Метрология, стандарттау, сертификаттау



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата14.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#107634
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
 
(унификацияланған)
– 
өндірістік 
аспаптар мен автоматтандыру құралдарының Мемлекеттік жүйесіне
 
енетін ӨҚ. 
Бұл жүйе блоктық-модульдіқ принципі бойынша құрылады:
- 0,2 – 1 
2
/
см
кгс
(0,02 – 0.1 МПа) пневматикалық кіріс және шығыс 
сигналдары бар аспаптар; 
- электрлі кіріс және шығыс сигналдары бар аспаптар: 
а) 0-5, 0-20, 0-100 мА немесе 0-10 В тұрақты токтық; 
б) жиілігі 50 немесе 400 Гц; 1-0-1 В, 0-2 В, 1-3 В; 0-10 МГц, 10-0-10 МГц 
болатын айнымалы токтық;


25
- жиілігі 1500 -2500 Гц және 4000 – 8000 Гц болатын электр кіріс және 
шығыс сигналдары бар аспаптар. 
Бұл аспаптардың бір ізге салынған кіріс және шығыс сигналдары бар, бұл 
өлшеу құралдарының өзара алмасуын қамтамасыз етеді, екінші реттік өлшеу 
құрылғыларының түрлерін қысқартады, автоматтандыру құрылғыларының 
әрекет сенімділігін арттырады, компьютерлерді кең қолдануға жол ашады.
Тағайыны бойынша
ӨҚ үш категорияға бөлінеді: 
а) жұмыс өлшеуіштері, өлшеу аспаптары, өлшеу түрленгіштері; 
б) үлгілі жұмыс өлшеуіштері, өлшеу аспаптары, өлшеу түрленгіштері; 
в) эталондар. 
Жұмыс ӨҚ – 
халық шаруашылығының барлық салаларында күнделікті 
практикалық өлшеуге арналған ӨҚ

Жұмыс ӨҚ келесілер: 1) жоғары дәлдікті 
(зертханалық) ӨҚ; 2) техникалық ӨҚ. 
Үлгілі ӨҚ
– жұмыс өлшеу құралдарын 
тексеру
және 
бөліктендіру
үшін 
арналған ӨҚ. Үлгілі ӨҚ өлшеулерінің жоғарғы шегі тексерілетін аспаптың 
өлшеуінің жоғарғы шегінен жоғары немесе оған тең болуы қажет. Үлгілі ӨҚ 
рұқсат етілген қателігі сынаққа түсетін аспаптың рұқсат етілген қателігінен 
айтарлықтай (4-5 есе) аз болуы қажет.
Жұмыс ӨҚ Мемлекеттік стандартының бақылау зертханаларында 
тексеріледі. Үлгілі ӨҚ 1-ші разрядты мемлекеттік бақылау зертханаларында 
дәлірек үлгілі өлшеуіштермен, аспаптармен, түрлендіргіштермен тексеріледі. 
2-разрядты үлгілі ӨҚ 1-разрядты үлгілі ӨҚ бойынша салыстыру жолымен, ал 
1-разрядты үлгілі ӨҚ сәйкесті жұмыс эталондары көмегімен Мемлекеттік 
өлшеуіштер мен өлшеу аспаптары институттарынд» тексеріледі. 
Эталон 
– жоғары дәлдікпен өлшеуіш, басқа ӨҚ беру мақсатында шама 
бірлігін қайта орнына келтіру және сақтау үшін тағайындалған. Эталоннан 
физикалық шама бірлігі разрядтық эталондарға, ал разрядтық эталондардан - 
жұмыс эталондарына беріледі.
Келесі эталондар бар: біріншілікті, екіншілікті, жұмысшы (разрядтылық). 
Біріншілікті эталон
–қазіргі ғылыми-техникалық мүмкіндіктеріне сай аса 
жоғары дәлдікпен физикалық шама бірлігін қайта шығару эталоны. 
Біріншілікті эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін. 
Ұлттық эталон бастапқы өлшеу құралы ретінде метрология бойынша ұлттық 
органымен бекітіледі.
Халықаралық эталондарды өлшеуіштер және таразылар Халықаралық 
бюросы сақтайды және қолдайды. Оның міндеті әртүрлі елдердің ұлттық 
эталондарын халықаралық эталондармен, сондай-ақ өзара жүйелік түрде 
салыстырып байқау болады. ӨҚ жүйесінің негізгі шамаларының және одан 
шығарылған шамалар эталондары салыстыруға жатады. Салыстырудың 
белгіленген кезеңдері орнатылған: метр және килограмм эталондары әр 25 
жылда; электр және жарық эталондары – 3 жылда бір рет. 


26
Екіншілікті эталондар
– «эталондар-көшірмелер» мемлекеттік 
эталонымен салыстырылады және мөлшерді жұмыс эталондарында, ал жұмыс 
эталондары – төменірек разрядты эталондарына беру үшін қолданылады. 
Ең бірінші эталондар Францияда 1799 жылы ресми бекітілді және 
Францияның Ұлттық мұрағатына сақтауға берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет