  оқыту 
бағдарламасын жүзеге асырудың әрекет бағдарлы тұғыр да маңызды орында. 
Оқушының  психикасы  –  әрекеттің  ерекше  формасы.  Яғни,  материалдық 
өмірдің даму барысында ішкі әрекетке, сананың қызметіне айналатын сыртқы 
материалдық қызмет дамуының жемісі. 
Әрекеттің құрылымдық ерекшеліктері мен ішкі деңгейлері «қозғалыс – іс-
әрекет – қызмет» триадасы түрінде де, өзара сәйкестігі бірқалыпты емес болып 
келетін «әрекет, процесс, зат, мотив» түрінде де кездеседі.  
Әрекеттің  ішкі  дифференциалды  құрылымы  пайда  болуы  –  ұжымдық 
қызметтің салдары. Адам әрекетінің құрылымы өзгергенде, оның санасының да 
ішкі  құрылымы  өзгереді.  Әрекеттің  сыртқы  және  ішкі  түрлері  бар.  Әрекет 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
19 
теориясының қазақ тілін оқыту процесіне байланысты танылуы арқылы әлі де 
жаңа бағыттар мен жаңа әдістер табылуы болашақтан күтіледі. 
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. 
Өйткені,  қазіргі  заманда  елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының 
парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі  болашақтың 
талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, 
ой-өрісі  кең,  саналы,  еркін  азамат  етіп  тәрбиелеу  қажеттілігі  де  осы  себептен 
туындап отыр. Оқушы бойындағы тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығы 
да міне, осында. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
20
 

«ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН  ӘДЕБИЕТІ  (Т2)»  КІРІКТІРІЛГЕН  ПӘНДЕРІ 
БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ 
 
«Қазақ  тілі мен  әдебиеті» пәнін  кіріктіріп оқытуда сабақты ұйымдастыру 
ең  алдымен  оқу  материалының  ерекшелігіне  негізделеді.  Оқыту  арнайы 
механизм  арқылы  іске  асады:  оқу  материалының  мазмұны,  басқа  оқу  пәні 
бойынша ғылыми ақпаратқа тірек, алдыңғы алған білімдеріне тірек, пәнаралық 
байланыс  жиынтығы  материалдық  әлемнің  бірлігі  ретінде.  Кіріктірілген 
сабақтың  негізгі  бөлігі  вариативті,  өйткені  оқушының  танымдық  әрекетін 
ұйымдастыру мен оқытудың түрлі әдістерін қолдануды талап етеді. 
Кіріктірілген  сабақтар  келесі  дидактикалық  шарттар  арқылы  жүзеге 
асырылады: 

пәнаралық байланыстың зерттеу объектісі дұрыс есептелуі, оның өзекті 
болуы; 

сабаққа дайындалу кезінде мұғалімдердің тығыз ынтымақтаста болуы; 

сабақтың әр кезеңінде ойлау әрекетінің белсенділігін артуы және міндетті 
түрде кері байланыстың болуы; 

жалпы  әдісті  қолдану  негізінде  сабақтың  әр  бөліктерінің  арасында 
сабақтастықтың болуы [2]. 
Мұғалім оқушыларының мүмкіндігін, жас ерекшеліктерін және сыныптағы 
психологиялық  ахуалды  жақсы  білуі  керек.  Бұл  мұғалімге  пәнаралық 
байланысты  қандай  әдіс-тәсілдер  арқылы  іске  асыруға  болатынын  шешуге 
көмек болады. 
Сонымен  қатар,  кіріктірілген  сабақтың  құрылымы  нақты  меңгеру 
барысында  әртүрлі  пәндер  бойынша  өтілетін  оқу  материалының  логикалық 
байланысын талап етеді. 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәнін  кіріктіріп  оқыту  бағдарламасының 
мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті 
азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін 
ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру керек. Коммуникацияның түрлі 
формаларын  қолдану  құнды  болып  саналатын  мұндай  ортада  оқушылар  өз 
пікірін еркін білдіре алады.  
Білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың түрлі құралдарды қолдану 
арқылы  сыныптастарымен,  мұғалімдермен  және  көпшілікпен  ауызша  және 
жазбаша  қарым-қатынасқа  түсуі  және  қазақ  тілін  сауатты  пайдалануы 
ынталандырылады.  Оқушыларға  тыңдалым,  оқылым,  жазылым және  айтылым 
тапсырмалары ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін 
тереңдетіліп, белсенділігі күшейеді. Төрт дағдыға бағытталған тапсырмаларды 
дайындап,  оқушылармен  жұмыс  жүргізудегі  негізгі  мақсат:  баланың  қабілетін 
ашу,  шығармашылығын  шыңдау,  іздендіру,  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттыру. 
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кіріктірілгенпәнінен  тыңдалым  мен  айтылым 
сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
21 
-
 
 
күнделікті  тақырыптар  аясында  және  таңдау  тақырыбына  байланысты: 
ғылыми және т.б. белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу;  
-
 
 
ауызша  тілдесімді  түсіне  білу  және  оны  қысқаша  мазмұндай  білу,  оны 
жалғастыру; 
-
 
 
ақпараттардағы  негізгі  байланысты  анықтай  білу  және  оны  жүйелі 
баяндау; 
-
 
 
әртүрлі  мәтіндердің  стильдері  мен  ерекшеліктерін  түсіне  білу  және 
бағалау; 
-
 
 
бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну; 
-
 
 
тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну; 
-
 
 
мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту; 
-
 
 
тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою; 
-
 
мәтін бойынша жоспар құру; 
-
 
тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру; 
-
 
 
мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу
-
 
 
ұсынылған  тақырып  бойынша  сұхбат  алу  немесе  сұхбат  беру  және 
нәтижесі бойынша ауызша есеп беру; 
-
 
 
жоспарланған  тақырыптар  бойынша  пікірталас  ұйымдастыру  (мысалы, 
«Бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет?»); 
-
 
 
жұпта  ым-ишараны  пайдаланып,  оқиғаны  жазуға  дайындалу 
(мысалы,«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»); 
-
 
 
ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу; 
-
 
 
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілгенпәнінен оқылым дағдысын дамытуға 
ықпал ететін тапсырма үлгілері:  
-
 
 
қазақ  тіліндегі  әртүрлі  оқылым  материалдарын  меңгеру,  яғни  бүгінгі 
таңдағы  газет-журналдар,  қысқа  әдеби  мәтіндер,  пікірталас  туғызатын  және 
белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.; 
-
 
 
көз  жүгіртіп  оқу,  жалпы  мазмұнын  түсіну  және  нақты  ақпаратты  табу 
үшін  оқу,  ақпараттарды  алу  үшін  оқу,  көркем  шығармаларды  оқу,  автор 
көзқарасын табу үшін оқу; 
-
 
 
кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау; 
-
 
интернет  ресурстарымен  жұмыс  (тақырып  мазмұны  бойынша 
презентациялар, жобалар дайындау); 
-
 
 
мәтіннің  тақырыбы  мен  бастапқы  бөлігіне  сүйене  отырып,  оқиғаның 
дамуын болжау; 
-
 
 
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау); 
-
 
 
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; 
-
 
 
мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу; 
-
 
 
ақпаратты  табу  үшін  оқу,  қызығып  оқу  және  өз  көзқарасын  айту  үшін 
оқу.  
«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кіріктірілгенпәнінен  жазылым  дағдысын 
дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
22
 
-
 
 
тыңдалған  және  оқылған  мәтіннің  қысқаша  мазмұнын,  фильм  мен 
кітаптан алған әсерлерін жазу;  
-
 
 
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу; 
-
 
 
әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жаздыру
-
 
 
әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру; 
-
 
газетке шағын хабарлама/мақала жазу; 
-
 
 
белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; 
-
 
 
әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; 
-
 
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру
-
 
сұхбатқа сұрақтар дайындау. 
Кіріктірілген  сабақтардың  ұйымдастырылуы  бойынша  жалпы  жіктелуі 
төмендегідей: 

әртүрлі пәндер бойынша екі және одан да көп мұғалімдердің кіріктірілген 
сабақты жүргізуі; 

пәндерге  сәйкес  базалық  дайындығы  бар  бір  мұғалімнің  кіріктірілген 
сабақты жүргізуі; 

кіріктірілген тақырыптар негізінде бөлімдерді, курстарды ұйымдастыру. 
Кіріктіріп  оқытудың  негізгі  және  міндетті  талабы  –  оқушының  өзіндік 
жұмыс  істеу  қызметін  арттыру,  өйткені  кіріктіру  оқу  материалының 
тақырыптық  аясын  кеңейте  отырып,  терең  талдауды  және  жетілдіруді,  басқа 
пәндер есебінен толықтыруды қажет етеді. 
Мұғалім  сабақты  жоспарламас  бұрын  мақсатын  анықтап  алады,  сол 
мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  сабақта  қолданатын  тиімді  әдіс-тәсілдерді  іріктеп 
алады. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға 
тиіс,  сонымен  бірге  оқыту  барысында  төмендегі  бірқатар  мәселелерді  ескеру 
керек:  
-
 
 
сабақта бірнеше жаттығу түрлерін жоспарлау; 
-
 
 
қысқа  уақыт  алатын  жаттығу  дайндау  (әдетте  баланың  назары  бір 
нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұрмайды); 
-
 
 
бір  жұмыс  түрінен  екіншісіне  біртіндеп  ауысып,  оқушыларға  сабақтың 
басты мақсаты туралы ескертіп отыру; 
-
 
 
сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отыру; 
-
 
 
жеке,  жұптық,  топтық  немесе  барлық  сыныпты  қамтитын  жұмыс 
түрлерін араластырып қолдану. 
Кіріктірілген сабақтардың негізгі құрылымы: 
1.  Кіріспе  бөлім.  Бұл  бөлімде  сабақтың  мақсаты,  міндеті,  негізгі  білім 
анықталады. 
2. Негізгі бөлім. Негізгі бөлімінде оқу материалының мазмұны ашылады. 
Сабақтың  бұл  бөлігі  вариативті,  өйткені  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілін, 
оқушылардың  танымдық  әрекетін  ұйымдастыру  формаларын  қолдануды  және 
мұғалім тарапынан педагогикалық шеберлікті талап етеді. 
3.  Қорытынды  бөлім.  Сабақты  қорытындылау,  оқушылардың  жұмысын 
бағалау, үй тапсырмасын белгілеу.  

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
23 
Кіріктірілген сабақ – дәстүрлі түрдегі сабақта іске асыра алмайтын бірнеше 
міндеттерге қол жеткізеді. Мысалы: 
-
 
 
ұйымдастыру  формасының  ерекшелігінің  арқасында  (өзгеше,  яғни 
қызықты) оқу әрекеттік уәждемені арттыру
-
 
 
әртүрлі пәндер саласында қолданылатын түсініктерді қарастыру; 
-
 
 
ойлау  операцияларымен  мақсаттанған  жұмысты  ұйымдастыру: 
салыстыру, жалпылау, жіктеу, талдау, жинақтау. 
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда ұзақ мерзімді және орта 
мерзімді  жоспарлар  міндетті  құжаттар  болып  табылады,  олар  білім  беру 
процесін  ұйымдастыруға  септігін  тигізіп,  пәндерден  оқу  бағдарламасын 
орындауды әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлауды қамтамасыз етеді. 
Мұғалімдер  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кіріктірілген  пәні  бойынша  орта 
мерзімді оқу жоспарын қолдануда төмендегілерге назар аударулары тиіс: 
1.  Дифференциация  (саралап  оқыту)  –  оқушылардың  жеке  қабілет 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  оқыту.  Сабақ  жоспарын  құрастыру  барысында 
қабілеті  жоғары  немесе  төмен  оқушылардың  мүмкіндіктерін  ескере  отырып, 
сабақ  мақсаттары,  бағалау  нәтижелері,  тапсырмалар  деңгейі  қарапайымнан 
күрделіге құрастыру қажет. Сонымен қатар, жұптық және топтық жұмыстарды 
ұйымдастыруда  оқушыларды  қабілеттеріне  қарай  араластырып  отыру 
ескеріледі.  Орта  мерзімді  жоспардың  «Мұғалімге  арналған  ескертпелер» 
бағанында нақты түрлерін практикада жүзеге асыру жолдары көрсетілген.  
2.  Сабақ  барысында  оқушыларға  жеке  «ойлан»,  жұппен  «талқыла»  және 
топпен  «бөліс»  әдісін  кеңінен  қолдану  ұсынылады.  Бұл  өз  кезегінде 
оқушыларға  білім,  ақпарат,  идея,  тәжірибе  алмасуға,  сыни  ойлауға  мүмкіндік 
береді.  
3.  Орта  мерзімді  жоспарларда  әр  сынып  бойынша  әртүрлі  лексикалық 
тақырыптар  берілген.  Лексикалық  тақырыптар  белгілі  бір  салаға  байланысты 
сөздік  қорды  меңгеруге,  ақпараттармен  танысуға,  танымын  кеңейтуге 
бағыттайды. Сыныптан сыныпқа өткен кезде лексикалық тақырыптар арасында 
байланыс  болу  үшін  бір  тақырыпты  әртүрлі  мақсатта  қарастыру  ұсынылған. 
Бұл  байланыс  сол  тақырыпта  қарастырылатын  мәселеге,  деректерге  әртүрлі 
қырынан келуге мүмкіндік береді.  
4.  Орта  мерзімді  жоспарларда  әр  бөлімге  арналған  сағат  сандары 
ұсынылған.  Пән  мұғалімі  оқушылар  мен  сыныптардың  ерекшеліктеріне  қарай 
сағат  сандарына  өзгеріс  енгізе  алады.Дегенмен,  бір  тоқсанға  берілген 
лексикалық тақырыптар мен оқу мақсаттары толық қамтылуы тиіс. 
5.  Орта  мерзімді  жоспарда  көрсетілген  оқыту  ресурстары  үлгі  болып 
табылады.Мұғалімдер қажет деп тапқан жағдайда қосымша ресурстар қолдана 
алады [2]. 
Орта  мерзімді  жоспарларда  белгілі  бір  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін 
белсенді  оқыту  әдістері  ұсынылған.  Ұсынылған  әдістер  мұғалімге  үлгі  болып 
табылады, яғни мұғалім сабақ жоспарын сыныптың деңгейі мен қажеттіліктерін 
ескере  отырып,  түрлендіре  алады.  Қысқа  мерзімді  жоспар  –  сабақтың 
мақсаттарын  (мұғалімнің  жұмыс  істеуіне  бағдар)  және  оқыту  мақсаттарын 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
24
 
(оқушылардың  жұмыс  істеуіне  бағдар),  оқу  процесінің  құралдары  мен 
сатыларын ашатын сабақ жоспары.  
Орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді пән жоспары әзірленеді. 
Қысқа мерзімді пән жоспары – сабақтың мақсаттарын (мұғалімнің жұмыс 
істеуіне  бағдар)  және  оқыту  мақсаттарын  (оқушылардың  жұмыс  істеуіне 
бағдар),  оқу  процесінің  құралдары  мен  сатыларын  ашатын  сабақ 
жоспары.Мұғалім  қысқа  мерзімді  жоспарды  жоспарлағанда  сабақтың  мақсаты 
оқу  бағдарламасында  баяндалған  оқу  мақсаттарына  сәйкес  келуі  керек,  бірақ 
барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. 
Сабақ  мақсатында  оқушының  қадағалауға  болатын  іс-әрекеті, 
белсенділігі/мінез-құлқы  сипатталып,  оқушылар  оқу  нәтижесінде  не  істеуді 
үйренуге  тиіс  екені  жазылады.  Сабақ  мақсаттарын  тұжырымдау  барысында 
оқушылардың  сабақ  соңында  не  істей  алу  керектігі  тұрғысынан  белгілі  бір 
нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Бұл: 

сабақта  мұғалімнің  не  істейтініне  емес,  оқушылардың  немен 
айналысатынына назар аударуға; 

сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; 

оқуды бағалауды жеңілдетуге; 

оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.  
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер: 
1.  Сабақ  жоспарында  бөлек  бағанда  cабақта  қолданылатын 
дифференциация,  бағалау,  пәнаралық  байланыс,  АКТ  дағдылары  және 
құндылықтар нақты көрсетіледі. 
2. Рефлексиябөлігінде мұғалім өз сабағына қысқаша талдау жасап жазады, 
яғни,  сабақтың  сәтті  болған  тұстары  және  келесі  сабақта  дамыту  керек 
тұстарын анық көрсетеді [4]. 
Рефлексиялық  мәдениеті  қалыптасқан  адам  өзінің  тұлғалық  және  кәсіби 
стереотиптерін  шығармашылықпен  өзгерте  алады.  Бұл  –  өзіндік  сана,  өзін-өзі 
ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби 
мәнді сапалармен сипатталады.  
Рефлексиялық  қабілеті  дамыған  ұстаз  өз  оқушыларында  осы  сапаны 
дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай 
білім  алушыны  рефлексия  жасауға  дағдыландыру  мұғалімнің  басты 
міндеттерінің бірі болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі 
болуы  тиіс.  Сабақ  барысында  мұғалім  де  оқушылар  да  рефлексия  жасауды 
үйренеді.  
Рефлексия  деген  өз  жұмысына  талдау  жасау.  Осы  жерде  ұлы  данышпан 
Абайдың  қарасөздерімен  үндестікті  көре  аламыз.  «Егер  де  есті  кісілердің 
қатарында  болғың  келсе,  күнінде  бір  мәртебе,  болмаса  жұмасында  бір,  ең 
болмаса  айында  бір,  өзіңнен  өзің  есеп  ал!»-  деген,  біз  өзімізге  есеп  бере 
отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге 
іздейміз.  Педагогикалық  практикада  қолдануға  болатын  мысалдар  келтіре 
кетсек:  бастауыш  сынып  оқушылары  өзі  жасаған  әрекеттеріне  ауызша  баға 
беру,  суреттер  салу  түрінде,  ал  орта  және  жоғарғы  сынып  оқушылары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет