3.2 Сынақ жүргізу кезіндегі өлшемдер. Технологиялық процестер мен өндірісті басқару кезіндегі өлшем тиімділігін қамтамасыз ету шарттары
Өнеркәсіптік өндірісте өлшемдер барлық өндіріс шығындарының орташа 10% құрайды, ал экономикалық жеке салаларында, мысалы, радиотехникада және электртехникасында олар 50 % құрайды.
Егер де өлшемдердің нәтижелері өндірісті басқарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алса, ал өлшеу құралдарының метрологиялық қызмет көрсетуі ең төменгі түрде болса, онда өлшемдер ттиімді болып есептелінеді.
Өлшемнің тиімділігіне қажетті:
өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету;
қажетті өлшем дәлдігін анықтау кезінде өлшенетін параметрлердің техникалық жабдық өнімділігімен, өнімнің өзіндік құнымен және сапасымен, еңбек қауіпсіздігімен және экологиялық қауіпсіздігімен байланысын ескеру қажет;
өндіріс сферасында да, өнімді қолдану кезінде де өлшем қателігінің салдарынан пайда болған экономикалық шығындарды және өзге де жағымсыз зардаптарды ескеру қажет.
Нақты технологиялық параметрлердің дәлдік өлшемінде ерекше талаптардың болмаған жағдайында келесі шарттар ұсынылады:
өнімнің өндіріс шығындарының өлшем қателігіне тәуелді бөлігін төмендету;
өлшемге жұмсалатын көп шығындар кезінде экономикалық критерилер бойынша өлшем дәлдігін оңтайландыру қажет;
қателігі өлшемнің тиімділігімен сәйкес келетін ең маңызды өлшенетін параметрлерді айқындау, егер де келесі шарт орындалса:
(3.2.1)
мұндағы, Ш — есептеу кезіндегі өлшем шығындары;
Ы — сол кезіндегі өлшем қателігінің салдарына келетін ысырап.
Өлшем дәлдігі қанағаттандырарлықтай деп есептелінеді, егер де келесі шарт орындалса:
(3.2.2)
мұндағы δ — өлшемнің салыстырмалы қателігінің шекарасы (белгі есебінсіз); δд — өлшенетін параметрдің шекті ауытқуының номиналды мәннен салыстырмалы мәнінің шекарасы, немесе өлшенетін параметрдің рұқсат мәндерінің жарты интервалының салыстырмалы мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |