43
сатып алушылырды ақпараттау үшін қолданылатын белгі. Сәйкестік туралы
белгіні пайдалануға рұқсатты (лицензияны) сертификаттау органы береді.
Сертификаттауда пайдалану үшін тағайындалған стандарттың «Қолдану
саласы» бөлімінде оларды сертификаттау мақсаттары үшін қолданылуы туралы
ескертілуі қажет. Стандартқа тек қана обьективті тексеруге мүмкін болатын
сипаттамалар енеді. Егер сынаулар реті олардың нәтижелеріне әсер ететін
болса, онда стандартта сынаулардың ретін көрсетеді. Бұзбайтын сынау әдістері
тиімдірек.
Өнімнің сәйкестігін бекітуді жүргізу тәртібі
міндетті сертификаттауға
қатысты белгіленген (соның ішінде импортталатын өнімге), бірақ ерікті
сертификаттауда да қолданылуы мүмкін. Өнімнің сертификаттауын жүргізудің
тәртібінің жалпы прициптері ISO/IEC-тің 2 Нұсқаулығына сәйкес келеді.
Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстарды басқару техникалық реттеудің
мемлекеттік жүйесі шеңберінде іске асырылады.
Сертификаттау бойынша
тікелей жұмысты сәйкестікті бекіту органдары және сынау зертханалары
жүргізеді.
Сертификаттау тәртібі:
а) өнімді сертификаттау үшін
сәйкестікті бекітетін органға
өтініш
түсіру;
осы орган бір ай ішінде өтінішті қарайды және өз өнімін сертификаттау
үшін өтінуші қай органды және қай сынау зертханасын таңдай алатындығы
жайлы шешімін хабарлайды;
б)
сынау зертханасы жүргізетін
үлгілерді таңдау, сәйкестендіру және
олардың сынауын жүргізу;
сынаулардан кейін сынау хаттамалары бір-бірден
өтінушіге және сәйкестендіруді бекіту жөніндегі органға беріледі; хаттаманың
сақтау мерзімі сертификаттың әрекет ету мерзіміне тең болады
в) өндірісті бағалау;
өндірісті
талдау өндірісті немесе сапаны басқару
жүйесін сертификаттауда жүргізіледі;
г) сәйкестік сертификатын беру;
б) және в) тармақшалар бойынша
сарапшының қорытындысы жасалады; бұл басты құжат, соның негізінде
сәйкестік бекіту жөніндегі орган сарапшының қорытындысын береді; осы
орган сәйкестікті беру және тіркеу нөмірін берудің негізін көрсетіп, сертификат
әзірлейді, онсыз сертификат жарамды болмайды.
Сәйкестік сертификатын алғанға дейін өлшеу құралдары мемлекеттік
метрологиялық бақылау және тексеруден өтуі қажет. Сәйкестік сертификаты
бекіту сұлбасымен тағайындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге
беріледі. Сертификатталған өнім үшін инспекциялық бақылау сертификаттың
әрекет етуінің және сәйкестендіруді қолданудың, бірақ жылына бір реттен кем
емес барлық мерзімінде жүргізіледі.
Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [2-5, 8,9] алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: